• Мое избранное
«Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» бірлескен бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» бірлескен бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. «Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 32-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің  2014 жылғы 17 ақпандағы № 41/НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9297 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірдеҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
3) осы бірлескен бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) күнтізбелік он күннен кешіктірмей көшірмені қағаз және электрондық жеткізгіште «Әділет» Ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберсін;
2) бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Өңірлік даму министрі              
_______________ Б. Жәмішев
         
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды
реттеу агенттігінің төрағасы _______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
____________ Е. Досаев
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
министрінің 2014 жылғы «___» ________ № ___-НҚ
және Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы «___» ________ № ___-НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Нысан
Табиғи монополиялар салаларындағы жеке
кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы
  Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
  Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
  (№, күні, құқықтық статистика органында тіркелгені туралы мәлімет)
  Тексеруді өткізу мерзімі ____________________________________________
  Тексеру кезеңі ______________________________________________________
  Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
  БСН (ЖСН) ___________________________________________________________
  Орналасқан мекен жайы _______________________________________________
   Тексерілетін субъект табиғи монополия субъектісі болып табылады және оған осы тексеру парағының 1-34 және ___ жолдарында көзделген талаптар қолданылады.
 

п/п

Требования



Да

Нет

Не требуется

1

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі - Заң) рұқсат берілген қызметті қоспағанда өзге қызметтi жүзеге асыру бойынша тыйымды сақтау







2

табиғи монополия субъектісінің өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ осы Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығының жоқтығы бойынша талабын сақтау







3

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдау (жалға беру) бойынша тыйымды сақтау, мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыру бойынша талапты орындамау







4

ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін осы Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге де жолмен қатысудың жоқтығы бойынша талабын сақтау;







5

Заңның 18-1-бабымен көзделген әрекеттерді жүзеге асыру үшін келісім беру туралы өтініштерді уәкілетті органға уақытылы ұсыну бойынша талабын орындау







6

табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беру бойынша талабын сақтау







7

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгi шарттарға сәйкес тұтынушылармен жеке шарттар, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқару органымен ынтымақтастық шарттарын жасасу, реттеліп көрсетілетін қызметтерді шарттарды жасасқан кезде тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша талаптарды сақтау







8

соблюдение субъектом естественной монополии требования по проведению обязательного ежегодного аудита аудиторскими организациями аудиторлық ұйымдардың жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзу







9

ш ығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру бойынша талаптарды сақтау







10

реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша ұсыну бойынша талаптарды сақтау







11

уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы ал мау бойынша тыйымды сақтау







12

барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсыну бойынша талабын сақтау







13

есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алу бойынша талабын сақтау







14

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу бойынша талабын сақтау







15

тарифтік сметаны орындау, тарифтік сметаны орындау туралы есепті жыл сайын ұсыну, тарифтік сметада көзделген қаражатты көтеру бойынша талаптарды сақтау







16

осы Заңда көзделмеген қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде тану бойынша тыйымды сақтау





17

негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша талабын сақтау







18

тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар ету, Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендету бойынша талаптарды сақтау







19

уәкілетті орган бекіткен, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін тікелей пайдаланатын шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бес проценттен астам көтеруге жол бермеу бойынша талабын сақтау







20

нормативтен тыс ысыраптар болған жағдайда оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыру бойынша талабын сақтау







21

нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендету бойынша талабын сақтау







22

өңірлік электр желісі компаниясы көрсетілетін қызметтердің нақты (өткен күнтізбелік жыл үшін) және жоспарланып отырған (алдағы күнтізбелік үш жылға арналған) шығындары мен көлемдері туралы, сондай-ақ негіздеуші материалдарды қоса бере отырып қызметтің техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратты жыл сайын 31 тамыздан кешіктірмей беру бойынша талабын сақтау







23

жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей өтiнiм жасау бойынша талабын сақтау







24

табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемiнде отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде үш күн бұрын хабарлау бойынша талабын сақтау







25

өңірлік электр желісі компаниясы тарифтің өзгеруі туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткізу бойынша талабын сақтау







26

уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда табиғи монополия субъектiсi тиісті талапты алған күннен бастап ол экономикалық жағынан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты бiр ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей көлемде табыс ету бойынша талабын сақтау







27

тариф салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып бекітілген жағдайда тоқсан (жыл) қорытындылары бойынша қызмет туралы ақпаратты есепті тоқсаннан (жылдан) кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей беру бойынша талабын сақтау







28

бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау, инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатқа сай пайдалану, белгіленген мерзімдерде инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау туралы ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды сақтау







29

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайларды қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға жол беру бойынша талаптарды сақтау







30

реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес ұсыну бойынша талабын сақтау







31

реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға жол бермеу бойынша талабын сақтау







32

тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнату бойынша талабын сақтау







33

тұтынушыларға және өзге де мүдделi тұлғаларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөнiндегi жұмысы туралы жыл сайын есеп беруді жүргізу бойынша талабын сақтау





лицензиат үшін





34

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін сақтау







Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
____________________________________________ ________________________
               (лауазымы)                          (қолы, А.Ә.Т.)  
Тексерілетін субъектінің өкілі:
____________________________________________ ________________________
            (лауазымы)                             (қолы, А.Ә.Т.)  
«Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 201_ жылғы «___» _________ № ____ -НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 201_ жылғы «___» _________ № ____ -___ бірлескен бұйрығына анықтама-негіздеме
 

п/п

Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

2

Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттік органның құзыреті)

«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 Жарлығының 3-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы







3

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 Жарлығын және Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия хатамасының 2.2-тармағына сәйкескәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында тексеруге жататын талаптарды қысқартуды және тексеру парақтары туралы бірлескен бұйрықтарға өзгерістер енгізу көзделген. Осыған байланысты «Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 32-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 41/НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9297 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірдеҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші жойыла отырып, жаңа редакцияда жазылады, себебі «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 8-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық акт мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер

Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 32-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 41/НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9297 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірдеҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші осы бұйрықмен жойылады

5

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

жоқ

6

Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюiн немесе түсiмдердiң қысқаруын көздейме

көзделмейді

7

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Жоба Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жарияланды

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

жоқ

Қазақстан Республикасы  
Табиғи монополияларды реттеу  
  агенттігі Заң департаментінің директоры   С. Метенова
  2014 жылғы «_____» ___________