• Мое избранное

Отправить по почте

«Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңы 7-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін қызметтердің бағалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін қызметтердің бағалары  
 

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою бойынша өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін қызметтердің бағалары

р / с

Карантиндік объектілерінің. түрі

Бүріккіш техниканың түрі *

ҚҚС**-сыз баға, теңге

ҚҚС**-мен баға, теңге

1

2

3

4

5

1 .

Жеміс дақылдарының жемістің шығыс жемірі, калифорниялық қалқаншалы сымыр, Комсток құрты секілді карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіш



1126,4

1261,57

2 .

Әсемдік екпе және жемістік ағаштарының америкалық ақ көбелек секілді карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіш

5844

6545,28

3 .

Бақша дақылдарының қауын шыбыны секілді карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіш

3378

3783,36

4.









Ж ібек көбелектері секілді орманның карантиндік зиянкестері

Жеңіл авиация, аса жеңіл авиация желдеткішті бүріккіш, аэрозольді генераторлар

1126,4

1261,57

5 .

Қазақстан Республикасының карантиндік объектілері тізбесіне қосылған арамшөптердің карантиндік түрлері

Штангалы, желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіш



529

592,48

*Бүріккіш техниканың түрін таңдау химиялық өңдеу жұмыстарын тиімді және уақтылы жүргізуге карантиндік организмдердің даму ерекшеліктері, залалданған алаңдарды ескере отырып жүргізіледі.
** Карантиндік объектілерге қарсы 1 гектарды химиялық өңдеуге арналған шығындардың құны.
«Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі



«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңы 7-2-бабының 2-тармағына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық

және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеліп соқтырмайды



4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны қабылдау 215 «Фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша «2014-2016 жылдарға республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделгендерден басқа қосымша қаржы қаражатын бөлуді көзделмейді.

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Осы қаулы жобасының мақсаты өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге бағаларды бекіту болып табылады. Күтілетін нәтижелердің мерзімі – 2014 және одан кейінгі жылдар.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (экономикалық, экологиялық, қаржы лық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ



9.

Өзге де мәліметтер

Осы қаулы жобасын қабылдау ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шығындарының ұлғаюына әкелмейді

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, инт е рнет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы а қ парат

Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет–ресурсында 2014 жылғы 8 сәуірде орналастырылған.

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

«Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет–ресурсында 2014 жылғы 21 сәуірде орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков