• Мое избранное
«Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 7902 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
2014 жылғы 12 маусымдағы
№ 12-2-и-497 хатқа қатысты
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ 
Қазақстан Республикасының Ұлттық  кәсіпкерлер палатасы
«Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы (бұдан әрі - жоба)бойынша.
«Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысына сәйкес, «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-бөлімі 4-тармағында мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде деп көрсетілген.
Сонымен қатар, Анықтамалық жобасының 5-әрекетінде өтінішті қарау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу құжаттар түскеннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады деп көрсетілген.
Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің жобасын бекітілген стандартқа сәйкес келтіру мақсатында жобаны көрсетілген бөлігінде пысықтау қажет.
«Қолжазбаларды сақтауға тапсыру, жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығының жобасы бойынша осыған ұқсас ескерту.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі З. Ноғайбай