Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 63-1-жолмен толықтырылсын:
«
63-1. |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 аумағында cауда ойын-сауық орталығының құрылысы бойынша ұсыныстар әзірлеу |
Үкіметке ақпарат |
ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
2014 жылғы шілде |
талап етілмейді |
».
3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың қайтарылуын жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығы объектілерін сату есебінен қамтамасыз етсін;
2) Жартыжылдық және жылдың қорытындылары бойынша Жоспардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне 30 шілдеден және 30 қаңтардан кешіктірмей жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жартыжылдық және жылдың қорытындылары бойынша Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне 15 тамыздан және 15 ақпаннан кешіктірмей берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары
ҚР Үкіметінің 08.09.2020 жылғы № 557 Қаулысына сәйкес Жоспардың бүкіл мәтін бойынша «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы», «Бәйтерек девелопмент» АҚ» деген сөздер тиістік септіктегі «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы», «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ» деген сөздермен ауыстырылды (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) Жоспардың бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамына», «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ» деген сөздер тиісінше «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамына», «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ» деген сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 07.02.2022 жылғы № 55 Қаулысына сәйкес (08.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының (бұдан әрі – СОО) объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі (бұдан әрі – ЭКСПО-2017) аумағында жылжымайтын мүлік (машина орындарын қоса алғанда, тұрғын үйдің жалпы алаңының ажырамас бөлігі болып табылатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар) және СОО объектілерін қаржыландырудың, басқарудың, құрылысын салудың және сатудың негізгі шарттарын айқындау мақсатында қабылдады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – ҚР ҰҚБК шешімі) 2014 жылғы 11 маусымдағы № 01-7.7 шешіміне сәйкес осы Жоспардың 1-тармағында көрсетілген объектілердің құрылысын қаржыландыру үшін қаражаттың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамына бөлінуін қамтамасыз етеді.
3. «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 01-7.7 шешіміне сәйкес «Люкс недвижимость Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, «BI Group Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі – тұрғын үй бойынша жобалау компаниялары) және «Mega Plaza» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі – СОО бойынша жобалау компаниясы) (бұдан әрі бірге – тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары) қаржыландыру үшін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ) қаражаттың бөлінуін қамтамасыз етеді.
4. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларымен осы Жоспарда және ҚР ҰҚБК шешімінде айқындалған негізгі талаптарда инвестициялау шарттарының жасалуын қамтамасыз етеді. Инвестициялау шарттарының кейінгі талаптарын «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ айқындайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының қайтарымдылығы шараларын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары үшін міндетті болып табылады.
5. Көрсетілген компаниялар аванстық төлемді сақтандыру шарттарын берген жағдайда тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларына инвестициялаудың жалпы сомасының 20 %-дан аспайтын мөлшерде аванстық төлем берілетін болады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2016 жылғы № 12 Қаулысымен (01.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Бұл ретте аванстық төлемді сақтандыру шарты сақтандыру шартында көзделген, оның ішінде бөлінген қаражат мақсатсыз пайдаланылған және инвестициялау шарты бұзылған жағдайларда сақтандыру сомасын төлеу жөніндегі сақтандыру компаниясының сөзсіз міндеттемесін көздеуі тиіс.
Құрылысты кейіннен қаржыландыру тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің нақты орындалуына қарай жүзеге асырылады.
Тұрғын үй бойынша жобалау компанияларына көрсетілген компаниялар ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына инвестициялау шарттары бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылатын мерзіммен кері қайтарылмайтын банк кепілдігін берген, сондай-ақ «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен қосымша аванстық төлемнің сомасына жоспарланатын шығыстарды келіскен жағдайда, әрбір компания бойынша инвестициялаудың жалпы сомасының 30%-ынан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.
Банк кепілдігін Standard&Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған, Standard&Poor’s және Fitch Ratings шәкілі бойынша «B-» төмен емес және Moody’s Investors Service шәкілі бойынша «B3» төмен емес шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банк беруге тиіс, көрсетілген рейтингтер «кері қайтарып алынған» немесе «тоқтатылған» жағдайында болмауға тиіс.
Бірнеше рейтингтік агенттіктердің рейтингі болған жағдайда, ең төмен рейтинг есепке алынады.
СОО бойынша жобалау компаниясына көрсетілген компания ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шартын, корпоративтік кепілдікті және бұрын ұсынылған жылжымайтын мүлік кепілдіктерін ұсынған жағдайда, инвестициялаудың жалпы сомасының 60 %-нан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.
5-тармақтың жетінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.06.2016 жылғы № 386 Қаулысына сәйкес (13.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Бұл ретте, ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шарты сақтандыру шартында көзделген жағдайларда, оның ішінде бөлінген қаражат мақсатсыз пайдаланылған және инвестициялау шарты бұзылған жағдайларда сақтандыру компаниясының сақтандыру сомасын төлеу бойынша сөзсіз міндеттемесін көздеуге тиіс.
СОО бойынша жобалау компаниясына қосымша аванстық төлем екінші деңгейдегі банктегі эскроу шотта орналастырылады. Эскроу шотта орналастырылған қаражатты пайдалану «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен келісу бойынша жүзеге асырылады.
6. Жылжымайтын мүлік және СОО объектілерінің құрылысы, оның ішінде құрылыс құнының қымбаттауы жөніндегі барлық тәуекелдер тиісінше тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларына жүктеледі.
7. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары техникалық қадағалауды және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ айқындаған мамандандырылған компанияны тартады.
8. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен келісім бойынша «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және олардың құрылыс жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындауына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалануына байланысты ақпаратты, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты кез келген уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беруіне мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.
Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ға қаражаттың игерілуі және құрылыс бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ белгіленген нысан бойынша және мерзімде жібереді.
9. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары нормативтік мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ала отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен меншікті қаражаты есебінен жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлейді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.01.2016 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (01.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
10. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары 2016 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды, жылжымайтын мүлік объектілері мен СОО пайдалануға беруді, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілеріне әрбір қатысушының салымына пропорционал меншік құқығын және СОО үлестік ортақ меншікті тіркеуді қамтамасыз етеді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 884 Қаулысына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
11. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары «Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – ұлттық компания) заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскелерін тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының меншігіне төлемді бөліп төлеу арқылы (ұлттық компанияның пайдасына екінші ауыртпалықта болу құқығы беріледі) ақылы беру және жылжымайтын мүлік объектілеріне, іргелес аумаққа, әрлеуге, қолданылатын технологиялар мен жабдықтарға қойылатын талаптар жөніндегі мәселені пысықтайды.
12. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары үшін құрылыс және бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындау критерийлері:
1) 2016 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды, жылжымайтын мүлік объектілері мен СОО пайдалануға беруді, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілеріне әрбір қатысушының салымына пропорционал меншік құқығын және СОО үлестік ортақ меншікті тіркеуді қамтамасыз ету;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 884 Қаулысына сәйкес (30.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2) ЖСҚ-ға сәйкес тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының техникалық қадағалау және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапты мамандандырылған компания растаған құрылыс-монтаж жұмыстарын уақтылы орындауы;
3) техникалық қадағалау және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапты мамандандырылған компанияның орындалған жұмыстардың құнын растауы бар қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
4) нормативтік мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ала отырып, ЖСҚ беруді қамтамасыз ету;
5) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде:
жер учаскелерін;
тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының жарғылық капиталындағы қатысушылардың қатысу үлестерінің 100 %;
ЖСҚ;
аяқталмаған құрылыс объектілерін беру болып табылады.
Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары құрылыс жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындамаған және/немесе бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланған, сондай-ақ «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ және тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары арасындағы инвестициялау шарттарында көзделген жағдайлар туындаған жағдайда, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ бұл инвестициялау шарттарын мерзімінен бұрын бұзуға құқылы және тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының мақсатсыз пайдаланған қаражатты қайтаруын қамтамасыз етеді.
2. Жылжымайтын мүлік объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату шарттары «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ ЭКСПО-2017 үшін
13. жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын жүзеге асыратын тұрғын үй бойынша жобалау компанияларын мынадай негізгі шарттарда қаржыландыруды қамтамасыз етеді:
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ инвестициялайтын қаражат сомасы |
- |
40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аспайды; |
Құрылыс кезеңіне сыйақы мөлшерлемесі |
- |
инвестициялау сомасына есептелетін жылдық 0,5 % және жартыжылдық төлемдермен төленеді; |
Сыйақыны алғашқы төлеу күні |
- - |
2014 жылғы 1 желтоқсан; құрылыс жүзеге асырылатын жер учаскелері (жер учаскелері «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-да бастапқы кепілде болуы тиіс), аяқталмаған құрылыс объектілері және ЖСҚ; |
Міндетті шарттар |
- |
1) Тұрғын үй бойынша жобалау компаниялары меншікті қаражаты есебінен ЖСҚ әзірлейді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алады және жер телімдерін сатып алады; |
ЭКСПО-2017 өткізу кезеңінде «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тану үшін тіркеу дерекнамасының шарттарын ескере отырып, салықтарды қоса алғанда, жылжымайтын мүлік объектілеріне қызмет көрсетуге байланысты барлық шығыстарын өтей отырып, тұрғын үй объектілерінің құнынан жылдық 0,5 % мөлшеріндегі сыйақы үшін ұлттық компанияға «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ға тиесілі тұрғын үй объектілерін, Астана қаласындағы қолданыстағы ресми тарифтер бойынша уақытша пайдалануға береді.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚҚ бөлінген қаражаттың қайтарылуын меншікке берілген жылжымайтын мүлік объектілерін сату жолымен қайтаруды қамтамасыз етеді.
Бұл ретте «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ тұрғын үй бойынша жобалау компанияларына жылжымайтын мүлік объектілерін 2 жыл мерзімге және бөліп төлеу мүмкіндігімен сату құқығын бере алады.
3. Сауда ойын-сауық орталығын қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату шарттары
14. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ СОО (өзіндік құны бойынша 1 ш.м. үшін 310000 теңгеден аспайтын құн бойынша жалпы алаңы кемінде 138000 ш.м.) құрылысын салу үшін СОО бойынша жобалау компаниясына мынадай негізгі шарттармен қаржыландыруды қамтамасыз етеді:
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ инвестициялайтын қаражат сомасы |
- |
37 000 000 000 (отыз жеті миллиард) теңгеден аспайды; |
Құрылыс кезеңіне сыйақы мөлшерлемесі |
- |
жылдық 2,5 % инвестицияланған қаражаттың сомасына және капиталдандырылған пайыздардың сомасына есептеледі және жартыжылдық негізде капиталдандырылады; жылдық 0,5 % инвестицияланған қаражаттың сомасына және капиталдандырылған пайыздардың сомасына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді; |
Жылдық 0,5 % мөлшеріндегі сыйақыны алғашқы төлеу күні |
- |
2014 жылғы 1 желтоқсан; |
Қамтамасыз ету |
- |
құрылыс жүзеге асырылатын жер учаскелері (жер учаскелері «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-да бастапқы кепілде болуы тиіс), аяқталмаған құрылыс объектілері және ЖСҚ; |
Міндетті шарттар |
- |
СОО бойынша жобалау компаниясы құрылыстың жалпы құнына ЖСҚ қоса алғанда, СОО құрылысының жалпы құнының кемінде 15 %-ын ақша қаражаты түрінде салады; |
- |
СОО пайдалануға берілгеннен кейін СОО бойынша жобалау компаниясы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ меншігіне ҚҚС-ты ескере отырып, СОО-ғы үлесті «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ инвестициялау сомасына барабар береді. |
15. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ СОО-ны үлестік меншігіне алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде сатып алу-сату шартына сәйкес өз үлесін СОО бойынша жобалау компаниясына мынадай негізгі шарттармен сатады:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.06.2016 жылғы № 386 Қаулысына сәйкес (13.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Шарттың нысанасы | - | «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның СОО-дағы үлесін бөліп төлеу мүмкіндігімен сату; |
Шарттың бағасы | - | «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның СОО құрылысына инвестицияларының құрылыс кезеңінде жиналған пайыздар ескерілген мөлшері; |
Бөліп төлеу кезеңі | - | инвестициялау шартына қол қойылған күннен бастап 19 жыл 10 ай; |
Төлем тәртібі | - | кестеге сәйкес; |
Үлесті сатып алу бойынша бірінші төлем күні | - | 2018 жылғы 1 желтоқсан; |
Бөліп төлеу кезеңіндегі сыйақы | - | 2018 жылғы 1 желтоқсанға дейін: - жылдық 2,5 % инвестицияланған қаражат сомасына және капиталдандырылған пайыз сомасына есептеледі және жартыжылдық негізде капиталдандырылады; - жылдық 0,5 % инвестицияланған қаражат сомасына және капиталдандырылған пайыз сомасына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді, 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап: - жылдық 3 % инвестицияланған қаражат құнының қалдығына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді; |
Қамтамасыз ету | - | СОО ғимараты, СОО бойынша жобалау компаниясының жарғылық капиталындағы СОО бойынша жобалау компаниясы қатысушыларының қатысу үлесінің 100 %; |
Айрықша шарттар | - | СОО бойынша жобалау компаниясының СОО қызметінен алған таза табысы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ үлесін сатып алуға жұмсалады.». |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |