• Мое избранное
«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №132 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №132 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №132 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №132 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидасында:  
2-тармақтың 1)-тармақшасында мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ветеринария саласындағы уәкілетті мекеме ведомствосы (бұдан әрі- уәкілетті мекеме ведомствосы) – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды ветеринария саласындағы уәкілетті мекеменің комитеті жүзеге асырады»;
4-тармақтың 2)-тармақшасында мынадай редакцияда жазылсын:  
«2) Бірінғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға келісе отырып қолданылатын, реттеу шараларына сай ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға ұсынысынылатын, Кедендік одақ (бұдан әрі - тұлға және бірінғай ұжымдар реестрі) кедендік аймағына әкелінетін өндірістік іске асырылатын, қайта өндіру және (немесе) бақылаудағы тауарларды сақтау, өндірістер немесе тұлға және бірінғай ұжымдар реестріндегі тұлғалар саны;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Импортқа/экспортқа рұқсаттың жарамдылық мерзімі әкелуге/әкетуге берілген рұқсатта айқындалған көлемде күнтізбелік жылды құрайды. Транзитке рұқсаттың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 60 күнтізбелік күннен артық емес.»;
8-тармақтың бірінші бөлімінде:
7)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:  
«7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті сақтауды (қайта өндіру, тарату) іске асыратын өндірістің атын көрсету және объектің нөмірімен Кедендік одақтың кедендік аймағында тағайындау тармағында;»;
мынадай мазмұндағы 10),11),12)-тармақшалармен толықтырылсын:
«10) тасымалданатын объектінің мінездемесі;
11) объектінің орналасуы
12) тасымалданатын объектінің карантин, өндіру, сақтау талаптары.»;
8-тармақтың екінші бөлімінде:
2)- тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ветеринариялық зертхана зерттеулерінің сараптама актісі (сынама хаттамасы).»
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) Халықаралық эпизоотиялық бюро Кодексінің стандарттарымен, ұсыныстарымен және басшылығымен, санитариялық фитосанитариялық шараларды қолдану бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымының Келісімімен сәйкес жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздыққа байланысты жеке елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу. Мұндай ақпарат үшінші елдің құзыретті органдарымен байланысын қоса алғанда тексерілген болуы қажет;
2) Кедендік одақтың құқықтық актілерімен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптармен, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасымен немесе екі жақты ветеринариялық сертификатпен сәйкес, мұндай болған жағдайда ветеринариялық-санитариялық талаптармен сәйкессіздігінен ветеринариялық-санитариялық қауіптің қолайсыз деңгейі;
3) 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 Кедендік одақтың Комиссия шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалау) жататын тауарларға ұсынылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бойынша қолданылатын реттеу шараларына сәйкес Бірыңғай реестрде кәсіпорын, ұйым немесе тұлғаның жоқтығы (егер Кедендік одақтың ережесімен талап етілсе);
4) өтініште көрсетілген жеке экспорттаушы-кәсіпорынға (экспорттаушы-кәсіпорындардың тобы) қатысты уақытша шектеулер енгізу;
5) бақылау астындағы тауарлардың әкелімі жоспарланатын немесе жүру маршруты өтетін аймақ арқылы Қазақстан Республикасының аумағына шектеу шараларын (карантинді) енгізу (егер тиісті бақылау астындағы тауарлар шектеу шаралары (карантин) енгізілгендерге қатысты аурудың таратушысы (тасымалдаушысы) бола алатын жағдайда).»;
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің атауы, оның мөлшері мен жүру маршруты, сондай-ақ, заңды тұлғаларға – атауы, өндірістік объектінің мекен-жайы мен санақ номері, жеке тұлғаларға – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғалардың аты-жөні, тұратын мекен-жайы көрсетілумен телетайбағдарлама түрінде ветеринариялық бақылауға (қадағалау) жататын тауарларға ұсынылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бойынша қолданылатын реттеу шараларына сәйкес Бірыңғай реестрде кәсіпорын, ұйым немесе тұлға бар болған жағдайда орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат береді;»;
Келесі мазмұн 20-1 тармағымен толықтырылсын:
«20-1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат беруден бас тарту үшін негізгілері болып табылады:
1) осы Ереженің 20 тармағында көрсетілген, ақпараттардың болмауы;
2) Халықаралық эпизоотиялық бюро Кодексімен және Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тiзбесiмен анықталған жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің эпизоотиялық таза емес жағдайы, шығу (тұру) орны және/немесе кадағалау;  
3) белгіленген аймаққа орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкеліміне шектеу.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С. Ахметов
«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №132 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с

Жобада бейнеленуге тиісті мәліметтердің тізбесі

Әзірлеген мемлекеттік органның ақпараты

1.



Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 5 бабы 14 тармақшасына сәйкес.

2010 жылғы 18 шілдедегі №317 Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында және Кеден одағының кедендік территориясында және ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын, ұсынылған тауарларға, Біріңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бойынша ветеринариялық бақылауды атқаратын Біріңғай тәртіп туралы Ережесіне сәйкес.

3.

Жоба қабылданған жағдайда көзделетін әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау ешқандай теріс әлеуметтік-экономиқалық және/немесе құқықтық салдарларға душар етпейді және эпизоотиялық жағдайды бағалау бойынша тиісті территорияда орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге экспортқа, импортқа және транзитке ұлықсат беру қағидасын оңтайландырады

4.

Жобаны жүзеге асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар

Жобаны іске асыруға байланысты қаржы шығындары қажет етілмейді

5.































Жобаны қабылдаған жағдайда күткен нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері, енгізілген ұсыныстардың тиімділігі



Жобаны қабылдау, эпизоотиялық жағдайды бағалау бойынша тиісті территорияда орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге экспортқа, импортқа және транзитке ұлықсат беру қағидасын оңтайландырады

6.



Президенттің және/ немесе Үкіметтің қандай нормативтік құқықтық актілері жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданды және оларды әзірлеуші қалай орындағаны туралы мәліметтер

«Эпизоотиялық жағдайды бағалау бойынша тиісті территорияда орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге экспортқа, импортқа және транзитке ұлықсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №132 Қаулысы

7.

Заңнамалықты кейіннен жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Қ ажет емес

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа да мекемелерде өткізген жағдайда (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) қосымша сұрыптау нәтижесі

Жүргізілген жоқ







9.

Басқа мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы).

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz (ҚРҮҚ жобасы каз-рус, 123 килобайт) интернет-ресурсында орналасқан.

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Қаулы жобасы әлеуметтік маңызы жоқ

Министр А. Мамытбеков 
«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №132 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының салыстырмалы кестесі
 

Құрылымдық

элемент

Қолданыстағы редакциясы



Ұсынылып отырған редакциясы

Негіздеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 132 қаулысымен бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары

2 тармақтың 1) -тармақшасы











1) ветеринария саласындағы уәкілетті мекеме ведомствосы (бұдан әрі- уәкілетті мекеме ведомствосы) – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды ветеринария саласындағы уәкілетті мекеменің комитеті жүзеге асырады;











1) ветеринария саласындағы уәкілетті мекеме ведомствосы (бұдан әрі- уәкілетті мекеме ведомствосы) – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды ветеринария саласындағы уәкілетті мекеменің комитеті жүзеге асырады;











2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабының 21 тармақшасында Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» заңында «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік мекеме» сөзі «ветеринария саласындағы уәкілетті мекеме» сөзімен өзгертілген.

4-тармақтың 2)-тармақшасы

2) кәсіпорынның немесе тұлғаның Кеден одағының аумағына әкелінетін бақылаудағы тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі ұйымдар мен тұлғалардың бірыңғай тізілімі) болуын;

2) Бірінғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға келісе отырып қолданылатын, реттеу шараларына сай ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға ұсынысынылатын, Кедендік одақ (бұдан әрі - тұлға және бірінғай ұжымдар реестрі) кедендік аймағына әкелінетін өндірістік іске асырылатын, қайта өндіру және (немесе) бақылаудағы тауарларды сақтау, өндірістер немесе тұлға және бірінғай ұжымдар реестріндегі тұлғалар саны;



8-тармақтың бірінші бөлімінде

7)-тармақшасы

7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (қайта өңдеуді, сатуды) жүзеге асыратын өндіріс объектілері мен олардың есептік нөмірін, Қазақстан Республикасы аумағындағы белгіленген пункті

7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті сақтауды (қайта өндіру, тарату) іске асыратын өндірістің атын көрсету және объектің нөмірімен Кедендік одақтың кедендік аймағында тағайындау тармағында



7-тармақ

7. Импортқа рұқсаттың жарамдылық мерзімі әкелуге берілген рұқсатта айқындалған көлемде күнтізбелік жылды құрайды. Экспортқа және транзитке рұқсаттың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 60 күнтізбелік күннен артық емес.

7. Импортқа/экспортқа рұқсаттың жарамдылық мерзімі әкелуге/әкетуге берілген рұқсатта айқындалған көлемде күнтізбелік жылды құрайды. Транзитке рұқсаттың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 60 күнтізбелік күннен артық емес.



8-тармақтың бірінші бөлімінде

жаңа тармақшылар

жоқ

10) тасымалданатын объектінің мінездемесі;

11) объектінің орналасуы

12) тасымалданатын объектінің карантин, өндіру, сақтау талаптары.



8-тармақтың екінші бөлімінде

2)-тармақшасында



2) ветеринариялық зертхана зерттеулерінің сараптама актісі .

2) ветеринариялық зертхана зерттеулерінің сараптама актісі (сынақ хаттамасы).

2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабының 40) тармақшасының «Ветеринария туралы» Заңында мынадай редакцияда мазмұндалған: «40) сараптама актісі (сынақ хаттамасы) – ветеринариялық зертханалар беретін диагностикалық қортынды немесе тасымалданатын (орын ауыстырылатын) объектілердің ветеринариялық-санитариялық сараптама құжаты.»

12-тармақ

12. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) импорттаушы ел жануарларының жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздыққа байланысты жеке елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу;

2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын экспорттаушы елдің сақтамауы;

3) ұйымдар мен тұлғалардың бірыңғай тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның болмауы.

12. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) Халықаралық эпизоотиялық бюро Кодексінің стандарттарымен, ұсыныстарымен және басшылығымен, санитариялық фитосанитариялық шараларды қолдану бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымының Келісімімен сәйкес жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздыққа байланысты жеке елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу. Мұндай ақпарат үшінші елдің құзыретті органдарымен байланысын қоса алғанда тексерілген болуы қажет;

2) Кедендік одақтың құқықтық актілерімен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптармен, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасымен немесе екі жақты ветеринариялық сертификатпен сәйкес, мұндай болған жағдайда ветеринариялық-санитариялық талаптармен сәйкессіздігінен ветеринариялық-санитариялық қауіптің қолайсыз деңгейі;

3) 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 Кедендік одақтың Комиссия шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалау) жататын тауарларға ұсынылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бойынша қолданылатын реттеу шараларына сәйкес Бірыңғай реестрде кәсіпорын, ұйым немесе тұлғаның жоқтығы (егер Кедендік одақтың ережесімен талап етілсе);

4) өтініште көрсетілген жеке экспорттаушы-кәсіпорынға (экспорттаушы-кәсіпорындардың тобы) қатысты уақытша шектеулер енгізу;

5) бақылау астындағы тауарлардың әкелімі жоспарланатын немесе жүру маршруты өтетін аймақ арқылы Қазақстан Республикасының аумағына шектеу шараларын (карантинді) енгізу (егер тиісті бақылау астындағы тауарлар шектеу шаралары (карантин) енгізілгендерге қатысты аурудың таратушысы (тасымалдаушысы) бола алатын жағдайда).



15-тармақтың 1) тармақшасы

1) ұйымдар мен тұлғалардың біріңғай тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның бар болуы шартымен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсатты (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауын, оның көлемін және жүру маршрутын, сондай-ақ, орны ауыстырылатын (тасымалданатын объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын: заңды тұлғалар үшін атауын, мекен-жайын және ведомство берген өндірістік объектінің есептік нөмірін, жеке тұлғалар үшін тегін, атын, әкесінің атын және тұрғылықты мекен-жайын көрсете отырып, телетайпограмма түрінде) береді;

1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің атауы, оның мөлшері мен жүру маршруты, сондай-ақ, заңды тұлғаларға – атауы, өндірістік объектінің мекен-жайы мен санақ номері, жеке тұлғаларға – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғалардың аты-жөні, тұратын мекен-жайы көрсетілумен телетайбағдарлама түрінде ветеринариялық бақылауға (қадағалау) жататын тауарларға ұсынылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бойынша қолданылатын реттеу шараларына сәйкес Бірыңғай реестрде кәсіпорын, ұйым немесе тұлға бар болған жағдайда орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат береді;



жаңа тармақ 20-1

жоқ

20-1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат беруден бас тарту үшін негізгілері болып табылады:

1) осы Ереженің 20 тармағында көрсетілген, ақпараттардың болмауы;

2) Халықаралық эпизоотиялық бюро Кодексімен және Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тiзбесiмен анықталған жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің эпизоотиялық таза емес жағдайы, шығу (тұру) орны және/немесе кадағалау;

3) белгіленген аймаққа орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкеліміне шектеу.



Министр А. Мамытбеков