• Мое избранное

Отправить по почте

«Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары – медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері – медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік орган болып;
3)  денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – сот-медициналық, сот-наркологиялық және (немесе) сот-психиатриялық сараптаманың кіші түрлері бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік орган болып белгіленсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 жыл, № 13, 242-құжат);
2) «Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 жыл, № 68, 917-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы « »
 № қаулысымен
 бекітілген
Медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Біліктілікті талаптарға сәйкес келу туралы мәліметтер

Ескертпе

1

2

3

4

Медициналық қызмет үшін

1

меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат

осы біліктілік талаптарына               1-қосымшаның 1-тармағына сәйкес нысан бойынша  медициналық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші  «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорымен ықпалдастырылған жеке құқығын куәландыра   тын құжаттардыңмәліметін «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік дерекқорынан алады

2

медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиhаздар, мүкәммал, көлік және басқа құралдар (қажет болған жағдайда)

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаның 2-тармағына сәйкес нысан бойынша  медициналық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 


 

3

медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаның 3-тармағына сәйкес нысан бойынша  медициналық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 

 

4

медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандандырылуы немесе жетілдірілуі және біліктілігін жоғарылатудың басқа түрлері

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес нысан бойынша  медициналық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 

 

5

санитариялық-эпидемиологиялық бейінді мамандарды қоспағанда маманның тиісті сертификаты

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаның 5-тармағына сәйкес нысан бойынша  медициналық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 

 

6

заңды тұлғалар үшін - осы біліктілік талаптарына                            1-қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаның 6-тармағына сәйкес нысан бойынша  медициналық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 


 


 

7

жеке тұлғалар үшін -  медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаның 7-тармағына сәйкес нысан бойынша  медициналық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 


 

8

сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшы үшін (бұдан әрі – сот сарапшы) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес нысан бойынша  медициналық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 

мәліметтер «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында тексеріледі

9

сот-сарапшысы үшін -  сот сараптамасының белгілі бір (тиісті) түрін өндіру құқығына біліктілік куәлігінің болуы

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаның 9-тармағына сәйкес нысан бойынша  медициналық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 

 

10

сот-сарапшысы үшін -  сот-медициналық, сот-психиатриялық немесе сот-наркологиялық сарапшының аттестаттау куәлігінің болуы 

осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаның 10-тармағына сәйкес нысан бойынша  медициналық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 

 

11

сот-сарапшысы үшін - өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы

 

құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган берген өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы туралы  анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші  «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорымен ықпалдастырылған құжаттардың мәліметін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының дерекқорынан  алады

12

сот-сарапшысы үшін - 2010 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәліметтердің болмауы

құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган берген өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы туралы  анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші  «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорымен ықпалдастырылған құжаттардың мәліметін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының дерекқорынан  алады

13

сот-сарапшысы үшін - теріс себептер бойынша сот сараптамасы органдарынан жұмыстан босату туралы еңбек кітапшасында жазбаның болмауы

еңбек кітапшасының көшірмесі

 

14

сот-сарапшысы үшін - наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы 

наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші  «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорымен ықпалдастырылған құжаттардың мәліметін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының дерекқорынан  алады

Фармацевтикалық қызмет үшін

1

меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаның 1-тармағына сәйкес нысан бойынша  фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші  «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорымен ықпалдастырылған жеке құқығын куәландыра   тын құжаттардыңмәліметін «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік дерекқорынан алады

2

нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелеріне сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш жабдықтары бар автомобиль көлігі

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаның 2-тармағына сәйкес нысан бойынша  ұйым басшысы бекіткен тізім туралы мәліметтер нысаны


 

3

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріханаларында дайындалған дәрілік препараттарды құрылымдық бөлімшелерге бөлуге арналған қабылдау-экспедициялық үй-жай

ұйым басшысы бекіткен үй-жай жоспары

құжаттарды «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы құжаттың электрондық көшірмесі түрінде тапсырған кезде
 

4

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес мамандар туралы мәліметтермен расталатын қызметкерлердің штаты

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаның 3-тармағына сәйкес фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары туралы мәлімет нысаны


 

5

фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығаратын ұйымдар үшін:
- дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелердің басшыларында жоғары фармацевтикалық немесе химия-технологиялық, химиялық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының техникалық білімі;
- дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық немесе химиялық, биологиялық білімі немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің техникалық білімі;
- дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығарудың технологиялық процесінде пайдаланылатын жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі маманның техникалық білімі;
2) дәрілік препараттарды дайындайтын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер (бұдан әрі - дәрілік препараттарды дайындайтын дәріхана) үшін:
- дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхананың және оның өндірістік бөлімдері басшысының, сондай-ақ дәрілік препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- дәрілік препараттарды тікелей дайындауды және дайындалған дәрілік препараттарды босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
- аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың және оның өндірістік бөлімдері басшысының орта фармацевтикалық білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
3) дәріханалар үшін:
- дәріхананың немесе оның бөлімдерінің басшысында жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың басшысында орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын мамандардың жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
4) бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті (бұдан әрі - дәріхана пункті) үшін:
- дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі.
Дәріханалары жоқ шалғай ауылдық елді мекендерге арналған дәріхана пункттерінде фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады;
5) дәріхана қоймасы үшін:
- дәріхана қоймасы басшысының және дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкердің жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
- дәріхана қоймасы бөлімдері басшыларының және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
6) дәріханалары жоқ шалғай ауылдық елді мекендерге арналған жылжымалы дәріхана пункті (бұдан әрі - жылжымалы дәріхана пункті) үшін:
- жылжымалы дәріхана пункті меңгерушісінің, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі.
Фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады

осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаның 1-тармағына сәйкес нысан бойынша  фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 


 

6

фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандандырылуы немесе жетілдірілуі және біліктілігін жоғарылатудың басқа түрлері

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаның 5-тармағына сәйкес нысан бойынша  фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 


 

7

заңды тұлғаның білімісіз фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғалар үшін жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі

осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаның 4-тармағына сәйкес нысан бойынша  фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде талап етілетін біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуын растайтын мәліметтер нысаны 


 

Медициналық
қызметті лицензиялау кезінде
қойылатын біліктілік талаптарына
1-қосымша
нысан
Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттардың болуын растайтын мәліметтер нысаны  
Мыналардың болуын растайтын мәліметтер:
Меншік құқығындағы үй-жайлар не ғимараттар немесе жалдау шарты және көрсетілген үй-жайдың (ғимараттың) қабаттық жоспары:
Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалдау құқығындағы өндірістік база туралы мәліметтер  
  1. Кадастрлық нөмірі________________
  2. Орналасқан жері _________________
  3. Жалдау туралы шарттың нөмірі мен күні ______________
2. Медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен аспаптар, құралдар, жиһаз, мүккәмал, көлік және медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес басқада құралдар:
Медициналық және (немесе) арнайы жабдықтың, аппаратура мен аспаптардың, құралдардың, жиһаздың, мүккәмалдың, көлік және басқа да құралдардың тізімі
 _______________________________________________
 (денсаулық сақтау субъектісінің атауы)
       (20___ жылғы «__» ______ жағдай бойынша)

р/с №

Медициналық және (немесе) арнайы жабдықтың, аппаратура мен аспаптардың, құралдардың, жиһаздың, мүккәмалдың, көлік және басқада құралдардың атауы (паспорт бойынша

Өндіруші ел

Өлшем бірлігі

Саны

Шығарылған жылы

Жағдайы  (жұмысқа жарамды/жарамсыз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі:
1.	Дипломы бойынша мамандығы________________
2.	Дипломы бойынша біліктілігі__________________
3.	Дипломның нөмірі______________________
4.	Дипломның сериясы_______________________
5.	Білім беру ұйымының толық атауы_________________
6.	Түскен жылы____________________
7.	Аяқтаған жылы____________________
8.	Диплом нострификациясы туралы деректер (қажет болған кезде)___________
4. Соңғы 5 жыл ішінде медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілікті арттырудың басқа да түрлері:
Мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы мәліметтер
1.	Құжаттың нөмірі _________________________
2.	Циклдің атауы _______________________________
3.	Оқытушы ұйымның толық атауы ________________
4.	Оқытудың басталуы______________________________
5.	Оқытудың аяқталуы ___________________________
6.	Сағат саны___________________________________
5. Тиісті маман сертификаты:
Маман сертификаты туралы мәліметтер
1.	Маман сертификаты берілген мамандықтың атауы
2.	Біліктілік санаты (бар болса – көрсету)
3.	Маман сертификатын берген орган 
4.	Тіркеу нөмірі 
5.	Берілген күні__________________________________________
6.	 Сертификаттың қолданыс мерзімі_______________________
6. Медицина қызметкерлері туралы деректермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты:
Медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері туралы мәліметтер
                          (заңды тұлға үшін)
 ________________________________________________
                   (денсаулық сақтау субъектісінің атауы)
                   (20___ жылғы «__» ______ жағдай бойынша)
  	

р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Атқаратын лауазымы

Білімі

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

7.  Жеке тұлғаларда – мамандығы бойынша жұмыс өтілі медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша 5 жылдан кем емес:
Мәлімделген мамандығы бойынша еңбек қызметі  
 (жеке тұлға үшін)
1.	Медициналық ұйымның атауы _____________________________
2.	Ұйымның орналасқан жері__________________
3.	Атқаратын лауазымы________________________
4.	Мәлімделген мамандық бойынша жұмысқа қабылдау күні _____________
5.	Жұмыстан шыққан күні _______________________
8.  Азаматтығы туралы мәліметтер (сот сарапшы үшін) 
резидент                         
резидент емес
9. Сот сараптамасын өндіру құқығына берілетін  біліктілік куәлігі туралы мәліметтер
1. Берілген күні 
2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі 
3. бұйрықтың № және шығарылған күні
4. Берген орган 
5. Мамандығы
10. Сот сарапшының аттестаттау куәлігі туралы мәліметтер
1. Берілген күні 
2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі 
3. бұйрықтың № және шығарылған күні
4. Берген орган 
5. Мамандығы
6. Аттестаттау куәлігінің қолданыс мерзімі
Фармацевтикалық қызметті
лицензиялау кезінде
қойылатын біліктілік талаптарына
2-қосымша
нысан
Фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттардың болуын растайтын мәліметтер нысаны
Мыналардың болуын растайтын мәліметтер:
1.  Меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар:
Меншік (шаруашылық жүргізу, жедел басқару) және/немесе жалдау құқығындағы өндірістік база туралы мәліметтер  
1. Кадастрлық нөмірі ________________
2. Орналасқан жері  _________________
3. Жалдау туралы шартың нөмірі мен күні __________________
4. Жалға беруші  _________________
5. Жалға берудің аяқталу мерзімі  _____________________
6. Үй-жайдың (ғимараттың) мекен-жайы  ____________________
7. Жалға алынатын шаршы көлем ______________________
2. Нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелеріне сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүккәмал, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш жабдықтары бар автомобиль көлігі:
Жабдықтардың, аппаратураның, аспаптардың, жиһаздың,мүккәмалдың, көлік және басқа да құралдардың  тізімі  
 ________________________________________________
      (денсаулық сақтау субьектісінің атауы)
      (20___ жылғы «__» ______ жағдай бойынша)
 

Медициналық және (немесе) арнайы жабдықтың, аппаратура мен құрал-сайманның, аспаптардың, жиһаздың, мүккәмалдың, көлік және басқа құралдардың атауы (паспорт бойынша)

Өндіруші ел

Өлшем бірлігі

Шыққан жылы

Жағдайы

(жұмысқа жарамды/жарамсыз)

3. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының мамандары туралы мәліметтер:
 Фармацевтикалық  қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының мамандарының тізімі ________________________________________________
      (денсаулық сақтау саласы субьектісінің атауы)
      (20___ жылғы «__» ______ жағдай бойынша)
 

ТАӘ

Атқаратын лауазымы

Білімі, мамандығы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

Соңғы 5 жыл бойынша біліктілігін арттыруы туралы құжат

4. Фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі және мамандығы бойынша еңбек өтілі:
Фармацевтикалық білімі туралы мәліметтер  
1. Мамандығы және біліктілігі  __________________
2. Фармацевтикалық қызметтің кіші түріне сәйкес жоғарғы немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның нөмірі ______________________
3. Фармацевтикалық қызметтің кіші түріне сәйкес жоғарғы немесе орта фармацевтикалық білімі туралы дипломның берілген күні___________________
4. Оқу орнының атауы ________________
5. Жұмыс орны ____________________
6. Лауазымы ____________________ 
7. Жұмыс істеу кезеңі ___________ бастап
8. Жұмыс істеу кезеңі ____________дейін
9. Жұмысқа қабылданғандығы туралы бұйрықтың/ жеке еңбек шартының  нөмірі ____________
10. Жұмысқа қабылданғандығы туралы бұйрықты/ жеке еңбек шартын бекіту күні ______________
11. Жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні ________________
5.  Фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылдағы мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілікті арттырудың басқа түрлері:
Біліктілікті арттыру туралы мәліметтер  
1. Қайта даярлаудан өткен мамандығы _________
2. Оқытушы  ұйымның атауы  _____________________
3. Куәліктің нөмірі ________________
4. Кім берді ______________________________
5. Циклдің атауы ___________________________
6. Сағат саны ____________________
«Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге
тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына және 2010 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес 

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Талап етілмейді

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Жоба сот-медициналық, сот-психиатриялық немесе сот-наркологиялық сараптамалық қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғаларға талаптарды регламенттеу мақсатында және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес келтіру үшін әзірленді

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

жоқ

7

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

жоқ

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

 -

9

Өзге де мәліметтер

-

10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелерді) беруге рұқсат етіледі

-

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

2014 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz интернет ресурсында Үкімет қаулысының жобасы орналастырылған.

Жоба – 145,0 КБ, түсіндірме жазба – 44,5 КБ

12

Пресс-релиз

2014 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www.mz.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 	  С. Қайырбекова
  2014 жылғы «     »      	
«Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі  қаулысының жобасына (бұдан әрі – жоба) анықтама-негіздеме Аталған жоба «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы  Қазақстан Республикасының № 202-V ҚРЗ Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін әзірленген.
Сонымен қатар, осы жобамен, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамаларын жүргізуге жеке тұлғаларды лицензиялау кезінде ұсынылатын талаптар регламенттелген.
Бұдан басқа, Заңның 53-бабының 2-тармағымен «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Қазақстан Республикасының Заңы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң күші жойылды деп танылды.
Осыған байланысты, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңның нормаларына сәйкес осы жобамен:
1) «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 242-құжат);
2) «Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 917-құжат) күші жоюға қойылды.
Қазақстан Республикасының   Денсаулық сақтау министрі		     	              С. Қайырбекова
  2014 жылғы «      »