• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 807 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5), 12) және 18) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының функцияларын атқаратын мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне қосу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен (бұдан әрі - Қызмет) бірлесіп, бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қызмет туралы ереженің жобасын енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының штат санын және мүлкін Қызметке беруді қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне осы Жарлықпен енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.