• Мое избранное
«Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» бірлескен бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» бірлескен бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған реттелетін нарық саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. «Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 ақпандағы  № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 42/НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9300 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
  3) осы бірлескен бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.      
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) күнтізбелік он күннен кешіктірмей көшірмені қағаз және электрондық жеткізгіште «Әділет» Ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін.  
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
 Өңірлік даму министрі              
_______________ Б. Жәмішев         

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды
реттеу агенттігінің төрағасы _______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
____________ Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы «___» _______ № ___-НҚ
және Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы «___» _______ № ___-НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген
Нысан
Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке
кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы
  Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
  Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
  (№, күні, құқықтық статистика органында тіркелгені туралы мәлімет)
  Тексеруді өткізу мерзімі ____________________________________________
  Тексеру кезеңі ______________________________________________________
  Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
  БСН (ЖСН) ___________________________________________________________
  Орналасқан мекен жайы _______________________________________________
   Тексерілетін субъект нарық субъектісі болып табылады және оған осы тексеру парағының 1-7 және ___ жолдарында көзделген талаптар қолданылады.
 

р/с

талаптар

1

алдағы уақытта тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары шекті бағадан жоғары өсетіні және олардың өсу себебін растайтын негіздемелік материалдарды табыс ете отырып, өсу себептері туралы жазбаша түрде уәкілетті органға кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын хабарлау талабын сақтау

2

реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау талабын сақтау

3

шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға алынған және пайдаланылмаған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару талабын сақтау

4

шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтару талабын сақтау

5

уәкілетті органға бағаларға мемлекеттік реттеу енгізілген немесе өнімдердің, тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатурасына енгізілген күнінен бастап баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ұсыну

6

Заңға сәйкес есептілікті ұсыну бойынша талапты сақтау



лицензиат үшін

7

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын, соның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін сақтау

Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
  ____________________________ _________________________________
   (лауазымы) (қолы, А.Ә.Т.)
Тексерілетін субъектінің өкілі:
  ___________________________ __________________________________
   (лауазымы) (қолы, А.Ә.Т.)
«Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 201_ жылғы «___» _________ № ____ -НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 201_ жылғы «___» _________ № ____ -___ бірлескен бұйрығына анықтама-негіздеме
 

п/п

Көрсетiлуi тиіс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

2

Нормативтік құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттік органның құзыреті)

«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 Жарлығының 3-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы

3

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 757 Жарлығын және Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия хатамасының 2.2-тармағына сәйкескәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында тексеруге жататын талаптарды қысқартуды және тексеру парақтары туралы бірлескен бұйрықтарға өзгерістер енгізу көзделген. Осыған байланысты «Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 32-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 41/НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9297 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірдеҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші жойыла отырып, жаңа редакцияда жазылады, себебі «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 8-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық акт мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер

«Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 ақпандағы № 32-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 41/НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9297 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірдеҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) күші осы бұйрықмен жойылады.

5

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

жоқ

6

Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюiн немесе түсiмдердiң қысқаруын көздейме

көзделмейді

7

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Жоба Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жарияланды

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

жоқ

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Заң департаментінің директоры   С. Метенова
2014 жылғы «_____» ___________