• Мое избранное
«Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 475-құжат) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанында:
2 бөлімде:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Иеленушіге не оның уәкілетті өкіліне астықтың сақталу орнын қарауға, астықтың сынамаларын іріктеп алуға және астықтың көлемін өлшеуге мүмкіндік беруге;»;
5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес АҚК-де сақтауда жатқан барлық астықтың көлемін өлшеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырған жағдайда «Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1676 қаулысына сәйкес АҚК жүргізетін Астықтың сандық-сапалық есеп кітабына Иеленушінің не оның уәкілетті өкілінің қол жеткізуін қамтамасыз етуге;»;
5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) Иеленушінің босатуға жазбаша өтінімін тіркеуге;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Иеленушінің талабы бойынша Иеленушінің астық қолхатына айырбасқа астықты босатуға жазбаша өтінімін тіркеген сәттен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей астық қолхатында көрсетілген сапада және өтінімде көрсетілген астықтың көлемін босатуды (тиеп жіберуді) бастауға, оны Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңының 31  және 40-баптарында  және осы шарттың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, АҚК-нiң техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес аяқтауға міндеттенеді. Астықты босату (тиеп жіберу) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
30 желтоқсандағы № 1676 қаулысымен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларына  сәйкес жүргізіледі;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны тоқтата тұру, қайтып алу туралы, сондай-ақ АҚК-нi қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту, банкроттық рәсімінің қозғалғаны, өз еркімен таратылуы туралы шешімінің қабылданғаны туралы Иеленушіге тиісті шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға;»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Осы шарт бойынша Иеленуші алдында сот шешімімен белгіленген АҚК берешегі болған жағдайларды қоспағанда, құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен нарықтарына талдамалық зерттеулерді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым беретін деректер негізінде анықталған нарықтық құны бойынша АҚК көрсеткен қызметтерді төлеу бойынша Иеленуші берешегінің сомасынан артық емес көлемде астықты босатудан (тиеп жіберуден) бас тартуға;»;
2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес астық сақтау қызметтерін төлеу бойынша Иеленушіге өз талаптарының осы шарт бойынша Иеленуші алдында сот шешімімен белгіленген АҚК берешегін төлеу бойынша Иеленушінің қарсы талабына қарсы есептелуін жүзеге асыруға;»;
4-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Астықты сақтау орнын қарауды жүзеге асыруға, астықтың сынамасын іріктеп алуға, АҚК-де сақтауда жатқан барлық астықтың көлемін өлшеуді жүзеге асыруға;»;
4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес АҚК-де сақтауда жатқан барлық астықтың көлемін өлшеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырған жағдайда Астықтың сандық-сапалық есеп кітабына қол жеткізуге;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Астық қалдығын қайтаруға және астықты осы шарттың
1-қосымшасында белгіленген сапалық көрсеткіштерге дейін жеткізу нәтижесінде алынған астық қалдығына иелік етуге;»;
8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Осы шарт бойынша Иеленуші алдында сот шешімімен белгіленген АҚК берешегі болған жағдай АҚК осы берешекті өтеген сәтке дейін АҚК-нің көрсетілген қызметтерін төлеуді тоқтата тұруға;»;
9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) АҚК-нің жазбаша өтінімі болған кезде үшінші тұлға алдындағы АҚК кредиторлық берешегін өтеу жолымен АҚК көрсетілген қызметтерін төлеуге;»;
10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы шарт бойынша Иеленуші алдында сот шешімімен белгіленген АҚК берешегін төлеу бойынша өз талабының астық сақтау қызметтерін төлеу бойынша Иеленушіге АҚК-нің қарсы талабына қарсы есептелуін жүзеге асыруға құқылы.»;
5 бөлімде:
1-1 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1) Осы шарттың 2-бөлімі 1-тармағының 6-тармақшасын орындаудан негізсіз бас тартқан жағдайда АҚК тиеп жіберуге жоспарланған астықтың құнынан 10% мөлшерінде айыппұлды Иеленушінің пайдасына төлейді.»;
«8. Астық иеленуші АҚК-нің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес астықты тиеп жіберу аяқталуы тиіс, бірақ АҚК-нің кінәсі бойынша болмаған күнінен бастап астықты нақты тиеп жіберу күніне дейінгі кезеңге, соның ішінде АКҚ осы шарттың 2-бөлімі 1-тармағының 9) тармақшасын орындамаған жағдайда технологиялық желілерді жаңа астық өнімін қабылдауға дайындау кезеңіне тиеп жіберуге өтінім берілген астықтың көлемін сақтау қызметтерін төлеу жөніндегі міндеттемелерден босатылады.»;
7 бөлімде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шарт бойынша құқықтар мен міндеттер АҚК және индоссат аралығында астық сақтауға шарт жасалған жағдайларды қоспағанда, индоссамент жасалған кезде астық қолхаты бойынша құқықтарды берумен бір уақытта астық қолхатында көрсетілген санда және сапасында беріледі. Бұл ретте индоссат индоссамент жасалған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде астық қолхаты бойынша құқықтарды қабылдағаны туралы АҚК-ні хабардар етеді.»;
2-қосымшадағы кесте «Ақуыздың массалық үлесі, құрғақ затқа %-ы», «Құлау саны, с» бағандарымен толықтырылсын.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына салыстырмалы кесте
 

Р/с

Құрылымдық элемент атауы

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысаны

1

2 бөлімнің 1-тармағ ының 5 ) тармақшасы



1. АҚК мiндеттенедi:

5) Астықтың сақталу орнын қарауға және астықтың сынамаларын iрiктеп алуға Иеленушiге не оның уәкiлеттi өкiлiне мүмкiндiк беруге;

1. АҚК мiндеттенедi:

5) Иеленушіге не оның уәкілетті өкіліне астықтың сақталу орнын қарауға, астықтың сынамаларын іріктеп алуға және астықтың көлемін өлшеуге мүмкіндік беруге;

Астық қолхаттарын ұстаушыларымен астық сақтауды бақылауды күшейту мақсатында, өйткені астықты ұрлау фактілері, оның ішінде мемлекеттік ресурстардың астығын жиілеп кеткен, бұл азық-түліктік қауіпсіздіктің туындауына әкеледі.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 2014 жылғы 23 мамырдағы № 2-010712-14-27288 хатпен астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанының 1-тармағының 5) тармақшасын келесі редакцияда мазмұндауды ұсынады: «астықтың сақталу орнын қарауға, астықтың өлшеуге және астықтың сынамаларын iрiктеп алуға Иеленушiге не оның уәкiлеттi өкiлiне мүмкiндiк беруге;».

2



2 бөлімнің 1-тармағ ы

1. АҚК мiндеттенедi:

5-1) жоқ



1. АҚК мiндеттенедi:

5-1) Осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес АҚК-де сақтауда жатқан барлық астықтың көлемін өлшеу жөніндегі

іс-шараларды жүзеге асырған жағдайда «Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы

30 желтоқсандағы № 1676 қаулысына сәйкес АҚК жүргізетін Астықтың сандық-сапалық есеп кітабына Иеленушінің не оның уәкілетті өкілінің қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

Астық қолхаттарын ұстаушыларымен астық сақтауды бақылауды күшейту мақсатында, өйткені астықты ұрлау фактілері, оның ішінде мемлекеттік ресурстардың астығын жиілеп кеткен, бұл азық-түліктік қауіпсіздіктің туындауына әкеледі.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 2014 жылғы 23 мамырдағы № 2-010712-14-27288 хатпен астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанының 1-тармағының 5) тармақшасын келесі редакцияда мазмұндауды ұсынады: «астықтың сақталу орнын қарауға, астықтың өлшеуге және астықтың сынамаларын iрiктеп алуға Иеленушiге не оның уәкiлеттi өкiлiне мүмкiндiк беруге;».

3







2 бөлімнің 1-тармағ ы

1. АҚК мiндеттенедi:

5-2 ) жоқ



1. АҚК мiндеттенедi:

5-2) Иеленушінің босатуға жазбаша өтінімін тіркеуге;

Соңғы жылдардың практикасы кейбір АҚК иеленушiнің астықты тиеп жөнелтуге арналған жазбаша сұранымдарын тіркеуді қабылдамағанын көрсетеді. Мысалы, «Бескарагай» ЖШС (СҚО) астықты тиеп жөнелтуге арналған сұранымын қабылдаған жоқ, бұл «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі - Азық-түлік корпорациясы) жасалған келісімдер бойынша міндеттерін тиісінше орындалуға ықпал етті.

4







2 бөлімнің 1-тармағ ының 6 ) тармақшасы



1. АҚК мiндеттенедi:

6) Иеленушiнiң талабы бойынша Иеленушiнiң астық қолхатына айырбасқа астықты босатуға жазбаша өтiнiмiн тiркеген сәттен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей өтiнiмде көрсетiлген астықтың көлемiн босатуды (тиеп жiберудi) бастауға және оны «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 және 40-баптарында және осы шарттың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, АҚК-нiң техникалық мүмкiндiктерiне сәйкес аяқтауға міндеттенеді. Астықты босату (тиеп жiберу) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысымен бекiтілген Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларына сәйкес жүргiзiледi;

1. АҚК мiндеттенедi:

6) Иеленушінің талабы бойынша Иеленушінің астық қолхатына айырбасқа астықты босатуға жазбаша өтінімін тіркеген сәттен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей астық қолхатында көрсетілген сапада және өтінімде көрсетілген астықтың көлемін босатуды (тиеп жіберуді) бастауға, оны Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңының 31 және 40-баптарында және осы шарттың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, АҚК-нiң техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес аяқтауға міндеттенеді. Астықты босату (тиеп жіберу) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы

30 желтоқсандағы № 1676 қаулысымен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу
қағидаларына сәйкес жүргізіледі;

АҚК астық қолхатында көрсетiлген көлемінде және сапасында сақтау және астық иеленушiге беру бойынша міндеттерін орындау мақсатында.

5







2 бөлімнің 1-тармағ ының 12 ) тармақшасы



1. АҚК мiндеттенедi:

12) Астықты сақтау бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясын тоқтата тұру, қайтып алу туралы, сондай-ақ қайта ұйымдастырылуы, атауының өзгергені туралы шешiмнiң қабылданғаны туралы, банкроттық рәсiмiнiң қозғалғаны, АҚК-нiң өз еркiмен таратылуы туралы тиiстi шешiм қабылданған сәтiнен бастап үш жұмыс күнi ішiнде Иеленушiге жазбаша хабарлауға;

1. АҚК мiндеттенедi:

12) Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны тоқтата тұру, қайтып алу туралы, сондай-ақ АҚК-нi қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту, банкроттық рәсімінің қозғалғаны, өз еркімен таратылуы туралы шешімінің қабылданғаны туралы Иеленушіге тиісті шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға;

Келісімді «Астық туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру мақсатында Келісімнің 2 бөлімнің 1-тармағының 12) тармақшасында «Астықты сақтау бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясын тоқтата тұру,» сөздерін « Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі құқығы берілетін лицензиясынан айырылу » сөздермен ауыстыруды ұсынамыз.

«Лицензиялау туралы» ҚР Заңының 25 бабымен астықты сақтау бойынша қызметтi жүзеге асырудың лицензиялау қарастырылмаған.

6







2 бөлімнің 2 -тармағ ының 2 ) тармақшасы



2. АҚК-нің құқығы бар:

2) Көрсетiлген қызметтер көрсетуге ақы төлеу бойынша Иеленушінің берешегi болса, астықты босатудан (тиеп жiберуден) бас тартуға;

2. АҚК-нің құқығы бар:

2) Осы шарт бойынша Иеленуші алдында сот шешімімен белгіленген АҚК берешегі болған жағдайларды қоспағанда, құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен нарықтарына талдамалық зерттеулерді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым беретін деректер негізінде анықталған нарықтық құны бойынша АҚК көрсеткен қызметтерді төлеу бойынша Иеленуші берешегінің сомасынан артық емес көлемде астықты босатудан (тиеп жіберуден) бас тартуға;

АҚК көрсетiлген қызметтерді төлеу бойынша Иеленушінің берешегі болса АҚК астықты босатудан (тиеп жiберуден) бас тартуға Келісім құқығын беретін нормаларымен алдау фактілері кездеседі. Мысалы, «КазАгроТрейд» ЖШС (Қостанай обл.) Азық-түлік корпорациясы алдынан сақтауға қабылдаған астығының тапшылық факті бойынша сотпен белгіленген берешегi болғанда осы кезге дейін Азық-түлік корпорациясының астығының босатуға жол бермейді. Бұл АҚК кедергісіз, тез арада тәулік бойы астықты тиеп жөнелту бөлігінде, келісімдер бойынша алынған міндеттері орындалмайды, салдарынан 2013 жылғы шілдеде тиеп жөнелтуге жататын астықтың сақтау мерзімдерін жасанды ұзартады.

7







2 бөлімнің 2 -тармағ ы

2. АҚК-нің құқығы бар:

2-1) жоқ

2. АҚК-нің құқығы бар:

2-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес астық сақтау қызметтерін төлеу бойынша Иеленушіге өз талаптарының осы шарт бойынша Иеленуші алдында сот шешімімен белгіленген АҚК берешегін төлеу бойынша Иеленушінің қарсы талабына қарсы есептелуін жүзеге асыруға;

АҚК көрсетiлген қызметтерді ақы төлеу бойынша Иеленушінің берешегі болса АҚК астықты босатудан (тиеп жiберуден) бас тартуға Келісім құқығын беретін нормаларымен алдау фактілері кездеседі. Мысалы, «КазАгроТрейд» ЖШС (Қостанай обл.) Азық-түлік корпорациясы алдынан сақтауға қабылдаған астығының тапшылық факті бойынша сотпен белгіленген берешегi болғанда осы кезге дейін Азық-түлік корпорациясының астығының босатуға жол бермейді. Бұл АҚК кедергісіз, тез арада тәулік бойы астықты тиеп жөнелту бөлігінде, келісімдер бойынша алынған міндеттері орындалмайды, салдарынан 2013 жылғы шілдеде тиеп жөнелтуге жататын астықтың сақтау мерзімдерін жасанды ұзартады.

8







2 бөлімнің 4 -тармағ ының 4) тармақшасы

4. Иеленушi құқылы :

4) Астықты сақтау орнын қарауға және астықтың сынамасын iрiктеп aлуғa;

4. Иеленушi құқылы :

4) Астықты сақтау орнын қарауды жүзеге асыруға, астықтың сынамасын іріктеп алуға, АҚК-де сақтауда жатқан барлық астықтың көлемін өлшеуді жүзеге асыруға;

Астық АҚК-да иесiздендiрiп сақталанылады.

ҚР Азаматтық кодексінің 771-бабының 1-тармағына бойынша иесiздендiрiп сақтау кезiнде сақтауға алынған заттар басқа жүк берушiлердiң сол тектес және сапасы сондай заттарымен араласып кетуi мүмкiн. Жүк берушiге заттар сол тектес және сапасы сондай тең немесе тараптардың келiсiлген мөлшерiнде қайтарылады.

Осыған байланысты, астықты иесiздендiрiп сақтағанда нақты иесінің сақталатын астығының барын (жоғын) анықтау үшін, АҚК-да барлық сақтауда жатқан астықтың көлемін өлшеу қажет атап өтеміз.

9







2 бөлімнің 4 -тармағ ы







4. Иеленушi құқылы :

4-1) жоқ

4. Иеленушi құқылы :

4-1) Осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес АҚК-де сақтауда жатқан барлық астықтың көлемін өлшеу жөніндегі

іс-шараларды жүзеге асырған жағдайда Астықтың сандық-сапалық есеп кітабына қол жеткізуге;

Астық АҚК-да иесiздендiрiп сақталанылады.

ҚР Азаматтық кодексінің 771-бабының 1-тармағына бойынша иесiздендiрiп сақтау кезiнде сақтауға алынған заттар басқа жүк берушiлердiң сол тектес және сапасы сондай заттарымен араласып кетуi мүмкiн. Жүк берушiге заттар сол тектес және сапасы сондай тең немесе тараптардың келiсiлген мөлшерiнде қайтарылады.

Осыған байланысты, астықты иесiздендiрiп сақтағанда нақты иесінің сақталатын астығының барын (жоғын) анықтау үшін, АҚК-да барлық сақтауда жатқан астықтың көлемін өлшеу қажет атап өтеміз.

10

2 бөлімнің

4
-тармағ ы

4. Иеленушi құқылы :

7) Астық қалдығын қайтаруға және астықты осы шарттың

1-қосымшасында белгіленген сапалық көрсеткіштерге дейін жеткізу нәтижесінде алынған астық қалдығына иелік етуге құқылы.

4. Иеленушi құқылы :

7) Астық қалдығын қайтаруға және астықты осы шарттың

1-қосымшасында белгіленген сапалық көрсеткіштерге дейін жеткізу нәтижесінде алынған астық қалдығына иелік етуге;

Редакциялық сипаттағы түзету

1 1







2 бөлімнің

4-тармағы

4. Иеленушi құқылы :

8) жоқ

4. Иеленушi құқылы :

8) Осы шарт бойынша Иеленуші алдында сот шешімімен белгіленген АҚК берешегі болған жағдай АҚК осы берешекті өтеген сәтке дейін АҚК-нің көрсетілген қызметтерін төлеуді тоқтата тұруға;

АҚК көрсетiлген қызметтерді ақы төлеу бойынша Иеленушінің берешегі болса АҚК астықты босатудан (тиеп жiберуден) бас тартуға Келісім құқығын беретін нормаларымен алдау фактілері кездеседі. Мысалы, «КазАгроТрейд» ЖШС (Қостанай обл.) Азық-түлік корпорациясы алдынан сақтауға қабылдаған астығының тапшылық факті бойынша сотпен белгіленген берешегi болғанда осы кезге дейін Азық-түлік корпорациясының астығының босатуға жол бермейді. Бұл АҚК кедергісіз, тез арада тәулік бойы астықты тиеп жөнелту бөлігінде, келісімдер бойынша алынған міндеттері орындалмайды, салдарынан 2013 жылғы шілдеде тиеп жөнелтуге жататын астықтың сақтау мерзімдерін жасанды ұзартады.

1 2







2 бөлімнің 4 -тармағ ы











4. Иеленушi құқылы :

9) жоқ

4. Иеленушi құқылы :

9) АҚК-нің жазбаша өтінімі болған кезде үшінші тұлға алдындағы АҚК кредиторлық берешегін өтеу жолымен АҚК көрсетілген қызметтерін төлеуге;

Жауапсыз АҚК-да сақтауда жатқан астықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында, (қорғау қызметтері, жұмысшылардың жалақысы, энергоберу мекемелері және т.б.) үшінші жақтардың көрсетілген қызметтеріне атаулы төлемдерін жасаудын қажеттілігі пайда болады.

1 3

2 бөлімнің 4 -тармағ ы











4. Иеленушi құқылы :

10) жоқ

4. Иеленушi құқылы :

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы шарт бойынша Иеленуші алдында сот шешімімен белгіленген АҚК берешегін төлеу бойынша өз талабының астық сақтау қызметтерін төлеу бойынша Иеленушіге АҚК-нің қарсы талабына қарсы есептелуін жүзеге асыруға құқылы.

АҚК көрсетiлген қызметтерді ақы төлеу бойынша Иеленушінің берешегі болса АҚК астықты босатудан (тиеп жiберуден) бас тартуға Келісім құқығын беретін нормаларымен алдау фактілері кездеседі. Мысалы, «КазАгроТрейд» ЖШС (Қостанай обл.) Азық-түлік корпорациясы алдынан сақтауға қабылдаған астығының тапшылық факті бойынша сотпен белгіленген берешегi болғанда осы кезге дейін Азық-түлік корпорациясының астығының босатуға жол бермейді. Бұл АҚК кедергісіз, тез арада тәулік бойы астықты тиеп жөнелту бөлігінде, келісімдер бойынша алынған міндеттері орындалмайды, салдарынан 2013 жылғы шілдеде тиеп жөнелтуге жататын астықтың сақтау мерзімдерін жасанды ұзартады.

1 4















5 бөлімі

5. Тараптардың жауапкершiлігі

1-1) жоқ

5. Тараптардың жауапкершiлігі

1-1) Осы шарттың 2-бөлімі 1-тармағының 6-тармақшасын орындаудан негізсіз бас тартқан жағдайда АҚК тиеп жіберуге жоспарланған астықтың құнынан 10% мөлшерінде айыппұлды Иеленушінің пайдасына төлейді.

Азық-түлік корпорациясына «Pioneer agroresource» ЖШС-нен «Иволга» ЖШС-нен астықты жөнелту жәрдем беру туралы хат түсті, бұл АҚК Азық-түлік корпорациясынан биржалық сауда арқылы (брокері «КазАгроМаркетинг» АҚ) сатып алынған астықты жөнелтпейді, және көрсетілген оқиға жеке емес.

Осыған байланысты, көрсетілген қосымшаны енгізудің қажеттілігі бар.

1 5







5 бөлімі

5. Тараптардың жауапкершiлігі

8. жоқ

5. Тараптардың жауапкершiлігі

8. . Астық иеленуші АҚК-нің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес астықты тиеп жіберу аяқталуы тиіс, бірақ АҚК-нің кінәсі бойынша болмаған күнінен бастап астықты нақты тиеп жіберу күніне дейінгі кезеңге, соның ішінде АКҚ осы шарттың 2-бөлімі 1-тармағының

9) тармақшасын орындамаған жағдайда технологиялық желілерді жаңа астық өнімін қабылдауға дайындау кезеңіне тиеп жіберуге өтінім берілген астықтың көлемін сақтау қызметтерін төлеу жөніндегі міндеттемелерден босатылады.

Азық-түлік корпорациясына «Pioneer agroresource» ЖШС-нен «Иволга» ЖШС-нен астықты жөнелту жәрдем беру туралы хат түсті, бұл АҚК Азық-түлік корпорациясынан биржалық сауда арқылы (брокері «КазАгроМаркетинг» АҚ) сатып алынған астықты жөнелтпейді, және көрсетілген оқиға жеке емес.

Осыған байланысты, көрсетілген қосымшаны енгізудің қажеттілігі бар.

1 6







7 бөлімнің 12-тармағы

7. Басқа да жағдайлар

1. Осы шарт бойынша құқықтар мен мiндеттер индоссамент жасалған кезде астық қолхаты бойынша құқықтарды берумен бiр уақытта астық қолхатында көрсетiлген көлемде беріледi. Бұл ретте индоссат индоссамент жасалған сәттен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде астық қолхаты бойынша құқықтарды қабылдағаны туралы АҚК-ге хабарлайды.



7. Басқа да жағдайлар

1. Осы шарт бойынша құқықтар мен міндеттер АҚК және индоссат аралығында астық сақтауға шарт жасалған жағдайларды қоспағанда, индоссамент жасалған кезде астық қолхаты бойынша құқықтарды берумен бір уақытта астық қолхатында көрсетілген санда және сапасында беріледі. Бұл ретте индоссат индоссамент жасалған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде астық қолхаты бойынша құқықтарды қабылдағаны туралы АҚК-ні хабардар етеді.

Келісімді «Астық туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру мақсатында.

1 7







Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанына 2-қосымша



«200__ ж. _____ ____________________ астықтың бар-жоғы және

айы Иеленушінің атауы

қозғалысы туралы мәліметтер





Р / с

Астық қолхатының сериясы мен нөмірі

Берілу күні

Жеткізуші

Дақыл

Сыныбы

Егін жинау жылы

Сорт ы

Репродукция сы

Себу стандарт ының сыныбы

Ылғалдылығы , %



























таблицаның жалғасы









Арамшөптік қоспа , %

Дәндік қоспа , %

Дән маңызы , %/ Белок, %

Дән маңызының сапасы , бірл .

За лалдануы

Жылтырлығы, %

Табиғаты , г/л

Ай басындағы қалдығы





















таблицаның жалғасы





Белгісі ( мем ресур с түрі )

Кіріс

Шығыс

Астық қолхатын айырбастау

Индос-самент

Астық қолхатын қалпына келтіру

Астық қолхатын айырбастау

Индос-самент

Жөнелту

Ай соңындағы қалдығы























АҚК-ның басшысы : ___________





М. о .

».





«200__ ж. _____ _______________ _____ астықтың бар-жоғы және

айы Иеленушінің атауы

қозғалысы туралы мәліметтер





Р / с

Астық қолхатының сериясы мен нөмірі

Берілу күні

Жеткізуші

Дақыл

Сыныбы

Егін жинау жылы

Сорт ы

Репродукция сы

Себу стандарт ының сыныбы

Ылғалдылығы , %



























таблицаның жалғасы









Арамшөптік қоспа , %

Дәндік қоспа , %

Дән маңызы , %/ Белок, %

Дән маңызының сапасы , бірл .

За лалдануы

Жылтырлығы, %

Табиғаты , г/л

Ақуыздың массалық үлесі, құрғақ затқа %-ы

Құлау саны, с

Ай басындағы қалдығы

























таблицаның жалғасы





Белгісі (мемресурс түрі)

Кіріс

Шығыс

Астық қолхатын айырбастау

Индос-самент

Астық қолхатын қалпына келтіру

Астық қолхатын айырбастау

Индос-самент

Жөнелту

Ай соңындағы қалдығы























АҚК-ның басшысы: ___________





М. о .

».





ҚР СТ 1046-2008 «Бидай. Техникалық шарттары» «Белоктің массалық бөлігі, % құрғақ затқа» және «Құлау саны, с» сияқты сапалы көрсеткіштерге техникалық талаптарды көзделгенін ескере отырып келісімнің 2-ші қосымшасындағы кестені «Белоктің массалық бөлігі, % құрғақ затқа» және «Құлау саны, с» графаларымен толықтыруды мүмкін деп есептейміз.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
М. Толыбаев  
«Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
  

р/н

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143 Заңының 5-бабы 5) тармақшасын іске асыру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қосымша қаржы шығындарын болжамайды

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Мақсаты – астық қолхаттарын ұстаушылардың астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақталуын және барын бақылау мүмкіндігін беру

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер



1) « Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанын бекiту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысы;

2) « Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанын бекiту туралы » Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 497 қаулысы; 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысы ; 4) «Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 942 қаулысы

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі Қажет етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Қажет етілмейді

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы).

Жоба Қазақстан Республикасының Ауыл шарушылығы министрлігінің интернет ресурсында www.minagri.gov.kz 20 13 жылғы ___ шілдеде орналастырылған .



12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

« Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысанын бекiту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1359 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі Қазақстан Республикасының Ауыл шарушылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтында 2014 жылғы ___ шілдеде орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков