• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Жекеменшік дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын бере ала ма?

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жекеменшік дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын бере ала ма?

 Жеке кәсіпкерлікпен айналысып, адам емдейтін дәрігер, сол сияқты, жедел жәрдем стансасының, санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау ұйымының қызметкері жұмыстан босататын және еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты әлеуметтік жәрдемақы төленетін еңбекке жарамсыздық парағын бере ала ма? 
 Сабыр Тәнекеұлы 
 Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парағы осыған арнайы құқық берілген емдеу мекемелерінде толтырылады. Дәрігерлікпен жекеменшіктік негізде айналысатын заңды тұлғаларға мұндай құқық еңбек қабілеттілігіне сараптама жасауды қоса алғанда медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы болған жағдайда ғана сеніп тапсырылуы мүмкін. 
 Денсаулық сақтау істері жөніндегі ҚР Агенттігі 2000 жылы 29 желтоқсанда бекіткен Ережеге сәйкес емдеуші дәрігерлері жоқ жерлерде еңбекке жарамсыздық парағын беру құқығы аумақтық (облыстық) денсаулық сақтау органдарының бұйрығымен медициналық орта білімді қызметкерлерге де (олардың тізімі мен парақтың берілу мерзімі нақтылана отырып) тапсырылуы ықтимал. Мұндай құқыққа жедел жәрдем стансаларының (бөлімшелерінің), сот-дәрігерлік сараптама, санаториялық-курорттық ұйымдардың, балшықпен емдеу, санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау мекемелерінің, демалыс үйлері мен туристік базалардың, медициналық қызметкерлері ие бола алмайды.