• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Консультативтік ғылыми-әдістемелік кеңесінің құрамын және ережесін бекіту туралы» 2013 жылғы 12 тамыздағы № 288 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 185 бұйрығы

Өндірістік қажеттілігіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Консультативтік ғылыми-әдістемелік кеңесінің құрамын және ережесін бекіту туралы» 2013 жылғы 12 тамыздағы № 288 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Консультативтік ғылыми-әдістемелік кеңесінің құрамы, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Т. Есентаев
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігінің
2014 жылғы 15 мамырдағы
№ 185 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігінің
2013 жылғы 12 тамыздағы
№ 288 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің  Консультативтік ғылыми-әдістемелік кеңесінің құрамы
Е.С. Никитинский - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Консультативтік ғылыми-әдістемелік кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Астана қ.).
Д.С. Жүсіпназаров - Кеңестің хатшысы, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің бас сарапшысы (Астана қ.).
1. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві секциясы:
- А.Қ. Құлназаров - секцияның басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Алматы қ.), (келісім бойынша);
- Э.К. Мұхамеджанов - медицина ғылымдарының докторы, профессор (Алматы қ.), (келісім бойынша);
- Т.Д. Дүйсенов - медицина ғылымдарының кандидаты, профессор (Алматы қ.), (келісім бойынша);
- Б.Хавлахат — «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМКК директорының орынбасары (Астана қ.);
- Ю.В. Мельниченко - Президенттік «Астана» кэсіби спорт клубының басқарушы директоры (Астана қ.), (келісім бойынша);
- Ю.П..Гуськов - «К.Ахметов атындағы олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РМҚК директорының орынбасары.
2. Бұқаралық спорт және инфрақұрылым секциясы:
- В.Ю. Садов - секцияның басшысы, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының ғылым бойынша кеңесшісі, педагогика ғылымдарының докторы (Орал қ.);
- А.Д. Айзақов - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі дене шынықтыру департаментінің бас сарапшы, педагогика ғылымдарының кандидаты (Астана қ.);
- Б.Қ. Байжанов - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің дене шынықтыру департаменті директорының орынбасары (Астана қ.);
- Е.И. Копкина - мұғалім-әдіскер, жоғарғы дәрежелі мұғалім, Ю.Гуров атындағы № 6 гимназияның оқытушысы, (Астана қ.,) (келісім бойынша).
3. Кәсіптік білім және спорттық кадрларды қамтамасыз ету секциясы:
- В.П. Русанов - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру, спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Өскемен қ.), (келісім бойынша);
- А.Қ. Қарақов - «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Алматы қ.);
- С.Ж. Сыздықова - педагогика ғылымдарының кандидаты, бейімделген дене шынықтыру маманы (Астана қ.), (келісім бойынша).
4. Спорттық медицина және допингкке қарсы бақылау секциясы:
- Г.П. Қасымова - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, (Алматы қ.), (келісім бойынша);
- В.М. Лұқпанов - биология ғылымдарының кандидаты, МАИН мүшесі (Алматы қ.), (келісім бойынша);
Н.Н. Қоңыртаева - АГИУВ натуратерапия кафедраның меңгерушісі, медицина магистрі, PhD докторанты, МАИН мүше-корреспондент, жоғарғы дәрежедегі дәрігер (Алматы қ.), (келісім бойынша);
- М.Т. Бақашева - «Ұлттық допингке қарсы орталығы» РММ директоры (Алматы қ.);
- Б.А. Есжанов - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің дене шынықтыру департаменті басқармасының басшысы (Астана қ.).
- СМ. Баваев - «Спорттық медицина және оңтайландыру орталығы» РМҚК директоры (Алматы қ.).
5. Спорттық құқық және нормативтік базаны жетілдіру секциясы:
- Т.А. Ботағариев - Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқу істері жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы (Ақтөбе қ.), (келісім бойынша);
- М.Ә. Сапашев - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті директорының орынбасары (Астана қ.);
- К.Ә. Құрманқұлова - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің стратегиялық даму департаменті басқармасының басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты (Астана қ.);
- М.И. Адамбеков - Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор (Алматы қ.).