• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 7921 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 8-5-7/И-2123 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) қарап, мынаны хабарлаймыз.
1. Тұжырымдамада әзірлеуші бір буынға дейінгі жер қойнауын пайдаланушылардан МӨЗ-ге дейін мұнай өңдейтін зауыттарға (бұдан әрі – МӨЗ) мұнай беру бойынша делдалдарды алып тастауды ұсынады.
Сонымен қатар, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес  мұнай беруші – осы Заңда белгіленген шарттармен өздері өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, импортталған немесе жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін жеке немесе заңды тұлға;
Заң мұнай берушінің нақты анықтамасын береді. Осылайша жер қойнауын пайдаланушы мен МӨЗ арасында делдалдардың болуы мүмкін емес.
Осыған орай, қандай да бір делдалдарды алып тастаудың объективті қажеттілігі жоқ.
 Тұжырымдамада 	«терминалдың меншік иесі» деген ұғымды 	енгізу негізделмеген.  	
Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысымен бекітілген ҚР уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінің 9-тармағына сәйкес, Заңды қабылдау қажеттілігі туралы куәландыратын дәлелдерді баяндау нақты, келеңсіз құбылыстар мен процестердің қолданыстағы заңнамамен жеткілікті жасалмаған байланысын тиянақты түрде орнататын болуы тиіс.
Сонымен қатар Тұжырымдамада, жалпы алғанда, бұл шара мұнай және мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымының азаюына мүмкіндік бере ме анық емес.
Тұжырымдамада 	«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін 	өндіруді және олардың айналымын 	мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына 	МӨЗ-ге өңдеуге түсетін мұнайдың шыққан 	жерінің заңдылығын растайтын Құжаттар 	тізбесін бекіту бөлігінде өзгертулер 	мен толықтырулар енгізу талап етілетіндігі 	қарастырылған.
Аталған Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілерге осы Заңның 18-бабы 5-тармағының 1)|521491778] және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдауға тыйым салынады.
Өз кезегінде, 18-баптың 5-тармағы 1) және 2) тармақшаларында  мұнай өнімдерін өндіруші мынадай талаптарды сақтаған жағдайда мұнай берушілерге бірдей қол жеткізу мүмкіндігін  қамтамасыз етуге міндетті екені белгіленген:
1) мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін растайтын құжаттың болуы;
2) мұнай берушіде берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының сапасын растайтын құжаттың болуы;
Осылайша, қазіргі уақытта Заңмен мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдауға тыйым салынатын құжаттар анықталған.  
Сонымен қатар, Заңның 18-бабы 5-тармағы 1) тармақшасына өзгертулер енгізу бойынша жұмыстың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының аясында жүзеге асырылып жатқандығына назар аудару жөн.
  Бұл заң жобасы ҚР Парламенті депутаттарының бастамашылығымен жасалған.   
Сонымен, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының 18-бабы 5-тармағының 1) тармақшасын мынадай редакцияда жазу болжанады:
«1) мұнай берушіде сатып алынатын шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерінің заңдылығын растайтын мына құжаттардың болуы:
жер қойнауын пайдаланушыдан мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алу кезінде шарттың спецификациясын қоса бере отырып, жер қойнауын пайдаланушымен тікелей жасалған мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алуға шарттың нотариалды расталған көшірмелері және орнатылған тәртіпте берілген жер қойнауын пайдалануға Келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің көшірмесі;
мұнайды және (немесе) газ конденсатын өз бетінше өндіру кезінде – орнатылған тәртіпте берілген жер қойнауын пайдалануға Келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің нотариалды расталған көшірмелері;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына  сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасының мұнайды және (немесе) газ конденсатын алу кезінде – заңды және жеке тұлғаны салықты заттай нысанда алу бойынша оператор ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тағайындағанын (анықтағанын) растайтын құжаттың көшірмесі  (нормативтк құқықтық акті);
Қазақстан Республикасының аумағына мұнайды және (немесе) газ конденсатын өз бетінше әкелген кезде (соның ішінде импорттау кезінде) сатып алынатын мұнайдың және (немесе) газ конденсатының саны мен сапасын көрсете отырып, (келісімшарттың спецификациясын, сапа төлқұжатын қоса бере отырып) сатып алу шартының көшірмелері, сондай-ақ жүк кеден декларациясының (импорт жағдайында), көлік жүкқұжатының, шот-фактуралардың көшірмелері;
мұнайды және (немесе) газ конденсатын  Қазақстан Республикасының аумағына әкелуін (соның ішінде импорттауды) жүзеге асыратын тұлғадан тікелей сатып алу кезінде сатып алынатын мұнайдың және (немесе) газ конденсатының саны мен сапасын көрсете отырып, (келісімшарттың спецификациясын қоса бере отырып) сатып алу шартының көшірмелері, сондай-ақ жүк кеден декларациясының (импорт жағдайында), көлік жүкқұжатының, шот-фактуралардың көшірмелері;».  
Баяндалғанды ескере отырып, құжаттар тізбесі бөлігіндегі мәселе  пысықталды және қайта қарауды қажет етпейді деп ойлаймыз.
Тұжырымдаманы талқылау бойынша бұдан арғы жұмыс ұсынылатын түзетулердің (салыстырмалы кесте немесе заң жобасының мәтіні түріндегі) нақты мазмұны қаралғаннан кейін біршама сындарлы болатынын  қосымша хабарлаймыз.
Басқарма мүшесі З. Ноғайбай