• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 717 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 14 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
63-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 63-1 және 66-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«63-1-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері»;
«66-1-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың жауапкершілігі»;
2) 73-баптың 2-тармағындағы, 79-баптың 3-тармағындағы, 97-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі, 108-баптың 3-тармағының екінші және төртінші бөліктеріндегі, 110-бапта, 111-баптың 4-тармағындағы, 112-баптың 1-тармағының бірінші және үшінші бөліктеріндегі, 198-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі, 202-баптың 2-тармағындағы, 204-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіндегі, 205-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі, 206-баптың 7-тармағының бірінші бөлігіндегі, 208-баптың 9-тармағындағы, 228-баптың 1-тармағындағы, 234-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі, 237-баптың 2-тармағындағы, 268-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі, 274-баптың 5-тармағындағы, 278-баптың 3-тармағындағы, 4-тармағындағы, 5-тармақтың екінші бөлігіндегі, 6-тармағындағы, 280-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі, 288-баптың 3-тармағындағы, 289-баптың 2-тармағындағы, 291-баптың 3-тармағында екінші бөлігіндегі, 296-баптың 3-тармағындағы, 302-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі, 319-баптың 5-тармағындағы, 325-баптың 3-тармағының бесінші бөлігіндегі, 329-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі, 334-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы, 347-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі, 350-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі, 353-баптың 2-тармағындағы, 372-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі, 375-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі, 385-баптың 2-тармағындағы, 386-баптың 1-тармағындағы, 397-баптың 2-тармағындағы, 404-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы, 413-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы, 417-баптың 3-тармағындағы, 419-баптың екінші бөлігіндегі, 421-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мен 2-тармағындағы, 424-баптың 1- тармағының бірінші бөлігіндегі, 425-баптың 2-тармағындағы, 462-баптың 5-тармағындағы, 467-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі, 469-баптың 3-тармағындағы, 472-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі, 476-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі «Кеден одағы комиссиясының шешімімен» деген сөздер «Комиссияның шешімімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 82-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Кеден одағы комиссиясының шешімдері мен түсініктемелері» деген сөздер «Комиссияның шешімімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-баптың 1-тармағының 40) және 50) тармақшаларындағы, 123-баптың 3 және 4-тармақтарындағы, 244-баптың 1-тармағындағы, 281-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 301-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі, 386-баптың 1-тармағындағы «Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен» деген сөздер «Комиссия шешімімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 4-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бірыңғай тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы;»;
6) 30-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден өкілі, мұндай міндетті орындау:
1) тауарлар шығарылғаннан кейін тауарлар орналастырылған кедендік рәсімдердің талаптары мен шарттарын сақтауға;
2) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдалана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге, сондай-ақ оларды орындау тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу және есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді берудің міндетті шарты болып табылатын өзге шарттарды орындауға;
3) олардың негізінде кедендік декларация берілген декларанттан не мүдделі тұлғадан алынған көрінеу дұрыс емес (жалған) мәліметтерді және (немесе) қолдан жасалған құжаттарды пайдалануға байланысты жағдайларды қоспағанда, толық көлемде кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі ортақ міндетті көтереді.»;
7) 62 және 63-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«62-бап. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары
1. Мыналар:
1) осы тармақшаның екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылатын күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір миллион евроға баламалы сомаға кемінде бір жыл мерзімге осы Кодекстің 16-тарауында көзделген тәртіппен осындай қамтамасыз етудің болуы;
тауарларды өндіру қызметін жүзеге асыратын және (немесе) Комиссияның шешімімен айқындалған критерийлерге сәйкес келген кезде кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды экспорттаушы тұлғалар мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша жүз елу мың евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынады;
2) уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу үшін кеден органына жүгінген күнге дейін әрбір жыл үшін кемінде он тауарға арналған декларациясы болған кезде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;
3) кеден органына өтініш берген күні Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің болмауы;
4) кеден органына өтініш берген күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектердің (бересінің) болмауы;
5) кеден органына өтініш берген күні өтініш берушінің, құрылтайшылардың, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлердің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес өтелмеген соттылығы фактілерінің болмауы;
6) өтініш берушінің кеден органына өтініш берген күні бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 404, 405, 409, 410, 411, 412, 413, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 426 – 434, 438, 438-1-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы;
7) кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің болуы;
8) өтініш берген күнге дейін үш жылдық кезеңді тексеруді қамтитын, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың евроны құрайтын жеке капиталы туралы және бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесінің бухгалтерлік есеп жүргізудің жалпыға бірдей қабылданған қағидаттарына сәйкестігі туралы ақпараты бар аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық есептердің болуы;
9) бұл тиісті құжаттармен расталатын, жеке құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалға алу (қосалқы жалға алу) құқығындағы не өзге заңды негізде үй-жайлардың, ашық алаңдардың және өндірістік операциялар жүзеге асырылатын өзге аумақтардың болуы уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары болып табылады.
2. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алғаннан кейін бір жыл өткен соң уәкілетті экономикалық оператор мынадай:
1) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жүгінген күнге дейін әрбір жыл үшін кемінде жиырма тауарға арналған декларациясы болған кезде уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті алған күнінен бастап сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруы;
2) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жүгінген күні Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бір жыл ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегінің болмауы;
3) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға жүгінген күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бір жыл ішінде берешегінің (бересінің) болмауы;
4) уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің қолданылуы осы Кодекстің 63-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрғаны жөнінде негіздердің болмауы;
5) өтініш берген күнге дейін бір жыл ішіндегі кезеңді тексеруді қамтитын, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың евроны құрайтын жеке капиталы туралы және бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесінің бухгалтерлік есеп жүргізудің жалпыға бірдей қабылданған қағидаттарына сәйкестігі туралы ақпараты бар аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық есептердің болу шарттарын сақтаған кезде қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.
63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, тоқтата тұру және кері қайтарып алу тәртібі
1. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік алу үшін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға осындай тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкестігін растайтын мәліметтері бар, заңды тұлға басшысының қолы қойылған және мөрмен куәландырылған өтінішті, сондай-ақ мынадай құжаттарды:
1) оларды мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігін қоспағанда, құрылтай құжаттарының көшірмелерін және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
2) нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін толтырылған сауалнаманы;
3) кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың біреуін:
кеден органының ақшаны уақытша орналастыру есеп-шотына ақша аудару туралы төлем құжатының көшірмесін;
төлеуші мен кеден органы арасында жасалған мүліктік кепіл және кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебін;