• Мое избранное
«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту және «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту және «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 30 шілдедегі № 8004 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
2014 жылғы 09 шілдедегі
шығыс № 202-22/3441 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ 
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту және «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі - қаулы жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасы бойынша (бұдан әрі – Қағида):  
1. Қағидалардың 6-тармағының 1-тармақшасы бойынша біртекті қолдану үшін өтініштердің бірыңғай нысанын әзірлеу мақсатқа сай;
2. Қағидалардың 6-тармағының 7-тармақшасына сәйкес, Техникалық байқау орталықтары (бұдан әрі – ТБО) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтың және ғимараттың тиісті стандарттардың талаптарына сәйкес келетіндігі туралы ақпаратты ұсынады, – техникалық байқаудың стационарлық желісі ашылған жағдайда. Бұл ретте 3-қосымшада 2011- 1811 ҚР СТ туралы ақпарат көрсетілген. Біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей, «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының 21-бабы талаптарының күші салдарынан стандарт міндетті бола алмайды. Екіншіден, 3-қосымшадан туындайтыны, стандартқа сәйкестігін растайтын нақты қандай деректер немесе құжаттар ұсынылуы тиіс екендігі анық емес – ақпарат, фотобейне, сызбалар. Осы келіспеушіліктер нормативтік құқықтық актіні әртекті түсінуге алып келеді, сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар жасайды. Осылайша, аумақтар мен үй-жайларға қойылатын талаптар үшін кәсіпкерлер тізілімге енгізу кезінде ұсынулары міндетті құжаттардың тиісті нысандарын жасау қажет.
3. Қағидалардың 10-тармағының 2-тармақшасында редакцияны келесіге өзгертуді ұсынамыз: «техникалық байқау операторының мекенжайы (индекс, облыс, аудан, қала (кент, ауыл), көше, үй), байланыс телефондары, электрондық почтасының мекенжайы». Тиісінше Қағидаларға 1-Қосымша кестені түзету керек. Техникалық байқау операторларының қолданыстағы тізіліміне орай, барлық операторлар өз мекенжайларын көрсете бермейді, кейбіреулерінде тек орналасқан облыстары ғана көрсетілген. Осыған байланысты, пайдаланушыларға ТБО-ны табу қиын, не мүлде мүмкін емес.
Баяндалғанның негізінде, қаулы жобаға ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды ескеруді сұраймыз.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына  сәйкес сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева
1. Қағидалардың 6-тармағының 1-тармақшасы бойынша біртекті қолдану үшін өтініштердің бірыңғай нысанын әзірлеу мақсатқа сай;
2. Қағидалардың 6-тармағының 7-тармақшасына сәйкес, Техникалық байқау орталықтары (бұдан әрі – ТБО) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтың және ғимараттың тиісті стандарттардың талаптарына сәйкес келетіндігі туралы ақпаратты ұсынады, – техникалық байқаудың стационарлық желісі ашылған жағдайда. Бұл ретте 3-қосымшада 2011- 1811 ҚР СТ туралы ақпарат көрсетілген. Біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей, «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының 21-бабы талаптарының күші салдарынан стандарт міндетті бола алмайды. Екіншіден, 3-қосымшадан туындайтыны, стандартқа сәйкестігін растайтын нақты қандай деректер немесе құжаттар ұсынылуы тиіс екендігі анық емес – ақпарат, фотобейне, сызбалар. Осы келіспеушіліктер нормативтік құқықтық актіні әртекті түсінуге алып келеді, сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар жасайды. Осылайша, аумақтар мен үй-жайларға қойылатын талаптар үшін кәсіпкерлер тізілімге енгізу кезінде ұсынулары міндетті құжаттардың тиісті нысандарын жасау қажет.
3. Қағидалардың 10-тармағының 2-тармақшасында редакцияны келесіге өзгертуді ұсынамыз: «техникалық байқау операторының мекенжайы (индекс, облыс, аудан, қала (кент, ауыл), көше, үй), байланыс телефондары, электрондық почтасының мекенжайы». Тиісінше Қағидаларға 1-Қосымша кестені түзету керек. Техникалық байқау операторларының қолданыстағы тізіліміне орай, барлық операторлар өз мекенжайларын көрсете бермейді, кейбіреулерінде тек орналасқан облыстары ғана көрсетілген. Осыған байланысты, пайдаланушыларға ТБО-ны табу қиын, не мүлде мүмкін емес.
  4. Сотқа дер кезінде шағымдануы үшін Қағидаларды келесі мазмұндағы               19-тармақпен толықтыруды ұсынамыз:
«19. Техникалық байқау операторы тізілімнен алып тастау туралы хабарламаға заңмен белгіленген тәртіпте сотқа шағым бере алады».
5. Бұдан басқа, Қағидаларды келесі мазмұндағы 20-тармақпен толықтыру қажет деп жорамалдаймыз:
«20. Адал бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында әрбір облыста, облыстық маңыздағы қалада екіден кем емес техникалық байқау операторы болуы қажет».