• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Грант бойынша «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Грант бойынша «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
 «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Грант бойынша «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы туралы
  Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Грант бойынша «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Заңы
 Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Грант бойынша «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» келісімді ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Грант бойынша «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» келісімді ратификациялау туралы.
  Қазақстан Республикасының Президентi
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша грант туралы КЕЛІСІМ
 Траст қоры берген грант 
№ _______
 2014 жылғы __________________________ КЕЛІСІМ  
 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі – Алушы) мен энергияның тиімділігін арттыру және жастар бірлестіктерін дамыту бағдарламалары үшін бір донордың Траст қоры (бұдан әрі – Траст қоры) әкімшісі ретінде әрекет етуші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі – Дүниежүзілік Банк) арасында жасалды.  
 Осы арқылы Алушы және Дүниежүзілік Банк төмендегілер туралы уағдаласты:  
 I бап
Стандартты шарттар; Айқындамалар
  Дүниежүзілік Банк әртүрлі қорлардан бөлетін гранттар бойынша 
2012 жылғы 15 ақпандағы Стандартты шарттар (бұдан әрі – Стандартты шарттар) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.  
  Егер мән мәтінде өзгеше көзделмесе, осы Келісімде пайдаланылатын және бас әріппен жазылған терминдер оларға Стандартты шарттардың немесе осы Келісімнің негізінде берілген мәндерге ие.  
II бап
Жоба  
  2.01. Алушы өзінің осы Келісімге (бұдан әрі – Жоба) 1-қосымшада көрсетілген жоба мақсаттарына шынайы берілгендігін мәлімдейді. Осыған байланысты мезгіл-мезгіл түзетулер енгізілу мүмкіндігін ескере отырып, Стандартты шарттардың II бабының және осы Дүниежүзілік Банк пен Жобаны Атқарушы Агенттік арасындағы Келісім (бұдан әрі – Жоба туралы Келісім) күнгі Келісімнің ережелеріне сәйкес Алушы Жобаны «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама) » Акционерлік Қоғамының (бұдан әрі – Жобаны Атқарушы Агенттік) іске асыруын қамтамасыз етеді.  
  2.02. Осы Келісімнің 2.01-бөлімінің ережелерін шектеусіз, және Алушы мен Дүниежүзілік Банк арасында келісілген өзге жағдайларды қоспағанда, Алушы Жобаның осы Келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.  
 III бап
 Грант
  3.01. Дүниежүзілік Банк Алушыға осы Келісімде жазылған немесе аталған тәртіппен және шарттарда Жобаны қаржыландыруға жәрдем көрсету үшін жиырма бір миллион жеті жүз алпыс үш мың АҚШ доллары 
(21 763 000 $) мөлшерінде грант (бұдан әрі – грант) бөлуге өз келісімін береді.  
  3.02. Алушы грант қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес ала алады.  
  3.03. Грант Траст қорының қаражатынан қаржыландырылады, оны толықтыру үшін Дүниежүзілік Банк Траст қорының донорынан кезең-кезеңімен берілетін жарналар алады. Стандартты шарттардың 3.02-бөліміне сәйкес Дүниежүзілік Банктің төлем міндеттемелері осы Келісімге байланысты донор Траст қоры шеңберінде Дүниежүзілік Банкке бөлетін қаражат сомасымен шектеледі, ал Алушының грант қаражатын алу құқығы аталған қаражаттың болуына байланысты.  
 IV бап
Құқықтық қорғаудың қосымша құралдары  
  4.01. Стандартты шарттардың 4.02. (k) бөлімінде көрсетілген осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұрудың қосымша жағдайлары төменде көрсетілген:
 Алушы Жобаны Атқарушы Агенттікке Жоба туралы Келісім шеңберінде өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін немесе бөгет болатын қандай да бір іс-қимылдар жасаса немесе жасауға рұқсат алса.
 Жобаны Атқарушы Агенттік Жоба туралы Келісім шеңберінде қандай да бір өз міндеттемелерін орындамаса.  
 Дүниежүзілік Банк: (i) Дүниежүзілік Банк Жобаны Атқарушы Агенттіктің алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, зорлық-зомбылық іс-әрекеттер практикаларына, сондай-ақ Дүниежүзілік Банкті қаржыландыру нәтижесінде алынған қаражатты пайдалануға қатысты құпия келісімдер практикасына қатысуы фактілерін анықтау, және/немесе (ii) басқа қаржыландырушы ұйымның Жобаны Атқарушы Агенттіктің алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, зорлық-зомбылық іс-әрекеттер практикаларына, сондай-ақ осы қаржыландырушы ұйым беретін қаражатты пайдалануға байланысты құпия келісімдер практикаларына қатысы болу фактілерін оның анықтауы нәтижесінде Жобаны Атқарушы Агенттіктің аталған ұйым қаржыландыратын қаражатты алуға немесе аталған қаржыландырушы ұйым толық немесе ішінара қаржыландыратын кез келген жобаны дайындауға немесе іске асыруға өзгеше түрде қатысуға құқығы жоқтығы туралы жасаған мәлімдемесінің нәтижесінде Жобаны Атқарушы Агенттікті Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын қаражатты алу немесе Дүниежүзілік Банк толық немесе ішінара қаржыландыратын (оның ішінде басқа қаржыландырушы ұйым беретін қаражаттың әкімшісі ретінде) кез келген жобаны дайындауға немесе іске асыруға кез келген өзге қатысу үшін талаптарға сәйкес келмейді деп жарияласа.
 Осы Келісімге қол қойылған кезден бастап болған оқиғалар салдарынан Жобаны Атқарушы Агенттіктің Жоба туралы Келісім шеңберіндегі міндеттемелерін орындауын күмәнді ететін төтенше жағдай туындаса.  
 Жобаны Атқарушы Агенттіктің Жоба туралы Келісім шеңберінде өз міндеттемелерін орындау қабілетіне едәуір дәрежеде, сондай-ақ теріс әсерін тигізуі мүмкін Жобаны Атқарушы Агенттiктің соған сәйкес құрылған және қызмет ететін Құрылтай Құжаттары өзгертiлсе, жойылса, күшін жойса немесе оның қолданысы тоқтатыла тұрса.
 Осы Келісімнің 5.03-бөлімінде айтылған Келісім күшіне енген күннен кейін Дүниежүзілік Банк осы күн басталғанға дейін, бірақ осы Келісімге қол қойылған күннен кейін Дүниежүзілік Банкке, егер осы Келісім осындай оқиға болған күні күшіне енген жағдайда, Алушының грант шотынан қаражат алу құқығын тоқтата тұруға құқық беретін оқиғаның орын алғанын анықтаса.
 V бап
 Келісімнің күшіне енуі; Қолданысын тоқтатуы
  5.01. Осы Келісім Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын төменде көрсетілген шарттардың сақталғаны жөнінде құжаттамалық куәліктер Дүниежүзілік Банкке ұсынылғанға дейін күшіне енбейді.
  Осы Келісімнің Алушы атынан және Жоба туралы Келісімнің Жобаны Атқарушы Агенттіктің атынан жасалуына және орындалуына қажетті мемлекетішілік рәсімдерді және корпоративті  іс-қимылдарды жүргізу арқылы тиісті түрде санкцияланса немесе ратификацияланса.
  Егер Дүниежүзілік Банктің өтініші бойынша Жобаны Атқарушы Агенттіктің жай-күйі Жоба туралы Келісім жасалған күні Дүниежүзілік Банкке ұсынылған немесе кепілдік берілген күйінде осы күн басталғаннан кейін ешқандай елеулі келеңсіз өзгерістерге ұшырамаса.
  Осы Келісімге 2-қосымшаның I.D бөлімінде аталатын Қосымша келісімге Алушы және Жобаны Атқарушы Агенттік атынан қол қойылса.
  Алушы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (бұдан әрі – ИЖТМ) жәрдемдесуімен осы Келісімге 2-қосымшаның I.В бөліміне сәйкес Дүниежүзілік Банк үшін қолайлы нысанда Жоба жөніндегі Операциялық Нұсқаманы бекітсе және Жобаны Атқарушы Агенттіктің бекітуін қамтамасыз етсе.  
  Алушы Жобаны Басқарушы Комитетті құрса, Комитеттің жұмыс тәртібі мен функцияларын, сондай-ақ осы Келісімге 2-қосымшаның I.A.2-бөліміне сәйкес Дүниежүзілік Банк талаптарына сай келетін уәкілетті өкілдерді айқындаса.  
  Алушы Жобаны Атқарушы Агенттіктің осы Келісімге 2-қосымшаның
I.A.3-бөліміне сәйкес Дүниежүзілік Банктің талаптарына сай келетін әзірленген техникалық тапсырмалары, жиынтықталған штаты мен ресурстары бар Жобаны Іске асыру Тобының құрылуын қамтамасыз етсе.
  5.02. 5.01. (а) бөліміне сәйкес ұсынылуы тиіс куәліктердің құрамында, Дүниежүзілік Банкке Дүниежүзілік Банкті қанағаттандыратын қорытынды немесе Дүниежүзілік Банк үшін қолайлы құқықтық сарапшының қорытындылары немесе, егер мұндай талапты Дүниежүзілік Банк ұсынса, Дүниежүзілік Банкті қанағаттандыратын Алушының құзыретті лауазымды тұлғасының төмендегілер туралы куәландыратын растауы ұсынылады:
 Алушы атынан осы Келісім қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу арқылы тиісті түрде санкцияланғаны немесе ратификацияланғаны, сондай-ақ Алушы атынан қол қойылғаны және орындалғаны және ол үшін осы Келісімнің шарттарына сәйкес міндетті заңды күші бар екендігін.  
 Жобаны Атқарушы Агенттік атынан Жоба туралы Келісімнің тиісті түрде санкцияланғаны немесе ратификацияланғаны, сондай-ақ Жобаны Атқарушы Агенттік атынан қол қойылғаны және орындалғаны және осы Жоба туралы Келісімнің шарттарына сәйкес ол үшін міндетті заңды күші бар екендігін.
 Осы Келісімге 2-қосымшаның I.D бөлімінде айтылатын Қосымша Келісімді Алушы және Жобаны Атқарушы Агенттік тиісті түрде санкциялағаны немесе ратификациялағаны және Қосымша Келісімнің шарттарына сәйкес әр тарап үшін міндетті заңды күші бар екендігін.  
  5.03. Алушы мен Дүниежүзілік Банк арасында өзгеше келісілген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім Дүниежүзілік Банк Алушының мекенжайына 
5.01-бөлімге сәйкес ұсынылуға тиіс құжаттамалық куәліктерді Дүниежүзілік Банк қабылдағаны туралы хабарламаны жіберген күні (бұдан әрі – Күшіне ену күні) күшіне енеді. Егер күшіне ену күніне дейін Дүниежүзілік Банкке Алушының грант шотынан қаражат алуға құқығын тоқтата тұруға уәкілеттік беретін оқиға орын алса, Дүниежүзілік Банк осындай оқиға (осындай оқиғалар) аяқталмағанға (аяқталғанға) дейін осы Бөлімде айтылған хабарламаны жіберуді кейінге қалдыра алады.  
VI бап
Алушының өкілі; Заңды мекенжайлар  
  6.01. Стандартты шарттардың 7.02-бөлімінде айтылған Алушының өкілі ИЖТМ болып табылады.  
  6.02. Стандартты шарттардың 7.01-бөлімінде айтылған Алушының заңды мекенжайы:
  Қазақстан Республикасы
  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі  
  Қабанбай батыр даңғылы, 32/1  
  Астана 010000
  Қазақстан Республикасы  
  Факс: +7-7172-24-12-31
  6.03. Стандартты шарттардың 7.01-бөлімінде сілтеме бар Дүниежүзілік Банктің заңды мекенжайы:  
   International Bank for Reconstruction and Development
   1818 H Street, N.W.
  Washington, D.C. 20433
   United States of America
   Телеграф: Телекс: Факс:
  INDEVAS 248423 (MCI) немесе 1-202-477-6391
   Washington, D.C. 64145 (MCI)
  ______________, __________КЕЛІСІЛДІ, алғашқы жасалған күні және жылы.
  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
  _________________________________
 Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.: __________________________
  Лауазымы: ____________________
 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
  (энергия тиімділігін арттыру және жастар бірлестіктерін дамыту бағдарламалары үшін бір донордың Траст қорының әкімшісі ретінде әрекет етуші)
  _____________________________________
 Уәкілетті өкіл
Т.А.Ә.:__________________________
  Лауазымы: _____________________
 _______________________
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша грант туралы келісімге 1-ҚОСЫМША  
Жобаның сипаттамасы  
  Жобаның мақсаттары: (i) мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар объектілердің энергия тиімділігін және (ii) энергетиканы орнықты қаржыландыру үшiн қолайлы ортаны жақсарту болып табылады.  
  Жобаға мынадай құрамдас бөліктер кіреді:
 1-бөлiк: Мемлекеттiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлерде көрсетілетін кіші жобаларды дайындау және іске асыру
  Жоба жөніндегі операциялық нұсқамада жазылған критерийлерге сәйкес қоғамдық ғимараттарда энергия тұтынуды азайту мақсатында құқықтық күші бар кіші жобаларды іске асыру.  
 2-бөлiк: Алушыға және Жобаны Атқарушы Агенттiкке техникалық жәрдемдесу
 ИЖТМ және Жобаны Атқарушы Агенттіктің әлеуетін үйлестiру, іске асыру, мониторингтеу, бағалау және басқару үшін күшейту.
 Энергия тиiмдiлiгі саласында техникалық зерттеулер жүргiзу.
 Жобаның 1-бөлiгі шеңберiнде қаржыландырылатын кіші жобаларға байланысты ақпараттық-ағарту және ақпараттық науқандарды өткізу.
 Энергетиканы қаржыландырудың орнықты тетiктерiн құруды қолдау үшiн құқықтық, институционалдық және нормативтiк құжаттарды әзірлеу.
 Энергия тиімділігі саласындағы қаржыландыруға дайын инвестициялық жобалардың тізімін жасауды қоса алғанда, қаржыландыру мен энергия тиімділігін арттыруға инвестицияларды қаржыландырудың экономикалық негізделген схемаларын іске асырудың егжей-тегжейлі тетіктерін әзірлеу.  
 _____________________
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша грант туралы келісімге 2-ҚОСЫМША
Жобаны іске асыру
  І бөлім Институционалдық және басқа да тетіктер
  А. Институционалдық тетіктер
  1. ИЖТМ Алушы атынан Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі бойына Жоба бойынша іс-қимылдарды жалпы үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді.  
  2. Алушы ИЖТМ және ИЖТМ, Жобаны Атқарушы Агенттік өкілдері және Алушы тарапынан басқа да министрліктердің өкілдері басқаратын, Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын және Жоба жөніндегі операциялық нұсқамада егжей-тегжейлі көрсетілген операциялық рәсімдері мен функциялары бар және ұлттық саясат пен стратегияларға сәйкес Жобаның қызметіне стратегиялық басшылық жасау үшін және Жобаның мақсаттарына қол жеткізу прогресін бақылау үшін жауапты болуға тиіс Жобаның Басқару комитетінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
  3. Алушы Жобаны Атқарушы Агенттіктің Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын әзірленген техникалық тапсырмалары бар, штатпен және ресурстармен жасақталған, Жобаны күн сайын орындау, қаржылық басқару, сатып алу, мониторингтеу және оның қызметін бағалау жөніндегі міндеттер жүктелетін Жобаны Іске асырушы Топ құруын және оның Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңінде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Топтың құрамына басқалармен қатар жоба менеджері, қаржылық басқару жөніндегі маман, сатып алу жөніндегі маман және қоршаған орта жөніндегі маман кіруге тиіс.  
  В. Жоба жөніндегі операциялық нұсқама
  Алушы Жобаны Атқарушы Агенттіктің Жобаны Дүниежүзілік Банк талаптарын қанағаттандыратын басшылық ету ережелеріне (бұдан әрі – Жоба жөніндегі операциялық нұсқама) сәйкес орындауын қамтамасыз етуге міндеттенеді, ол өзгелермен қатар мыналарды қамтуға тиіс:
  (а) Жобаны іске асыру тетіктері, сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері, сондай-ақ қаржылық басқару қырлары;  
  (b) Жобаны іске асыру үшін операциялық және әкімшілік рәсімдер;
  (с) кіші жобаларды таңдау, бағалау, іске асыру және бақылау бойынша критерийлер мен рәсімдік талаптар;
  (d) Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжатқа сәйкес кіші жобаларды орындау үшін Қоршаған ортаны басқару жөніндегі жоспарларды іске асырудың рәсімдік талаптары;
  (е) Жобаны іске асыру бойынша мониторинг, бағалау, басқару және есептілік тетіктері; сондай-ақ
  (f) Жобаны Басқару Комитетінің операциялық рәсімдері мен функциялары.
  3. Жоба жөніндегі операциялық нұсқаманың шарттары мен осы Келісімнің шарттары арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, осы Келісім шарттарының күші басымдыққа ие болады.  
  С. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  Алушы Жобаны іске асыруды 2006 жылғы 15 қазандағы «ХҚДБ қарыздары қаражаты және ХДҚ кредиттері мен гранттары есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөніндегі нұсқаманың» және құжаттың 2011 жылдың қаңтарында жаңартылған нұсқасының («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқама») ережелеріне сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.  
  D. Қосымша келісім
  1. Жобаны іске асыруға жәрдемдесу үшін Алушы Жобаны Атқарушы Агенттікке Дүниежүзілік Банктің талаптарына жауап беретін шарттарда Алушы мен Жобаны Атқарушы Агенттік арасында жасалған Қосымша келісім шеңберінде грант қаражатын беруге міндеттенеді.
  2. Алушы Қосымша келісімге сәйкес Алушы мен Дүниежүзілік Банктің мүдделері қорғалатындай, ал гранттың мақсаттарына қол жеткізілетіндей дәрежеде өз құқықтарын жүзеге асыруға және өз міндеттерін орындауға міндеттенеді. Дүниежүзілік Банкпен өзгеше келісілген жағдайларды қоспағанда, Алушының Қосымша келісімді немесе оның қандай да бір ережелерін қайта табыстауға, өзгертуге, қабылдамауға, одан жалтаруға немесе орындамауға құқығы жоқ.
  3. Қосымша келісімнің шарттары мен осы Келісімнің шарттары арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, осы Келісім шарттарының күші басымдыққа ие болады.
  Е. Кіші жобалар
  1. Жобаның 1-бөлігін орындау үшін және кез келген кіші жобаларды кез келген облыстың аумағында іске асырғанға дейін Алушы көрсетілген кіші жобаларды іске асыру барысында облысқа тиісті қолдау көрсетуді қамтамасыз ету үшін, көрсетілген облыстың Дүниежүзілік Банктің талаптарына жауап беретін барлық қажетті әкімшілік шараларды қолдануы үшін ИЖТМ арқылы тиісті облыспен өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – ӨТМ) қол қояды.
  2. Жобаның 1-бөлігін орындау үшін және кез келген кіші жобаларды кез келген облыстың аумағында іске асырғанға дейін жоғарыда көрсетілген кіші жобаларды жүзеге асыру барысында Таңдаулы әкімшілік бірліктің қолдау көрсету міндеттемесін қамтамасыз ету үшін Алушы Таңдаулы Әкімшілік Бірліктің Жобаны Атқарушы Агенттікпен және Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын тиісті құқыққа сыйымды бенефициармен Кіші жоба туралы келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.
  3. Жобаның 1-бөлігін іске асыру үшін Алушы Жобаны Атқарушы Агенттіктің мыналарды орындауын қамтамасыз етеді:
  (а) Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын және Жоба жөніндегі операциялық нұсқамада егжей-тегжейлі айтылған критерийлер мен рәсімдерге сәйкес кіші жобаларды таңдау, бағалау және бекіту.
  (b) тиісті кіші жобаны іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, консалтингілік және консультациялық емес қызметтерді сатып алу.
  (с) тиісті кіші жобаны Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын тиісті дәрежеде әзірленген техникалық, экономикалық, қаржылық, басқарушылық, экологиялық және әлеуметтік стандарттар мен практикаларға сәйкес тиісті түрде және тиімді іске асыру.  
  (d) тиісті кіші жобаны Кіші жоба туралы келісімнің, Жоба жөніндегі операциялық нұсқаманың, Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжаттың және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаманың қолданыстағы ережелеріне сәйкес жүзеге асыру.
  (е) Дүниежүзілік Банкті қанағаттандыратын жағдайда тиісті құқықтық күші бар бенефициармен және тиісті Таңдаулы Әкімшілік Бірлікпен Кіші жоба туралы келісім жасасу.
  (f) өзгелердің ішінде әрбір құқықтық күші бар бенефициарға қойылатын: (А) Алушыға, Жобаны Атқарушы Агенттікке және Дүниежүзілік Банкке тиісті кіші жобаларды тексеру, олардың іске асырылуын және тиісті құжаттаманы тексеру құқығын беру, сондай-ақ (В) Алушы, Жобаны Атқарушы Агенттік немесе Дүниежүзілік Банк жоғарыда айтылғанға байланысты негізделген талап етуі мүмкін барлық ақпаратты Алушыға, Жобаны Атқарушы Агенттікке және Дүниежүзілік Банкке дайындау және ұсыну талабын қоса алғанда, өз мүдделерін және Алушының және Дүниежүзілік Банктің мүдделерін тиісінше қорғау құқығын алу.
  4. Кіші жоба туралы келісімнің шарттары мен осы Келісімнің шарттары арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, осы Келісім шарттарының күші басымдыққа ие болады.
  F. Қорғау саясатының шараларын сақтауды қамтамасыз ету.
  1. Алушы Жобаны Атқарушы Агенттіктің Жобаны Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжатқа сәйкес орындауын қамтамасыз етеді, ал Жобаны Атқарушы Агенттік Дүниежүзілік Банктің алдын ала жазбаша келісімін алмай Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжаттың кез келген ережелерін қайта табыстай, өзгерте, бұза, жоя немесе жалтара алмайды.
  2. Алушы Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжаттың және Қоршаған ортаны басқару жоспары ережелерінің сақталуын бақылау үшін қажетті барлық шараларды уақтылы қолданылатындығына қатысты Жобаны Атқарушы Агенттік тарапынан кепілдіктер берілуін қамтамасыз етеді.
  3. Алушы Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжаттың ережелеріне және Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес келетін Қоршаған ортаны басқару жоспарының тиісінше әзірленуіне және іске асыру үшін осындай Жоспардың ұсынылуы міндетті болып табылатын кіші жоба шеңберінде қандай да бір жұмыстар басталғанға дейін ұсынылуына қатысты Жобаны Атқарушы Агенттік тарапынан кепілдіктер берілуін қамтамасыз етеді.  
  ІІ Бөлім Жоба бойынша мониторинг, есептілік және қызметті бағалау  
  А. Жобаның іске асырылу барысы туралы есеп; Жобаның іске асырылуының аяқталғандығы туралы есеп.
  1. Алушы Жоба бойынша жұмыстың барысын бақылайды және бағалайды және Стандартты шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес келетін көрсеткіштердің негізінде Жобаның іске асырылуы туралы есеп жасайды. Жобаның іске асырылуы туралы әрбір Есеп ұзақтығы бір күнтізбелік семестр болатын кезеңді қамтиды және Есепте қамтылатын кезең аяқталғаннан кейін қырық бес күннен кешіктірмей Дүниежүзілік Банкке ұсынылады.
  2. Алушы Жобаның іске асырылуының аяқталуы туралы есепті Стандарттық шарттардың 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес жасайды. Жобаның іске асырылуының аяқталғандығы туралы есеп жоба бойынша жұмыстар аяқталған күннен кейін алты айдан кешіктірмей Дүниежүзілік Банкке ұсынылады.
  В. Қаржылық басқару; Қаржылық есептер; Аудиторлық тексерулер
  1. Алушы Жобаны Атқарушы Агенттіктің Стандартты шарттардың 
2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын Жоба бойынша қаржылық басқару жүйесін құруын қамтамасыз етеді.
  2. Алушы Жоба бойынша тоқсандық аралық аудиттелмеген қаржылық есептердің Дүниежүзілік Банк талаптарына сай келетін нысанда және мазмұнда жасалып, әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін қырық бес күннен кешіктірмей Дүниежүзілік Банкке ұсынылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
  3. Алушы Жоба бойынша қаржылық есептілікті аудиторлық тексеруді Стандартты шарттардың 2.07. (b) бөлімінің ережелеріне сәйкес ұйымдастырады. Қаржылық есептілікті әрбір аудиторлық тексеру Алушының бір қаржылық жыл кезеңін қамтиды. Әрбір кезең бойынша аудиторлық тексеруден өткен қаржылық есептілік аудиттелген кезең аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірмей Дүниежүзілік Банкке ұсынылады.
  ІІІ бөлім Сатып алуды жүзеге асыру
  А. Жалпы ережелер  
  1. Сатып алуды және консалтингілік қызметтер көрсетуді жүзеге асырудың басшылыққа алынатын қағидаттары. Жобаны іске асыру үшін қажетті және грант қаражатынан қаржыландырылатын тауарлардың, жұмыстардың, консультациялық емес және консалтингілік көрсетілетін қызметтердің барлығын сатып алу мынадай құжаттарда:
  (а) 2011 жылғы қаңтарда шығарылған «Дүниежүзілік Банктің қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша тауарларды, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуді сатып алу жөніндегі нұсқаманың» (бұдан әрі – Сатып алу жөніндегі нұсқама) І бөлімінде тауарларға, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуге қатысты және 2011 жылғы қаңтарда шығарылған «Дүниежүзілік Банктің қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың» (бұдан әрі – Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқама) І және ІV бөлімдерінде консультанттар көрсететін қызметтерге қатысты; сондай-ақ
  (b) осы ІІІ бөлімнің ережелерінде жазылған немесе ескерілген, сондай-ақ Сатып алу жоспарында нақтыланған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Айқындамалар. Осы Бөлімде төменде сатып алудың нақты әдістерін немесе Дүниежүзілік Банктің жекелеген келісімшарттарды қарау әдістерін сипаттау үшін бас әріппен қолданылатын терминдер орын алған жағдайға байланысты «Сатып алу жөніндегі нұсқаманың» ІІ және ІІІ бөлімдерінде немесе «Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың» ІІ, ІІІ, ІV және V бөлімдерінде жазылған тиісті әдіске жатады.
  В. Тауарларды, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуді сатып алудың белгілі бір әдістері
  1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмесе, тауарларды, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуді сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттықты өткізу нәтижесінде берілген келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады.
  2. Тауарларды, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуді сатып алудың басқа әдістері. Сатып алу жоспарында көрсетілген келісімшарттар шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен консультациялық емес қызметтер көрсетуді сатып алу үшін халықаралық конкурстық сауда-саттықтан басқа мынадай: (а) осы Келісімге 2-қосымшаға Толықтыруда жазылған қосымша ережелер ескеріле отырып, ұлттық конкурстық сауда-саттық, (b) Тауарларды сатып алу, және (с) тікелей келісімшарттарды жасасу сияқты әдістер қолданылуы мүмкін.  
 C. Консалтингілік қызметтер көрсетуді сатып алудың белгілі бір әдістері
  1. Баға және сапа арақатынасына негізделген іріктеу. Егер төмендегі 
2-тармақта өзгеше көзделмесе, онда консалтингілік қызметтер көрсетуді сатып алу сапа және құн бойынша іріктеу негізінде берілген келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
  2. Консалтингілік қызметтер көрсетуді сатып алудың басқа әдістері. Сатып алу жоспарында көрсетілген тапсырмалар шеңберінде консалтингілік қызметтер көрсетуді сатып алу үшін сапа және құн бойынша іріктеуден басқа мынадай: (a) сапа бойынша іріктеу, (b) ең төмен құн бойынша іріктеу, (c) бекітілген бюджет жағдайларында іріктеу, (d) консультант біліктілігіне негізделген іріктеу, (e) бірыңғай көзден іріктеу, сондай-ақ (f) дара консультанттарды іріктеу сияқты әдістер қолданылуы мүмкін.  
  D. Дүниежүзілік Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерге шолу жасауы
  Сатып алу жоспарында Дүниежүзілік Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар айқындалады. Барлық қалған келісімшарттар Дүниежүзілік Банктің кейіннен қарауына жатады.
  ІV бөлім Грант қаражатын алу
  А. Жалпы ережелер
  Алушы төмендегі 2-тармақтың кестесінде берілген құқықтық күші бар шығыстарды қаржыландыру үшін грант қаражатын мыналардың: (а) Стандартты шарттардың ІІІ бабының, (b) осы бөлімнің, сондай-ақ (с) Алушыға хабарламада (Дүниежүзілік Банк мезгіл-мезгіл енгізетін өзгерістерді және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісім шеңберінде қолданылатынын ескере отырып, 2006 жылдың мамырында басып шығарылған «Дүниежүзілік Банктің жобаны іске асыруға қаражат беру жөніндегі нұсқамасын» қоса алғанда) Дүниежүзілік Банк айқындай алатын қосымша нұсқаулықтардың ережелеріне сәйкес ала алады.
 Төменде ұсынылған кестеде грант қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін заңды шығыстардың санаттары (бұдан әрі – Санат), әрбір Санатқа грант сомасының бөлінуі, сондай-ақ әрбір Санатта құқықтық күші бар шығыстар шеңберінде қаржыландырылатын шығыстардың пайыздық үлесі көрсетілген:  
  

Санат

Гранттан бөлінген сома ( АҚШ долл.)

Қаржыландырылатын шығыстардың пайыздық қатынасы

( салықтарды қоса алғанда )

(1) Жоба бойынша

1-бөліктің кіші жобаларын іске асыру шеңберіндегі тауарлар, жұмыстар, консультациялық емес қызметтер көрсету, консалтингілік қызметтер көрсету

17 700 000

100%

(2) Жоба бойынша

2-бөлікті орындау шеңберіндегі тауарлар, жұмыстар, консультациялық емес қызметтер көрсету, консалтингілік қызметтер көрсету, оқыту және операциялық шығыстар

4 063 000

100%

Жалпы сома

21 763 000



  (а) «Операциялық шығыстар» термині Жобаны іске асыруға, көлік құралдары мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жалдауға байланысты, отынға, кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарына төлеу үшін, көлік құралдары мен жабдықтарды сақтандыру, офисті жалдау, интернет пен байланыс төлемдері, ақпараттық жүйелерді қолдау, құжаттаманы аударуға байланысты шығыстарды төлеу, банк алымдарын, коммуналдық қызметтерді, сондай-ақ туристік және көлік шығыстарын төлеу, тәуліктік және тұру шығыстарын және Жоба бойынша қызметті жүзеге асыруға тікелей байланысты басқа да негізді шығыстарды төлеу үшін Алушы және/немесе Жобаны Атқарушы Агенттік көтерген негізді және қосымша шығыстарды білдіреді. Қосымша шығыстар Алушының немесе Жобаны Атқарушы Агенттіктің мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамдарының жалақысын қамтымайды.
  (b) «Оқыту» термині Жобаны іске асыру барысында мыналарға: (і) өткізілетін оқытуға байланысты жаттықтырушылар және оқитындар көтерген көшіп-қонуға, тұруға, тамақтануға және тәуліктік негізделген шығыстарға, (іі) курс құнына, (ііі) оқыту/семинар өткізу үшін үй-жайлар мен жабдықтарды жалдау ақысына, (іv) осы тармақта көзделмеген оқыту материалдарын дайындауға, алуға, қайта шығаруға және таратуға орай шығыстарға байланысты туындайтын шығыстарды (консалтингілік немесе консультациялық емес қызметтер көрсетуге байланысты емес) білдіреді.  
  В. Қаражатты алу шарттары; Қаражатты алуға арналған кезең
  1. Осы бөлімнің А бөлігінің ережелеріне қарамастан, осы Келісімге қол қойылған кезге дейін орындалған төлемдер үшін грант қаражатын алу мүмкін емес.
  2. Стандартты шарттардың 3.06 (с) бөліміне сәйкес жабылу күні 2017 жылғы 30 маусым болып есептеледі.
  V бөлім Өзге де міндеттемелер
  А. Алушы осы грант күшіне енген сәттен бастап 30 күн ішінде Жобаны Атқарушы Агенттіктің қаржылық басқару жөніндегі маманды жалдауын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
  В. Алушы осы грант күшіне енген сәттен бастап 30 күн ішінде Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес келетін бухгалтерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды және Жобаны Атқарушы Агенттіктің пайдалануын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
__________________________  
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша грант туралы келісімге ҚОСА БЕРІЛГЕН ҚОСЫМША
  I бөлім. Айқындамалар
 Айқындамалар
 «Құқықтық күші бар бенефициар» – Жоба жөніндегі операциялық нұсқамада көрсетілген, атап айтқанда, мемлекеттік меншік, ғимараттың құрылымдық бекінісі және жабу, санын қысқарту немесе жекешелендіру жоспарларының болмауы сияқты заңдылықтың негізгі критерийлеріне сәйкес ____ инвестициялауға құқығы бар алушы.
 «Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжат» Дүниежүзілік Банктің 2013 жылғы 9 қаңтардағы талаптарына жауап беретін, ол туралы ақпарат Дүниежүзілік Банктің Infoshop-ында 2013 жылғы 11 қаңтарда берілген Алушының экологиялық басқару жөніндегі негіздемелік құжаты. Құжатта жобаны іске асыру нәтижесінде болатын экологиялық және әлеуметтік салдарды бағалаудың қағидаттары, қағидалары, басшылыққа алынатын нұсқаулары мен рәсімдері және теріс салдарды жеңілдету, мониторинг жөніндегі шаралар, сондай-ақ қолайсыз экологиялық және әлеуметтік салдарды болдырмау немесе азайту үшін Жобаны іске асыру және пайдалану барысында қолданылатын іс-шаралар жазылады.  
 «Қоршаған ортаны басқару жоспары» – Дүниежүзілік Банктің талаптарына жауап беретін Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжатта жазылған параметрлерге сәйкес дайындалған Жобаны іске асырудың белгілі бір аумағы үшін қоршаған ортаны басқару жоспары. Қоршаған ортаны басқару жоспарын осындай Жоспардың болуы Қоршаған ортаны басқару жөніндегі негіздемелік құжат ережелеріне сәйкес қажетті талап болып табылатын әрбір кіші жоба үшін Жобаны Атқарушы Агенттік әзірлейді және қабылдайды; келеңсіз салдарды жеңілдету, мониторинг жөніндегі шараларды және теріс экологиялық және әлеуметтік салдарды болдырмау, олардың әсерін азайту немесе осындай салдарды қолайлы деңгейге дейін азайту үшін кіші жобаны іске асыру немесе пайдалану барысында қабылданатын іс-шараларды қамтиды.
  «ИЖТМ» – Алушының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі немесе оның құқықтық мирасқоры.  
 «Облыс» – Алматы мен Астананы қоса алғанда, Алушының 16 өңірінің бірі.  
 «Сатып алу жоспары» – 2013 жылғы 9 қаңтардағы Жобаны іске асыру үшін және «Сатып алу жөніндегі нұсқаманың» 1.16-параграфында және «Консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаманың»
1.24-параграфында айтылған, көрсетілген параграфтарға сәйкес мезгіл-мезгіл өзгерістер енгізілуі мүмкін сатып алу жоспары.  
 «Жоба туралы келісім» – Дүниежүзілік Банк пен Жобаны Атқарушы Агенттік арасында [___] жасалған келісім және аталған термин өзіне Жоба туралы келісімге қосымша болып табылатын барлық қосымшалар мен келісімдерді қамтиды.  
 «Жобаны Атқарушы Агенттіктің Құрылтай Құжаттары» – (А) оған сәйкес Жобаны Атқарушы Агенттік құрылатын және басқарылатын, түзетулер ескерілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашасындағы № 1294 қаулысы және (Б) Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің № 57 бұйрығымен бекітілген «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ Жарғысы.  
  «Жобаны Атқарушы Агенттік» – Жобаны Атқарушы Агенттіктің Құрылтай Құжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанынан құрылған, Жобаны іске асыруға жауапты, мемлекетке тиесілі «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы немесе оның құқықтық мирасқоры.
 «Жобаны іске асыру тобы» немесе «ЖІАТ» – осы Келісімге 
2-қосымшаның I.A.3-бөлімінде айтылатын, Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес келетін әзірленген техникалық тапсырмалары, штат кестесі және ресурстары бар бірлік.  
 «Жоба жөніндегі операциялық нұсқама» – осы Келісімге 
2-қосымшаның I.B бөлімінде айтылатын, Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын және Дүниежүзілік Банкпен алдын ала келісілген ықтимал мерзімдік түзетулерді ескере отырып, Алушы мен Жобаны Атқарушы Агенттік қабылдаған нұсқама.  
 «Қоғамдық ғимарат» – (i) мемлекеттік меншіктегі (яғни жеке тұлға немесе корпорация бақыламайтын, мемлекеттің меншігі болып табылады), (ii) тұрақты құрылымды және (iii) оған қатысты жабу, санын қысқарту немесе жекешелендіру жоспарлары қаралмайтын әкімшілік бірлік аумағындағы объект.
 «Таңдаулы әкімшілік бірлік» – кіші жобалар іске асырылатын Алушының аумағындағы «облыс», «аудан» немесе «қала».  
 «Жобаны Басқарушы Комитет» – осы Келісімге 2-қосымшаның I.A.4-бөлімінде айтылатын комитет, сондай-ақ оның кез келген құқықтық мирасқоры.  
 «Кіші жоба» – Жобаны Атқарушы Агенттік Жобаның 1-бөлігіне сәйкес құқықтық күші бар бенефициардың игілігі үшін Жоба жөніндегі операциялық нұсқамада жазылған критерийлерге (экологиялық және әлеуметтік қарастыруды қосқанда, бірақ олармен шектелмей) және құқықтық күшіне қойылатын талаптарға сәйкес таңдалған қоғамдық ғимараттарға қатысты жүргізетін немесе жүргізуді жоспарлаған және егер осындай бағалау өткізуді Дүниежүзілік Банк талап етсе, кіші жобаны (оның ішінде Қоршаған ортаны басқару жоспарларын) іске асыру нәтижесінде экологиялық және әлеуметтік салдарлардың мәніне бағалауға жататын қызмет немесе бірқатар іс-шаралар.
 «Кіші жоба туралы келісім» – Жобаның 1-бөлігі шеңберінде құқықтық күші бар бенефициардың игілігі үшін кіші жобаны іске асыру шарттары жазылған Жобаны Атқарушы Агенттік, таңдаулы әкімшілік бірлік пен құқықтық күші бар бенефициар арасында жасалған келісім.
 «Қосымша келісім» – осы Келісімге 2-қосымшаның I.D бөлімінде айтылытын келісім, оған сәйкес Алушы Жобаны Атқарушы Агенттікке грант қаражатын ұсынады.  
 «Траст қоры» – Швейцарияның Даму және Ынтымақтастық Агенттігі ұсынған, Швейцария Конфедерациясының Үкіметі берген қаражаттан қаржыландырылатын Энергия тиімділігін арттыру және Жастар бірлестіктерін дамыту бағдарламалары үшін бір донордың Траст қоры.
 _____________________________
 2-қосымшаға толықтыру
Ұлттық конкурстық сауда-САТТЫҚ – өзгерістер
 Ұлттық конкурстық сауда-саттық шеңберінде сақталатын сатып алуды жүзеге асыру рәсімі Алушының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2013 жылғы 
6 қаңтардағы № 63-V Заңда жазылған «Тендер арқылы мемлекеттік сатып алу» рәсімі болып табылады; алайда осындай рәсім I бөлімнің ережелеріне, 
III бөлімнің 3.3 және 3.4-тармақтарына және «Сатып алу жөніндегі нұсқаманың» 1-қосымшасына және мынадай қосымша ережелерге сәйкес болуға тиіс жағдайда:  
 Құқықтық күш: Сатып алу жөніндегі нұсқаманың I бөліміне сәйкес сауда-саттыққа қатысушылардың сатып алу процесіне қатысу құқықтылығы және оларға Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын келісімшартты беру; тиісінше, сауда-саттыққа қатысушы немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушы Сатып алу жөніндегі нұсқаманың 
I бөлімінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын келісімшарттарды оларға беру үшін құқылы емес деп жариялануы мүмкін емес. Шетелдік қатысушылар ұлттық конкурстық сауда-саттыққа қатысуға жіберіледі және шетелдік қатысушылар сатып алу процесіне қатысу құқығын алу үшін сауда-саттыққа жергілікті қатысушылармен ынтымақтастықта болуға міндетті емес.  
 Тіркеу: конкурстық сауда-саттық алдын ала тіркелген фирмалардың қатысуымен шектелмейді, ал шетелдік қатысушылардан сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер беру үшін алдын ала талап ретінде жергілікті билік органдарында тіркелу талап етілмейді.
 Артықшылықтар: конкурстық ұсыныстарды бағалау барысында сауда-саттыққа қатысушының ұлты, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және жұмыс күшінің шығу тегі, жергілікті үлесі, азаматтардың қатысу дәрежесі және/немесе кез келген басқа да преференциялық бағдарламалар негізінде артықшылықпен қарау фактілеріне жол берілмейді.
 Тендерлік құжаттама: сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар тиісті стандартты тендер құжаттарын, оның ішінде Дүниежүзілік Банктің талаптарын қанағаттандыратын келісімшарт ережелерін пайдаланады.
 Шығыстарды бағалау: шығыстарды бағалау құпия ақпарат болып табылады және сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға жария етілуге жатпайды. Дүниежүзілік Банктің алдын ала жазбаша келісімін алмай, шығыстар бағасымен және/немесе бюджеттің шекті деңгейімен салыстыру негізінде конкурстық ұсынысты қабылдамауға жол берілмейді.
 Конкурстық ұсыныстың қолданылу мерзімі: сауда-саттыққа барлық қатысушылар, егер бұл айрықша мән-жайлармен ақталса, қолданылу мерзімі аяқталған күн басталғанға дейін және мерзім тек бағалауды аяқтау және/немесе келісімшартты беру үшін қажетті ең аз кезеңге ұзартылатын және ол төрт (4) аптадан аспайтын жағдайда ғана келісімшартты бағалауды аяқтау немесе беру үшін қажетті ең аз мерзімге конкурстық ұсыныстың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жазбаша нысанда жүгіне алады. Мерзімді қосымша ұзарту туралы бұдан кейінгі өтініштерге Дүниежүзілік Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз жол берілмейді.
 Конкурстық ұсыныстарды ұсыну және конверттерді ашу: сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларға конкурстық ұсыныстарды дайындау және беру үшін сауда-саттыққа қатысуға шақыру жарияланған кезден бастап немесе тендер құжаттамасы алынған кезден бастап оқиғалардың қайсысы кешірек болатынына байланысты кемінде отыз (30) күн беріледі. Конкурстық ұсыныстар бар конверттер өтінімдерді беру мерзімі аяқталған соң дереу көпшілік алдында ашылады. Конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі өз конкурстық ұсыныстарын берген сауда-саттыққа барлық қатысушыларға, сондай-ақ Дүниежүзілік Банк тарапынан алдын ала қарауға жататын келісімшарттарға қатысты Дүниежүзілік Банкке уақытында беріледі.
 Біліктілік: біліктілік критерийлері тендер құжаттамасында нақты айқындалған. Тендер құжаттамасында белгіленген барлық критерийлер және тек осы критерийлер ғана сауда-саттыққа  қатысушының тиісті біліктілігі бар екенін айқындау үшін пайдаланылады. Біліктілікті бағалау «сәйкес/сәйкес емес» қағидаты бойынша жүргізіледі, ал балдық жүйе қолданылмайды. Осындай бағалау объективті және өлшемді факторларды, оның ішінде: (i) тиісті жалпы және осы салаға тән тәжірибені, сондай-ақ келісімшартты орындағаннан кейін қанағаттанарлық өндірістік көрсеткіштерді және белгілі бір кезең ішінде ұқсас келісімшарттарды ойдағыдай аяқтауды, (ii) қаржылық жағдайды, және тиісті жағдайларда (iii) құрылыс және/немесе өндірістік жабдықтардың мүмкіндіктерін назарға ала отырып, сауда-саттыққа қатысушының немесе сауда-саттыққа әлеуетті қатысушының келісімшартты нәтижелі орындау қабілеті мен ресурстарына ғана негізделеді.   
 Дүниежүзілік Банктің талаптарына жауап беретін алдын ала біліктілік бойынша рәсімдер мен құжаттама жұмыстарды орындауға арналған ірі, күрделі және/немесе мамандандырылған келісімшарттар жағдайында қолданылады. Оның негізінде сауда-саттыққа қатысушы алдын ала біліктіліктен өткен ақпаратты, оның ішінде қатысушының персонал мен жабдыққа қатысты ағымдағы міндеттемелері мен мүмкіндіктерін тексеру келісімшарт берілген сәтте жүзеге асырылады.  
 Алдын ала біліктілік рәсімі қолданылмайтын жағдайларда келісімшарт жасасу ұсынылатын сауда-саттыққа қатысушының біліктілігі тендерлік құжаттамасында көрсетілген біліктілік критерийлері қолданыла отырып, біліктіліктен кейінгі барысында бағаланады.  
 Конкурстық ұсынысты бағалау: бағалау критерийлері тендерлік құжаттамасында нақты айқындалған. Конкурстық ұсыныстарды бағалау тендерлік құжаттамасында жазылған сандық бағалауға келетін критерийлерге қатаң сәйкестендіріліп жүргізіледі. Бағаны қоспағанда, бағалау критерийлері ақшалай мәнде беріледі. Балдық жүйе және топтау қолданылмайды, сондай-ақ конкурстық ұсыныстарды бағалау кезінде баға мәніне не ең төменгі нүкте де, пайыздық мәнде берілмейді. Конкурсанттар маңызды емес, болмашы ауытқулар себебі бойынша алып тасталмайды.  
 Келісімшарттар конкурстық ұсынысы: (i) тендер құжаттамасына едәуір дәрежеде сәйкес келетін және (ii) ең төмен бағалау құнын ұсынатын сауда-саттыққа білікті қатысушыға беріледі. Конкурстық ұсыныстың бағасын немесе мәнін талқылау көзделмеген.  
 Өтінімдер бағалау құнынан төмен немесе жоғары болғандықтан немесе белгіленген диапазонның немесе ұсыныстар бағасы «тобының» шегінен шыққандықтан ғана олардан бас тартылмайды. Барлық конкурстық ұсыныстардан (немесе, егер тек біреу ғана алынса, жалғыз ұсыныстан) бас тарту, сатып алу процесін болдырмау, сондай-ақ жаңа конкурстық ұсыныстарға сұрау салу Дүниежүзілік Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз мүмкін емес.
 Кепілдіктер: кепілдіктердің форматы мен қажетті қолданылу мерзімі тендер құжаттамасында белгіленеді.
 Құпиялылық: конкурстық ұсыныстарды бағалау процесі келісімшартты беру туралы ақпарат жарияланған кезге дейін құпия болып табылады.
 Электрондық сатып алу жүйелері: электрондық сатып алу жүйелері Дүниежүзілік Банктің талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
 Алаяқтық және сыбайлас жемқорлық: «Сатып алу жөніндегі нұсқамаға» сәйкес әрбір тендер құжатын және келісімшартқа Дүниежүзілік Банктің алаяқтық және/немесе сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарына қатысқаны «Сатып алу жөніндегі нұсқамаға» сәйкес анықталған фирмаларға немесе жеке тұлғаларға қарсы санкциялар қолдануға қатысты саясатын көрсететін ережелер енгізілді.  
 Бақылау және аудиторлық тексерулер құқығы: «Сатып алу жөніндегі нұсқамаға» сәйкес әрбір тендер құжатына және келісімшартқа Дүниежүзілік Банктің шоттарды, есептерді және конкурстық ұсыныстарды беруге байланысты басқа да құжаттарды бақылауға және аудиттеуге және келісімшарттарды орындауға қатысты саясатын көрсететін ережелер енгізілген.  
 __________________________
 «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша Грант туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының қолданысының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарларының болжамы
  «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша Грант туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар объектілерде энергия тиімділігін арттыру бойынша экономикалық негізделген жобаларды жүзеге асыруды қарастырады.
  Заң жобасымен тұрақты энергетиканы қаржыландыру тетіктерін енгізу және дамыту бойынша энергия тиімділігі саласында бағдарламалық және институционалдық негізді жетілдіруге бағытталған.  
  Заң жобасының қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
 Бірінші вице-министр А. Рау
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша Грант туралы келісімге ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Занның жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі



Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 11-бабы

3

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды қажет етпейді .

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру республикалық бюджет қаражатынан қаржылық шығындардың бөлінуін талап етпейді

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне қарауға енгізу

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

« Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы « Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру » жобасы бойынша грант туралы келісімге қол кою туралы » Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 11 маусымдағы 836 Жарлығы ;

«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы « Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру » жобасы бойынша грант туралы келісімге қол кою туралы » Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 мамырдағы № 485 Қаулысы.

7

Жобаға сәйкес заңнаманы кейіннен келтiру қажеттiгi



Қажет емес

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері



2013 жылғы 23 тамыздағы «Болаща қ » Консалтингтік тобы» ЖШС-нің ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысы .

9

Өзге де мәліметтер

Жоқ



10

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік қондырғыларына материалдарды (көшірмелер) беруге

Рұқсат етіледі

11

Жобаның интернет-ресурста орналасуы жөнінде ақпарат

Министрліктің интернет-ресурсында www.mint.gov.kz орналастырылды.

12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Қаулы жобасы әлеуметтік маңызды болып табылмайды



  Бірінші вице-министрі А. Рау
  2014 жылғы «___» __________
 Қазақстан Республикасы
 Парламент мәжілісі
 «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша Грант туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
  «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша Грант туралы келісімді ратификациялау туралы» мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар объектілерде энергия тиімділігін арттыру бойынша экономикалық негізделген жобаларды жүзеге асыруды қарастырады.
  Заң жобасымен тұрақты энергетиканы қаржыландыру тетіктерін енгізу және дамыту бойынша энергия тиімділігі саласында бағдарламалық және институционалдық негізді жетілдіруге бағытталған.  
  Заң жобасының қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
  Заң жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржы шығындарына әкелмейді.
  Қазақстан Республикасы  
  Премьер-министрі  К. Масиов
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Грант бойынша «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына АНЫҚТАМА ПАРАҚ
 

1.

Заң жобасының бастамашысы ( органның толық атауы )

Қазақстан Республикасының

Үкіметі

2.

Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы

құрылған жоқ

3.

Заң жобасы бойынша бас комитет





4.

Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні



5.

Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары



6.

Заң жобасының ғылыми

сараптамасы

2013 жылғы 23 тамыздағы « Болашақ » Консалтингтік

тобы» ЖШС-ның қорытындысы .



Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері



Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі



7.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары



Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері



Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі



8.

Заң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар



9

Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Ә.Ө. Исекешевке

10 .

Балама жобалардың болуы

Жоқ

11.

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері



12 .







Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган



13 .

Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі



1 4 .

Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында)



1 5 .

Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері



1 6 .

Заңның күшіне енетін уақыты



1 7 .

Өзге де талаптар



 _____________________
Келісу ПАРАҒЫ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасының атауы: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша Грант туралы келісімді ратификациялау туралы»
  Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
 

Алынған

күн

Мемлекттік органдар,

басшылар

Нақты кіммен

келісілді

(Т.А.Ә)

Келісу нәтижелері

( қолы, күні )

Қайтарылған

күн

1

2

3

4

5



Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі









Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі









Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі









Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі







 ______________________