• Мое избранное
«Оқу-жаттығу үдерісі және спорт шаралары кезеңінде спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін фармакологиялық жабдықтармен және тағаммен қамтамасыз ету нормативінің әдістемесін бекіту» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Оқу-жаттығу үдерісі және спорт шаралары кезеңінде спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін фармакологиялық жабдықтармен және тағаммен қамтамасыз ету нормативінің әдістемесін бекіту» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Оқу-жаттығу үдерісі және спорт шаралары кезеңінде спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін фармакологиялық жабдықтармен және тағаммен қамтамасыз ету нормативінің әдістемесін бекіту
3 шілде 2014 жылғы «Дене шынықтыру және спорт» Қазақстан Республикасы заңының 7 бабының 17 тармақшасына сүйене отырып БҰЙЫРАМЫН:
Оқу-жаттығу үдерісі және спорт шаралары кезеңінде спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін фармакологиялық жабдықтармен және тағаммен қамтамасыз ету нормативінің әдістемесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.  
2. 2 қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп есептелсін.
3. Жоғарғы жетістіктер спорты және спорт резерві департаментімен (Жарасбаев С.М.) бекітілген заңнама тәртібі бойынша:  
1) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсыну;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұйрықтың кезекті баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру істері Агенттігінің интернет қорында ресми түрде жариялануын қамтамасыз ету.
4. Бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру істері Агенттігінің төрағасының орынбасары И.Б. Канагатовқа жүктелсін.
5. Бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру істері Агенттігінің Төрағасы Т. Есентаев
Қазақстан Республикасының
спорт және дене шынықтыру
 істері Агенттігі бұйрығына
1 Қосымша
«___» ________ 2014 жыл
№ _________________
Оқу-жаттығу үдерісі және спорт шаралары кезеңінде спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін фармакологиялық жабдықтармен және тағаммен қамтамасыз ету нормативінің әдістемесі
1. Жалпы ереже
1. Оқу-жаттығу үдерісі және спорт шаралары кезеңінде спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін фармакологиялық жабдықтармен және тағаммен қамтамасыз ету нормативі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 3 шілде айында қабылданған «Дене шынықтыру және спорт» заңына сәйкес құрастырылған.
2. Әдістеме әртүрлі спорт түрімен айналысатын спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін фармакологиялық жабдықтармен және тағаммен қамтамасыз ету нормасын қабылдау мақсатында құрастырылған.
3. Әдістеме спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін оқу-жаттығу үдерісі кезінде фармакологиялық жабдықтармен және тағаммен қамтамасыз етуді реттейді.  
4. Бұл әдістемеде келесі түсініктер қолданылады:
1) жекпе-жек спорт түрлері – екі қарсыластың арасында арнайы талапқа сәйкес физикалық қатынас міндетті түрде қарастырылған спорт түрлері;
2) жылдамдық-күштік спорт түрлері – спортшының шапшаңдығы мен күштік сапасы ескеріле отырып жарысатын спорт түрлері;
3) калорияның тәуліктік есебі – тағамдық өнімдерден құрастырылатын тәулігіне қажетті килокалория мөлшерінің есебі;
4) командалық және ойындық спорт түрлері – екі және оданда көп спортшылардан құралған командалар арасында жарыс арнайы талапқа сәйкес жүргізілетін спорт түрлері;
5) спорттың циклдік (кезеңдік) түрлері – спортшы өзінің денесін кеңістікте орын ауыстыруы үшін қимылдарды циклді түрде қайталайтын спорт түрлері;
6) тағам үлесі – спортшының энергия шығынын қалпына келтіруіне қажетті, әрбір тағам қабылдау кезінде қолданылатын тағамдық өнімдердің жиынтығы және саны;
7) үйлестіруші спорт түрі – спортшы қимылының үнемі күрделенуімен жүргізілетін спорт түрлері;
2. Тағам нормасын әзірлеу әдістемесі
5. Тағам нормасын әзірлеу кезінде ескерілуі қажет:
1) спортшының тағам үлесінің энергетикалық құндылығы оның организмінің энергетикалық шығындарына сәйкес келуі қажет;
2) негізгі тағамдық заттарды (нәруыз, май, көмірсу) қабылдау мөлшері физиологиялық қажеттілігі бойынша бір-біріне сәйкес қарым-қатынаста болуы қажет және спортшының физиологиялық энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етуі керек;
3) тағам үлесінде жануар текті нәруыз, көмірсу деңгейінің физиологиялық қажетті мөлшері, қанықпаған және көпқанықпаған май қышқылдарының физиологиялық қарым-қатынасы, витаминдер мен минералды заттардың оңтайлы мөлшері ескеріледі;
4) қажетті макроэлементтер мен микроэлементтердің мөлшері спортшы организміне физиологиялық қажетті деңгейде болуы қажет;
5) нутритивті қолдау кезінде минорлы және ортомолекулярлы жиынтықтардың, биологиялық белсенді заттардың мөлшері спортшы организмінің трофикалық деңгейіне сәйкес болуы керек;
6. Спорттық мамандандырылуына және спортшының біліктілігіне сәйкес, спортшылардың тағамдық үлесінің нормалары келесі спорт түрлеріне қарай топтарға бөлінуі керек:
1) спорттың циклдік түрлері;
2) үйлестік түрлері;
3) жекпе-жек сайыстары;
4) командалық және ойындық түрлері;  
5) жылдамдық-күштік түрлері.
7. Тағам нормасы спортшының тәуліктік калориясында энергиямен қамтамасыз етілуінің, тағамдық үлестегі азықтардың химиялық құрамы және тағамдарды бір-бірімен алмастырудың оңтайлы сәйкестендірілуіне негізделген.
3. Фармакологиялық камтамасыз етуді әзірлеу әдістемесі
8. Спортшыны спорт түріне қарай фармакологиялық камтамасыз ету спортшы организмінің физиологиялық қажеттілігіне сәйкес негізделеді.  
9. Спортшыны фармакологиялық камтамасыз ету оның барлық спорт саласындағы қызмет ету кезеңдері ескеріле отырып жылдық цикл бойынша жүргізіледі:  
1) дайындық кезеңі – функционалдық және спортшының спорттық формаларың қалыптастыру кезеңі;
2) негізгі кезең – спортшының негізгі машықтарын жетілдіру кезеңі;
3) арнайы кезең – спортшының арнайы тактикасын және техникалық машықтарын жетілдіру кезеңі;
4) жарыс алды кезең – спортшының жарыс уақыты жақындаған жағдайда дайындығын тексеру кезеңі;
5) жарыс кезең – спорттық шараларға қатысу кезеңі;
6) қалпына келтіру кезеңі – қалпына келтіру және сауықтандыру шараларын өту кезеңі.
10. Фармакологиялық камтамасыз ету кезінде спортшының физикалық денсаулық және қызметтік дайындық деңгейі ескеріледі.
11. Фармакологиялық камтамасыз ету физикалық жүктемеден кейін спортшы организмін жылдам қалпына келтіруге және жұмысқа қабілетін жоғарылатуға бағытталған фармакологиялық заттарды, ортомолекулярлық жиынтықтар мен биологиялық белсенді заттарды қолдануды ескереді.
12. Фармакологиялық камтамасыз етуді құрастыру кезінде ескеріледі:
1) бір жылдық шамада спортшының дәрілік заттарға, ортомолекулярлық жиынтықтар мен биологиялық белсенді заттарға қажеттілігі;  
2) спорттық іс-шараларды жүргізу уақыты;
3) соңғы тиянақты жүргізілген медициналық тексеру нәтижесі бойынша спортшының денсаулық жағдайы жөніндегі мәлімет;
4) алдыңғы жылдары жүргізілген спорттық іс-шаралар кезінде анықталған спортшының аурушаңдығы мен жарақаттары жөніндегі дене шынықтыру және спорт ұйымдарындағы статистикалық ақпараттар.  
12. Спортшының спорттық мамандандырылуына және біліктілігіне сәйкес спортшының фармакологиялық камтамасыз ету нормасы спорттың түріне сәйкес үйлестіріледі:
1) спорттың циклдік түрлері;
2) үйлестік түрлері;
3) жекпе-жек сайыстары;
4) командалық және ойындық түрлері;  
5) жылдамдық-күштік түрлері.
4. Тағам нормасын және фармакологиялық камтамасыз етуді ұйымдастыру тәртібі  
13. Спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тағаммен және фармакологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету дене шынықтыру және спорт ұйымдарында жүргізіледі және мемлекеттік қазынадан қаржыландырылады.  
14. Тағаммен және фармакологиялық жабдықтармен қамтамасыз етуді анықтау мақсатында дене шынықтыру және спорт ұйымдарына қосымша медициналық қызметкерлер мен ғылыми топ жиынтығы жұмылдырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
 спорт және дене шынықтыру
 істері Агенттігі бұйрығына
2 Қосымша
«___» ________ 2014 жыл
№ _________________
Күші жойылды деп танылған бұйрықтардың тізімі  
1. Қазақстан Республикасы туризм және спорт агенттігі төрағасының 2014 жылдың 9 маусым айындағы № 06-2-2/197 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылдың 17 маусымында № 2903 тіркелген.
2. Қазақстан Республикасы туризм және спорт агенттігі төрағасының 2002 жылдың 11 қыркүйек айындағы № 06-2-2/208 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 11 қазан айында № 2007 тіркелген.
3. Қазақстан Республикасы туризм және спорт агенттігі төрағасының 2002 жылдың 11 қыркүйек айындағы № 06-2-2/209 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 11 қазан айында № 2008 тіркелген.
«Оқу-жаттығу үдерісі және спорт шаралары кезеңінде спортшыларды, сонымен қатар барлық санаттағы әскери қызметкерлерді, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін фармакологиялық жабдықтармен және тағаммен қамтамасыз ету нормативінің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнің бұйрығына анықтама-негіздеме
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 17 тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Фармакологиялық жабдықтармен және тағаммен қамтамасыз ету нормативінің жүйеге келтіру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы туризм және спорт агенттігі төрағасының 2014 жылдың 9 маусым айындағы № 06-2-2/197 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылдың 17 маусымында № 2903 тіркелген.

Қазақстан Республикасы туризм және спорт агенттігі төрағасының 2002 жылдың 11 қыркүйек айындағы № 06-2-2/208 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 11 қазан айында № 2007 тіркелген.

Қазақстан Республикасы туризм және спорт агенттігі төрағасының 2002 жылдың 11 қыркүйек айындағы № 06-2-2/209 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылдың 11 қазан айында № 2008 тіркелген.

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу қағидалардың 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акті республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Жоқ

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Талап етіледі

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

www.sport.gov.kz

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнің сайтында жарияланған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ



 Заң басқармасының басшысы   Р. Қаликенов