• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесiн бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесiн бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында
3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесiн бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 8-тармағына, сонымен қатар «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса берілген Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі бекітілсін.
Мыналардың күші жойылды деп танылсын:  
1) «Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйек № 1379 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1379 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2009 жылғы 31 наурыздағы № 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 154-құжат).
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы
« » №
қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесi
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының радиоқызметтерi арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейiнгі жиiлiктер диапазонындағы жиiлiктер белдеулерiн бөлу кестесi (бұдан әрі − Кесте) радиоэлектрондық құрылғыларға (бұдан әрі − РЭҚ) тапсырыс беруші, жасаушы немесе оларды шет елдерден сатып алушы, сондай-ақ қолданыстағы РЭҚ-да жиіліктерді пайдалануды жоспарлауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы жиіліктерді бөлу және пайдалану шарттарын регламенттейтін құжат болып табылады. Алайда Кесте Қазақстан Республикасының Үкіметі осы міндеттерді шешу үшін уәкілеттік берген тиісті мемлекеттік органның тиісінше ресімделген рұқсатын алмай жиілік жолақтарын (номиналдарын) РЭҚ-ны жасау, өндіру, шетелден әкелу және пайдалану үшін қолдану құқығын бермейді.  
Жаңадан жасалынып (жетілдіріліп) жатқан РЭҚ‑ға жиілік жолақтарын (номиналдарын) бөлуді Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі − ҚР РЖВК) жүзеге асырады, ал РЭҚ‑ны азаматтық мақсатта пайдалану үшін жұмыс жиіліктерін тағайындауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда РЭҚ-тың жекелеген типтері үшін РЭҚ-тар Кестеде осы жолақ көзделген құралдарға, сондай-ақ үкіметтік мақсаттағы РЭҚ-ға кедергілер тудырмайтын жағдайда Кестеден тыс жиілік жолақтары (номиналдары) бөлінуі мүмкін.  
Кестенің негізіне Халықаралық электр байланыс одағы бекіткен Радиобайланыс регламентінің жиіліктер бөлу кестесінде (бұдан әрі – Радиобайланыс регламентінің кестесі) белгіленген жиіліктер жолағын бөлу енгізілген. Радиобайланыс регламентінің кестесіне өзгерістер кезекті Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы өткеннен соң енгізіледі. Ұлттық бөлу Кестесіне өзгерістер, радиожиіліктік спектрін пайдаланудың қазіргі жай-күйін ескере отырып, қажет болған жағдайда, бірақ 5 жылда бір реттен сирек болмай енгізілуі мүмкін.  
2. Қолданылатын қысқартулар мен анықтамалар  
1) қысқартулар:
ДРК ─ Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясы;
ҚР РЖВК ─ Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы;
ҒНЖЖ ─ Ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйе;
АҚГТЖ ─ Апат кезіндегі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғаламдық теңіздегі жүйе;
«Жер - ғарыш» ─ Жер станциясынан ғарыш станциясына ақпарат беру радио желісі;
«ғарыш - Жер» ─ Ғарыш станциясынан жер станциясына ақпарат беру радио желісі;
«ғарыш - ғарыш» ─ Ғарыш станцияларының арасындағы ақпарат беру радио желісі;
ЖЖС ─ Жердің жасанды серігі;
ЭИСҚ ─ Эквивалентті изотропты сәулелену қуаты;
ХЭО-Р ─ Халықаралық электр байланысы одағы, радиобайланыс секторы;
РЛС ─ Радиолокациялық станция;
ҚР ─ Қазақстан Республикасы;
РЭҚ ─ Радиоэлектронды құрылғы;
РР ─ Радиобайланыс регламенті;
GSM ─ Global System for Mobile communications (Жаһандық ұтқыр байланыс жүйесінің стандарты);
IMT ─ International Mobile Telecommunications (Халықаралық ұтқыр байланыс стандарты);
IMO ─ Халықаралық теңіз ұйымы;
MSI ─ Теңіздегі қауіпсіздікке байланысты ақпарат;
2) жалпы анықтамалар:
электр байланысы ─ кез келген түрдегі белгілерді, сигналдарды, жазбаша мәтіндерді, бейнелер мен дыбыстарды немесе хабарларды сым бойымен, радиомен, оптикалық немесе басқа электромагниттік жүйелермен тарату, сәулелену немесе қабылдау;
сәулелену ─ құрылған радиотаратушы станциясының радиациясы немесе радио таратушы станциялар радиациясын жасау;
радиация ─ кез келген көзден шығатын радиотолқындар нысанындағы энергия ағыны;
радио ─ радиотолқындарды қолданғанда пайдаланылатын жалпы термин;
радиотолқындар немесе Герц толқындары ─ кеңістікте жасанды толқын жолсыз таралатын, жиілігі 3000 ГГц шамадан төмен шектелетін электромагниттік толқындар;
радиобайланыс ─ радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электробайланыс;
метеорлық радиобайланыс ─ иондалған метеорлар іздерінен шағылысудан таралатын радиотолқын арқылы жүзеге асырылатын электробайланыс;
жер бетіндегі радиобайланыс ─ ғарыш радиобайланысы мен радиоастрономияны қоспағанда кез келген радиобайланыс;
ғарыш радиобайланысы ─ бір немесе бірнеше ғарыш станциясы немесе бір немесе бірнеше шағылыстырғыш жерсеріктер немесе мен ғарыштағы басқа да объектілер пайдаланылатын кез келген радиобайланыс;