Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 795 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативінде:
реттік нөмірлері 19, 20-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген нормативке ескертпелер мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«*********** Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің аудандық қазынашылық басқармаларына көлік қызметін көрсету үшін көзделген автомобильдер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің теңгерімінде.»;
2) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
* мына: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментіне; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық бөлімшелеріне; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті мен Ақтөбе облысының аумағында орналасқан кеден бекеттеріне, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жұмылдырылған автокөліктен басқа, көлік қызметін көрсету үшін көзделген арнайы көлік құралдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің теңгерімінде.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр К. Мәсімов