Мемлекеттiк қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 Қаулысы
тақырыбы және кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2008. № 725 Қаулысымен. (09.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Мемлекеттiк қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк және көлiк құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының нормативi (бұдан әрi Норматив) бекiтiлсiн.
2. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы мемлекеттік органдарға бекiтiлген қызметтiк автомобильдердi олардың балансына беру;
2) Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ орталық атқарушы органдар болып табылмайтын өзге мемлекеттiк органдарға:
"Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы оларға бекiтiлген қызметтiк автомобильдердi балансқа қабылдау;
2010 жылға дейiн қызметтік жеңіл автомобильдер паркiн жаңартпау.
2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, мәтінге өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2008. № 725, 24.03.2009. № 388 Қаулыларыымен. (09.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Министрлiктер, агенттiктер және комитеттер:
1) "Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы оларға бекiтілген қызметтiк автомобильдердi балансқа қабылдасын;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |