Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
«Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі» кәсіби стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 15 мамырда № 9428 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 жылғы № 308 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріп отырған «Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты орындауды бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова 2014 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілді
«Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі» кәсіби стандарты
1. Жалпы жағдайы
1. «Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі» кәсіби стандарты (ары қарай КС) «Құрылыс индустриясы» кәсіби қызметі саласында біліктілік деңгейіне, міндеттемелеріне, құрамына, сапасына және еңбек шартына қойылатын талаптарды анықтап, мыналар үшін арналған болып табылады, яғни:
1) кәсіби міндет мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды шығару, еңбек нарығының қазіргі қажеттіліктеріне жауап беретін білікті талаптарды жаңарту;
2) қызметкерлерді басқару саласында тапсырмалардың кең ауқымын шешу;
3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульді оқу бағдарламаларын дайындау, сонымен қатар сәйкес оқу-әдістемелік материалдарды дайындау;
4) мамандардың біліктілігіне сәйкес кәсіби дайындығы мен растауына бағалау жүргізу;
2. КС негізгі қолданушылары ретінде:
1) білім беру ұйымының бітірушілері, жұмысшылар, біліктілігін жоғарылату немесе нақтылауға тілек білдірушілер;
2) ұйымның басшылары мен жұмысшылары, ұйым қызметкерлерін басқарушы бөліміндегі басшылар мен мамандар;
3) білім беру бағдарламаларын жасаушы мамандар;
4) мамандар біліктілігінің кәсіби дайындығы мен растауына сәйкестігін бағалау саласындағы мамандар.
3. КС негізінде ұйымда қызметтің функционалдық моделіне, лауазымына, біліктілігін жоғарылату, жұмысшылардың аттестациядан өтуіне, еңбекті тұрақтандыру жүйесіне және т.б. бойынша ішкі стандарттар жасалады.
4. Ағымдағы кәсіби стандартта келесідей терминдер мен анықтаулар қолданылады:
1) ұлттық біліктілік шеңбері - еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
2) салалық біліктілік шеңбері - салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
3) сала - бір типті өнімді құруда жалпы мақсатқа ие кәсіптік әрекеттің, кәсіпорын және ұйымдық жүйенің құрылымдық бөлімі;
4) кәсіби қызмет саласы - негізгі және қосымша функцияларды іске асыруды ұсынушы саланың қызметтік бөлігі;
5) қызмет түрі - негізгі және қосымша функцияларды іске асыруға ұсынатын кәсіби қызмет саласының нақты бөлігі. Қызмет түрінің қосымша функциясы өз кезегінде дайындаушы және қорытындылаушы болып екіге бөлінеді. Қызметтің әрбір түріне белгілі бір заттар мен еңбек амал тәсілдері арнаулы болып табылады;
6) кәсіби стандарт - кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
7) мамандық - қызмет жүйесіндегі айқындаушы, оның атауы кәсіби қызметтің салалық негізгі функцияларымен, еңбектің заттары мен амал тәсілдерімен анықталады;
8) қызмет - қызмет, әкімшілік иерархияның нақты жүйесіндегі функциональді орын, атауы типтік тапсырмалар, құқықтар және міндеттемелер жиынтығымен анықталады;
9) құзыреттілік - еңбек қызметінде білімін, дағдысы мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
10) қабілеттілік - орындалушы тапсырманың дербестігі, жауаптылығы және күрделілігі дәрежесіне акцентті кәсіп талабына сәйкес келетін адамның фукнциональді мінез құлқының мінездемесі;
11) функция - жұмысшының қызметтік процессіне қойылатын нормативтік талаптар;
12) тапсырмалар - нақты заттар мен еңбек тәсілдерін қолдана отырып функцияны іске асыру (өткізу) тәсілінің нормативтік сипаттамасы;
13) функциональді карта - кәсіби жұмыстың бір немесе басқа да салалары шеңберінде жұмыстың белгілі бір түрін жұмысшымен орындалатын функциялар мен тапсырмаларды құрылымдық сипаттау;
14) кәсіби стандарт бірлігі - еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
15) біліктілік - қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
16) біліктілікті деңгей - еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
17) еңбек құралдары - еңбек затының бастапқы күйден өнімге қалыптастыру барысында жұмысшымен қолданылатын құралдар;
18) Жартылай фабрикат - одан әрі қайта өңдеуге жататын өнім;
19) Дайын өнім - пайдалануға дайын соңғы өнім.
5. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар қолданылады:
АТБ - асбестік техникалық бұйымдар;
КҚ -кәсіптік қызмет;
ҚТ - қызмет түрі;
КС - кәсіби стандарт;
ҰБК - ұлттық біліктілік квалификациясы;
СБШ - салалық біліктілік шеңбері;
БТБА - ҚР жұмысшыларының жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифті - біліктілік анықтамасы.
2. КС паспорты
6. Экономикалық әрекет түрі: 23. Әртүрлі бейметалл минералды өнімдер өндірісі.
7. Кәсіби қызмет саласы: Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі.
8. Кәсіби қызметтегі негізгі мақсаты: асбест техникалық бұйымдармен құрылыс саласының қажеттілігін қамтамасыз ету және өндіру.
9. Қызмет, кәсіп түрлері және біліктілік деңгейлері осы кәсіби стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген.
3 Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы
1 параграф. Асбест техникалық бұйымын дайындаушы
10. СБШ бойынша біліктілік деңгейі - 2-4.
11. Мамандықтың мүмкін болатын нұсқалары: Асбест техникалық бұйымын дайындаушы.
12. «Асбест техникалық бұйымын дайындаушы» мамандығы жұмысшыға негізгі функцияларды, яғни, шикізатты дұрыс таңдап, дайындау, технологиялық жабдықтарды жұмыстық бабына келтіруді іске асырумен байланысты тапсырмаларды біліп, дағдылануын міндеттейді.
13. Ағымдағы кәсіби стандартқа сәйкес әрекет етуші нормативті құжаттамамен байланысы 2 қосымшаның 1 кестесінде көрсетілген.
14. Ағымдағы кәсіби стандартқа келетін техникалық асбест бұйымын дайындаушының еңбек шарты, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар 2 қосымшаның 2 кестесінде келтірілген.
15. Ағымдағы кәсіби стандартқа сәйкес келетін кәсіби стандарттың бірлікті тізімдері 2 қосымшаның 3 кестесінде көрсетілген.
16. Кәсіби стандарт бірлігін және асбест техникалық бұйымын дайындаушы орындайтын еңбек әрекетінің функциональді карта ағымдағы кәсіби стандартқа келетін 2 қосымшаның 4 кестесінде келтірілген.
17. Асбест техникалық бұйымын дайындаушы міндетіне қойылатын талаптар ағымдағы кәсіби стандартқа сәйкес келетін 2 қосымшаның 5, 6 және 7 кестесінде көрсетілген.
2 параграф. Асбест қоспасын дайындаушы
18. СБШ бойынша біліктілік деңгейі - 2-3.
19. Мамандықтың мүмкін болатын нұсқалары: асбест қоспасын дайындаушы.
20. «Асбест қоспаларын дайындаушы» мамандығы мамандығы жұмысшыға негізгі функцияларды, яғни, шикізатты дұрыс таңдап, дайындау, технологиялық жабдықтарды жұмыстық бабына келтіруді іске асырумен байланысты тапсырмаларды біліп, дағдылануын міндеттейді, яғни, эмульсиялы қоспаны бекітілген рецептураға сәйкес алуды міндеттейді.
21. Ағымдағы кәсіби стандартқа сәйкес әрекет етуші нормативті құжаттамамен байланысы 3 қосымшаның 1 кестесінде көрсетілген.
22. Ағымдағы кәсіби стандартқа келетін асбест қоспасын дайындаушының еңбек шарты, білімі және жұмыс тәжірибесіне ұойылатын талаптар 3 қосымшаның 2 кестесінде келтірілген.
23. Ағымдағы кәсіби стандартқа сәйкес келетін кәсіби стандарттың бірлікті тізімдері 3 қосымшаның 3 кестесінде көрсетілген.
24. Кәсіби стандарт бірлігін және асбест қоспасын дайындаушы орындайтын еңбек әрекетінің функциональді карта ағымдағы кәсіби стандартқа келетін 3 қосымшаның 4 кестесінде келтірілген.
25. Асбест қоспасын дайындаушы міндетіне қойылатын талаптар ағымдағы КС сәйкес келетін 3 қосымшаның 5 және 6 кестесінде көрсетілген.
3 параграф. Қалыптау массасын брикеттеуші
26. СБШ бойынша біліктілік деңгейі - 3-4.
27. Мамандықтың мүмкін болатын нұсқалары: Қалыптау массасын брикеттеуші.
28. «Қалыптау массасын брикеттеуші» мамандығы жұмысшыға негізгі функцияларды, яғни, шикізатты дұрыс таңдап, дайындау, технологиялық жабдықтарды жұмыстық бабына келтіруді іске асырумен байланысты тапсырмаларды біліп, дағдылануын міндеттейді, яғни, калибрді жасау және брикет салмағын тексеруді міндеттейді.
29. Ағымдағы кәсіби стандартқа сәйкес әрекет етуші нормативті құжаттамамен байланысы 4 қосымшаның 1 кестесінде көрсетілген.
30. Ағымдағы кәсіби стандартқа келетін қалыптау массасын брикеттеушінің еңбек шарты, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар 4 қосымшаның 2 кестесінде келтірілген.
31. Ағымдағы кәсіби стандартқа сәйкес келетін кәсіби стандарттың бірлікті тізімдері 4 қосымшаның 3 кестесінде көрсетілген.
32. Кәсіби стандарт бірлігін және қалыптау массасын брикеттеуші орындайтын еңбек әрекетінің функциональді карта ағымдағы кәсіби стандартқа келетін 4 қосымшаның 4 кестесінде келтірілген.
33. Қалыптау массасын брикеттеуші міндетіне қойылатын талаптар ағымдағы КС сәйкес келетін 4 қосымшаның 5 және 6 кестесінде көрсетілген
4 параграф. Ыстықтай қалыптау пресстеушісі
34. СБШ бойынша біліктілік деңгейі - 3-4.
35. Мамандықтың мүмкін болатын нұсқалары: Ыстықтай қалыптау пресстеушісі.
36. «Ыстықтай қалыптаудың пресстеушісі» мамандығы жұмысшыға негізгі функцияларды, яғни, шикізатты дұрыс таңдап, дайындау, технологиялық жабдықтарды жұмыстық бабына келтіруді іске асырумен байланысты тапсырмаларды біліп, дағдылануын міндеттейді; вулканизациялау - бакелизациялау режимдерін бақылау, бақылап-өлшеу приборларының көрсеткіштері бойынша бу және сығылған ауаның қысымын бақылау.
37. Ағымдағы кәсіби стандартқа сәйкес әрекет етуші нормативті құжаттамамен байланысы 5 қосымшаның 1 кестесінде көрсетілген.
38. Ағымдағы кәсіби стандартқа келетін ыстықтай қалыптау пресстеушісі еңбек шарты, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар 5 қосымшаның 2 кестесінде келтірілген.
39. Ағымдағы кәсіби стандартқа сәйкес келетін кәсіби стандарттың бірлікті тізімдері 5 қосымшаның 3 кестесінде көрсетілген.
40. Кәсіби стандарт бірлігін және ыстықтай қалыптау пресстеушісі орындайтын еңбек әрекетінің функциональді карта ағымдағы кәсіби стандартқа келетін 5 қосымшаның 4 кестесінде келтірілген.
41. Ыстықтай қалыптау пресстеушісі міндетіне қойылатын талаптар ағымдағы КС сәйкес келетін 5 қосымшаның 5 және 6 кестесінде көрсетілген.
4. Кәсіби стандартты дайындаушылар
42. КС дайындаушылар Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
«Техникалық асбестті бұйымдарының өндірі» кәсіби стандартына 1 қосымша
Қызмет, кәсіп түрлері, біліктілік деңгейлері
№ п/п | Қызмет түрінің атауы | Еңбек нарығы тенденциясын ескере отырып мамандық атауы | ҚР МК 01 - 2005 сабақтың мемлекеттік классификаторына сәйкес мамандық атауы | Салалық біліктілік шеңберінің біліктілік деңгейі |
1 | Шикі тоқымалы немесе пресстелген таспа дайындамасын және де басқа да қарапайым конфигурациялы техникалық асбест бұйымын арнайы станокта, пресстерде немесе қолда жасау. Дайындаманы тұтастыру және калибрлеу. Дайындаманың белгісі бойынша таспаны топтастыру | Асбест техникалық бұйымдарды дайындаушы | Асбест техникалық бұйымын дайындаушы | 2-4 |
2 | Берілген пропорциядағы асбесттен, мақта және қалдықтарынан созба, үлікті бау немесе тарамды таспашаға арналған асбесттік қоспаны дайындау. Арбаларды қоспаға жүктеу, өзіндік өлшеуші бункерге апару. | Асбест қоспасын дайындаушы | Асбест қоспасын дайындаушы | 2-3 |
3 | Асбесттік қалыптаушы массадан жаншылған таспаны, жаншып брикеттеу машинасында немесе біртиптік конструкциялы червякты пресстерде тежегіш қаптамасын және брикеттерді дайындау. Қабылдау барабанынан жаншылған таспаны кесуші пресс бойынша жарақтау, оның кескішін берілген өлшемде салу. Жабдықтың дұрыстығын, тазалығын және жөндеуден өткендігін тексеру. Брикеттерді салып, оны кейінгі өңдеулерге беру. | Қалыптау массасын брикеттеуші | Қалыптау массасын брикеттеуші | 3-4 |
4 | Пресстеу - электрлі немесе булы қыздырғышы бар түсірмелі немесе түсірілмейтін көпшегелі пресс - формалы гидропресстерде техникалық асбестті бұйымдарының тоқымалы немесе қалыпталған дайындамасын бакелизациялау немесе вулканизациялау. Бақылап - өлшеуші приборлар көрсеткіші бойынша вулканизациялау - бакелизациялау режимдерін, бу және сығылған ауа қысымдарын реттеу | Ыстықтай қалыптау пресстеушісі | Ыстықтай қалыптау пресстеушісі | 3-4 |
«Техникалық асбестті бұйымдарының өндірі» кәсіби стандартына 2 қосымша
Асбест техникалық бұйымдарды дайындаушы
1 кесте. Ағымдағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы сабақтарының Мемлекеттік классификаторы ҚР МК 01-2005 | |
Базалық топтар | 8284 - Асбест техникалық бұйымдарды дайындаушы |
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің біріңғай тарифті - біліктілік анықтамасы | |
БТБА шығарылым, бөлімдері | 36 шығарылым Бөлім «Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі» (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылдың 27 ақпанындағы № 81-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген, № 8362, 2013 жылдың 7 наурызы) |
БТБА бойынша мамандық | Асбест техникалық бұйымдарды дайындаушы (2-4 разряд) |
Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі | БТБА бойынша разрядтар |
1 | 2 |
2 | 3 |
4 | 4 |
2 кесте. Еңбек шартына, білім беруге және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Мамандық бойынша жұмыстың мүмкін орындары | Асбест техникалық бұйымын өндіруші кәсіпорындар | |
Еңбектің зиянды және қауіпті шарттары | Қауіптіліктің 4 классы: (МЕСТ 12.1.007-76*) Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі зиянды заттар қауіпсіздіктің жіктемелері және жалпы талаптары | |
Жұмысқа берілетін рұқсаттың ерекше шарттары | Типтік салалық нормамен жұмысшылар мен қызметшілерге жеке басын қорғау мақсатында арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқада заттарды тегін беру» сәйкес асбестпен жұмыс істеушілер зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан жеке басын қорғау заттарымен қамсыздандырылуы қажет. ҚР ТЖМ бұйрығына сәйкес (29.12.2008 ж. № 219): - кіріспе нұсқаулығы - жұмысқа қабылдау кезінде, мамандығы бойынша басқа жұмысқа ауысу кезінде; - кезекті - технологиялық жұмыстың өзгеруі кезінде, басқа жұмыс бөліміне ауысу кезінде, жұмысты қауіпсіз орындау ережесі бұзылу кезінде - өндірістік бақылау қызметкерінің немесе Мемлекеттік инспектордың талабы бойынша; - ағымды - жарты жыл сайын. | |
СБШ деңгейі | Кәсіби білім беру және оқыту деңгейі | Талап етілген жұмыс тәжірибесі |
2 | Кәсіби дайындық | Қажет емес |
3 | Кәсіби дайындық | 2 деңгейде 1 жыл жұмыс тәжірибесімен |
4 | Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім, практикалық тәжірибе | СБШ 3 деңгейінде 3 жыл |
3 кесте. Асбест техникалық бұйымдарды дайындаушысының еңбек функциясын анықтайтын КС бірлігінің тізімдері
Еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірлігі) |
1 | Жұмыс орнын дайындау, қолданылушы жабдықтың жұмыс қабілетін тексеру |
2 | Дайындама белгісі бойынша асбесттік таспаны таңдау, үстел үстінде резеңкеленген асбесттік және асбесттік емес матаны немесе асбесттік тоқымалы таспаны айналдыра жаю, жолаққа резеңкеленген матаны, астар төсемін және мата жыртындысын біруақытта сырғыту үшін сырғытушы машинаға және агрегатқа үздіксіз жұмысты қамсыздандыру. |
3 | Кейінгі өңдеуге бұйымның дайындау дұрыстығын және берілуін тексеру, сырғушы машиналар мен агрегаттар дұрыстығын тексеру, тазалау, майлау және жөндеу. |
4 кесте. Асбест техникалық бұйымдарды дайындаушысының орындайтын КС бірлігін сипаттау
Еңбек функциясының шифры | Еңбек заты | Еңбек құрылғылары | Міндеттемелер |
1 | Резеңкеленген асбестті және асбестсіз мата немесе дөрекі асбестті тоқымалы таспа түріндегі шикізат | Арнайы станоктар, сырғытушы машиналар, мата немесе таспаны пішуге арналған үстел, кесуші станоктар | 1. Шикізатты таңдау және дайындау, технологиялық жабдықты бабына келтіру |
2 | Дайындама шаблоны, резеңкелі желім, графит | 2. Техникалық асбест бұйымының өлшемі мен конфигурациясына сәйкес дайындаманы алу | |
3 | Дайын асбестотехникалық бұйымдар | 3. Дайын өнімнің сапасын тексеру |
5 кесте. СБШ бойынша 2 деңгейлі асбест техникалық бұйымын дайындаушы құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Тапсырма шифры | Жеке және кәсіби құзыреттілік | Икемділігі және дағдылары | Білімі |
1 - 1 | Жұмыс нәтижесіне және дайын өнім сапасына дербестік, даралық және жауапкершіліктің белгілі дәрежесіндегі басшылықпен орындау қабілеттілігі | Техникалық асбест бұйымы өндірісінде қолданылатын шикізатты материалдардың құрамы, белгісі және дайындау тәсілі бойынша қасиеттерін анықтап және жіктеу | Әрбір бұйым түріне арналған таспа өлшемі; пішу, қайталау және түйістіру тәртіптері |
2 - 1 | Қолданылушы технологиялық жабдықтарды пайдалану | Тоқымалы және пресстелген таспадан түрлі бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесстері, қолданылушы жабдық және тетік құрылғылары | |
3 - 1 | Қолданылушы жабдықты тазалау, майлау және жөндеу | Дайын бұйым сапасына қойылатын талаптар |
6 кесте. СБШ бойынша 3 деңгейлі асбест техникалық бұйымын дайындаушы құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Тапсырма шифры | Жеке және кәсіби құзыреттілік | Икемділігі және дағдылары | Білімі |
1 - 1 | Жұмыс нәтижесіне және дайын өнім сапасына дербестік, даралық және жауапкершіліктің белгілі дәрежесіндегі басшылықпен орындау қабілеттілігі. | Асбесттің негізгі түрлері, қасиеттері және сұрыптары, резеңкелі қоспалар мен маталардың сипаттамалары; дайындама конфигурациясы ассортименті және оларды өңдеу ерекшеліктері | Техникалық асбест бұйымы өндірісінде қолданылатын шикізатты материалдардың құрамы, белгісі және дайындау тәсілі бойынша қасиеттерін анықтап және жіктеу |
2 - 1 | Тоқымалы және пресстелген таспадан түрлі бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесстері, қолданылушы жабдық және тетік құрылғылары. Дайындаманың оптимальді шығуын есептеу және осы өлшемге сәйкес матаны немесе таспаны пішу. | Шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды өңдеу ерекшеліктері мен белгілері; матаны рациональді қабылдау және пішу белгілері. | |
3 - 1 | Жұмыстын тиімді амалын таңдау және өз таңдауынды дәлелдеу. | Дайындамаларды дорннан шешу, талькамен әрлеу және алдағы өндеуге жіберу. |
7 кесте. СБШ бойынша 4 деңгейлі асбест техникалық бұйымын дайындаушы құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Тапсырма шифры | Жеке және кәсіби құзыреттілік | Икемділігі және дағдылары | Білімі |
1 - 1 | Жұмыс нәтижесіне және дайын өнім сапасына дербестік, даралық және жауапкершіліктің белгілі дәрежесіндегі басшылықпен орындау қабілеттілігі. | Сырғытушы машинада жұмыс істеу дағдысы | Жолаққа резеңкеленген матаны, астар төсемін және мата жыртындысын біруақытта сырғыту үшін сырғытушы машинаға және агрегатқа үздіксіз жұмысты қамссыздандыру. |
2 - 1 | Резеңкелі желіммен графиттеу және майлау, ұштарын дорнада желімдеу және алынған білезікті сақинада сырғыту. | Технологиялық карта бойынша дайындаманың шығуын есептеу. Жайманы берілген өлшемдегі жолақтар және таянышты бақылап өлшеуші приборлармен пішу. Таянышты түйістіру, оларды қабаттап салу, роликпен сырғытып және дорнаға жеткізу. Дорнаны машинаға жарақтау және резеңкеленген дайындаманы сырғыту. | |
3 - 1 | Нормативті - техникалық құжаттамалармен жұмыс істеу | Нығыздаушы бұйымға тағылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар; шығарылған бұйым сапасына қойылатын талаптар. |
«Техникалық асбестті бұйымдарының өндірі» кәсіби стандартына 3 қосымша
Асбест қоспасын дайындаушы
1 кесте. Ағымдағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы сабақтарының Мемлекеттік классификаторы ҚР МК 01-2005 | |
Базалық топтар | 7450 - Асбест қоспасын дайындаушы |
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің біріңғай тарифті - біліктілік анықтамасы | |
БТБА шығарылым, бөлімдері | 36 шығарылым Бөлім «Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі» (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылдың 27 ақпанындағы № 81-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген, № 8362, 2013 жылдың 7 наурызы) |
БТБА бойынша мамандық | Асбест қоспасын дайындаушы (2-3 разряд) |
Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі | БТБА бойынша разрядтар |
2 | 2 |
3 | 3 |
2 кесте. Асбест қоспасын дайындаушының еңбек шартына, білім беруге және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Мамандық бойынша жұмыстың мүмкін орындары | Асбест техникалық бұйымын өндіруші кәсіпорындар | |
Еңбектің зиянды және қауіпті шарттары | қауіптіліктің 4 классы: (МЕСТ 12.1.007-76*) Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі зиянды заттар қауіпсіздіктің жіктемелері және жалпы талаптары | |
Жұмысқа берілетін рұқсаттың ерекше шарттары | Типтік салалық нормамен жұмысшылар мен қызметшілерге жеке басын қорғау мақсатында арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқада заттарды тегін беру» сәйкес асбестпен жұмыс істеушілер зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан жеке басын қорғау заттарымен қамсыздандырылуы қажет. ҚР ТЖМ бұйрығына сәйкес (29.12.2008 ж. № 219): - кіріспе нұсқаулығы - жұмысқа қабылдау кезінде, мамандығы бойынша басқа жұмысқа ауысу кезінде; - кезекті - технологиялық жұмыстың өзгеруі кезінде, басқа жұмыс бөліміне ауысу кезінде, жұмысты қауіпсіз орындау ережесі бұзылу кезінде - өндірістік бақылау қызметкерінің немесе Мемлекеттік инспектордың талабы бойынша; - ағымды - жарты жыл сайын. | |
СБШ деңгейі | Кәсіби білім беру және оқыту деңгейі | Талап етілген жұмыс тәжірибесі |
2 | Кәсіби дайындық | Қажет емес |
3 | Кәсіби дайындық | 2 деңгейде 1 жыл жұмыс тәжірибесімен |
3 кесте. Асбест қоспасын дайындаушысының еңбек функциясын анықтайтын КС бірлігінің тізімдері
Еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірлігі) |
1 | Жұмыс орнын дайындау, қолданылушы жабдықтың жұмыс қабілетін тексеру |
2 | Асбесттік қоспаны дайындау, технологиялық шикізатты технологиялық жабдыққа беру және технологиялық параметрлерді бақылау |
3 | Дайын қоспаны кейінгі өндірістік тізбектерге беру, жұмыстың аяқталуы бойынша қолданылушы жабдықты тазалау және майлау |
4 кесте. Асбест қоспасын дайындаушысының орындайтын КС бірлігін сипаттау
Еңбек функциясының шифры | Еңбек заты | Еңбек құрылғылары | Міндеттемелер |
1 | Мақта, асбест және қалдықтардан алынатын үлікті бау немесе тарамды таспаша түріндегі шикізат | Дезинтегратор, асбест жүгіртпелері, целлюлозалар, құрғақ қалдыптаушы массалар, таразы, қоректендіріп - араластырушы, вертикальді қопсытушы, ысылдап майлаушы машинаның колосник торы, магнитті сеператор | 1. Шикізатты таңдау және дайындау, технологиялық жабдықты бабына келтіру |
2 | Асбесттік қоспа компоненттерінің құрғақ күйіндегі көлемі | 2. Берілген рецептураға сәйкес эмульсиялы қоспаны алу | |
3 | Дайын асбесттік қоспа | 3. Дайын қоспа сапасын тексеру |
5 кесте. СБШ бойынша 2 деңгейлі асбест қоспасын дайындаушы құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Тапсырма шифры | Жеке және кәсіби құзыреттілік | Икемділігі және дағдылары | Білімі |
1 - 1 | Жұмыс нәтижесіне және дайын өнім сапасына дербестік, даралық және жауапкершіліктің белгілі дәрежесіндегі басшылықпен орындау қабілеттілігі | Техникалық асбест бұйымы өндірісінде қолданылатын шикізатты материалдардың құрамы, белгісі және дайындау тәсілі бойынша қасиеттерін анықтап және жіктеу | Мақта және асбесттің негізгі түрлері, қасиеттері және сұрыптары, оларды өңдеу ерекшеліктері; түрі және белгісі бойынша өндіріс қалдықтары |
2 - 1 | Қолданылушы технологиялық жабдықты пайдалану | Шығарылушы созбаның нөмірі мен сұрыпына байланысты қолданылатын қоспа түрлері; технологиялық процесстер. | |
3 - 1 | Қолданылушы жабдықты тазалау, майлау және жөндеуден өткізу. | Таразы, кардты тарау аппараттары және басқада механизмдер жұмысының белгілері мен принциптері |
6 кесте. СБШ бойынша 3 деңгейлі асбест қоспасын дайындаушы құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Тапсырма шифры | Жеке және кәсіби құзыреттілік | Икемділігі және дағдылары | Білімі |
1 - 1 | Жұмыс нәтижесіне және дайын өнім сапасына дербестік, даралық және жауапкершіліктің белгілі дәрежесіндегі басшылықпен орындау қабілеттілігі | Техникалық асбест бұйымы өндірісінде қолданылатын шикізатты материалдардың құрамы, белгісі және дайындау тәсілі бойынша қасиеттерін анықтап және жіктеу | Мақта және асбесттің негізгі түрлері, қасиеттері және сұрыптары, оларды өңдеу ерекшеліктері; түрі және белгісі бойынша өндіріс қалдықтары |
2 - 1 | Қоспаның әр түрлерін есептеу дағдысы; компонентті жүктеу есептемесінің әдістемесін есептеу дағдысы | Қолданылушы жабдық құрылғылары; өңделуші шикізат түріне байланысты колосник торларын таңдау және орнату тәртіптері | |
3 - 1 | Нормативті - техникалық құжаттамалармен жұмыс істеу | Жұмыстың оптимальді тәсілдерін таңдау және өз таңдауын аргументтеу |
«Техникалық асбестті бұйымдарының өндірі» кәсіби стандартына 4 қосымша
Қалыптау массасын брикеттеушісі
1 кесте. Ағымдағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы сабақтарының Мемлекеттік классификаторы ҚР МК 01-2005 | |
Базалық топтар | 8212 - Қалыптау массасын брикеттеушісі |
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің біріңғай тарифті - біліктілік анықтамасы | |
БТБА шығарылым, бөлімдері | 36 шығарылым Бөлім «Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі» (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылдың 27 ақпанындағы № 81-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген, №8362, 2013 жылдың 7 наурызы) |
БТБА бойынша мамандық | Қалыптау массасын брикеттеушісі (3-5 разряд) |
Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі | БТБА бойынша разрядтар |
3 | 3-4 |
4 | 5 |
2 кесте. Қалыптау массасын брикеттеушісінің еңбек шартына, білім беруге және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Мамандық бойынша жұмыстың мүмкін орындары | Техникалық асбест бұйымын өндіруші кәсіпорындар | |
Еңбектің зиянды және қауіпті шарттары | қауіптіліктің 4 классы: (МЕСТ 12.1.007-76*) Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі зиянды заттар қауіпсіздіктің жіктемелері және жалпы талаптары | |
Жұмысқа берілетін рұқсаттың ерекше шарттары | Типтік салалық нормамен жұмысшылар мен қызметшілерге жеке басын қорғау мақсатында арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқада заттарды тегін беру» сәйкес асбестпен жұмыс істеушілер зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан жеке басын қорғау заттарымен қамсыздандырылуы қажет. ҚР ТЖМ бұйрығына сәйкес (29.12.2008 ж. № 219): - кіріспе нұсқаулығы - жұмысқа қабылдау кезінде, мамандығы бойынша басқа жұмысқа ауысу кезінде; - кезекті - технологиялық жұмыстың өзгеруі кезінде, басқа жұмыс бөліміне ауысу кезінде, жұмысты қауіпсіз орындау ережесі бұзылу кезінде - өндірістік бақылау қызметкерінің немесе Мемлекеттік инспектордың талабы бойынша; - ағымды - жарты жыл сайын. | |
СБШ деңгейі | Кәсіби білім беру және оқыту деңгейі | Талап етілген жұмыс тәжірибесі |
3 | Кәсіби дайындық | Жұмыс тәжірибесі 1 жыл |
4 | Техникалық немесе кәсіби білімі. | 3 деңгейде 3 жылдық жұмыс тәжірибесімен |
3 кесте. Қалыптау массасын брикеттеушісінің еңбек функциясын анықтайтын КС бірлігінің тізімдері
Еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірлігі) |
1 | Жұмыс орнын дайындау, қолданылушы жабдықтың жұмыс қабілетін тексеру |
2 | Асбесттің қалыптаушы массадан жаншылған таспаны, жаншып брикеттеу машинасында тежегіш қаптамасын және брикеттерді дайындау, қалыптау дәлдігін реттеу |
3 | Брикеттерді салып, оны кейінгі өңдеулерге беру |
4 кесте. Қалыптау массасын брикеттеушісінің орындайтын КС бірлігін сипаттау
Еңбек функциясының шифры | Еңбек заты | Еңбек құрылғылары | Міндеттемелер |
1 | Қалыптаушы массаны дайындауға арналған бастапқы компоненттер | Сита, таразылар, магнитті сепаратор | 1. Бастапқы шикізаттарды жұмысшы орнына жеткізу, оларды сито және теңдеме арқылы өткізу. |
2 | Латунды түйіршіктер | 2. Сақтау үшін бункерге өткізілген шикізаттарды жүктеу. | |
3 | Өткізілген шикізаттар түріндегі дайын өнім | 3. Дайын өнім сапасын тексеру |
5 кесте. СБШ бойынша 3 деңгейлі қалыптау массасын брикеттеуші құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Тапсырма шифры | Жеке және кәсіби құзыреттілік | Икемділігі және дағдылары | Білімі |
1 - 1 | Жұмыс нәтижесіне және дайын өнім сапасына дербестік, даралық және жауапкершіліктің белгілі дәрежесіндегі басшылықпен орындау қабілеттілігі | Қолданушы жабдық дұрыстығын тексеру | Қалыптаушы массаны брикеттеудің технологиялық процессі |
2 - 1 | Технологиялық жабдықтың қолданылуын пайдалану | Жаншып брикеттеу машиналарының және червякты пресстің құрылғылары, қалыптаушы массаның маркалары мен шифрлары | |
3 - 1 | Брикеттерді салу, қолданылушы жабдықты тазалау, майлау және қабаттау | Шығарылушы өнім ассортименті; өнім сапасына қойылатын талаптар. |
6 кесте. СБШ бойынша 4 деңгейлі қалыптау массасын брикеттеуші құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Тапсырма шифры | Жеке және кәсіби құзыреттілік | Икемділігі және дағдылары | Білімі |
1 - 1 | Жұмыс нәтижесіне және дайын өнім сапасына дербестік, даралық және жауапкершіліктің белгілі дәрежесіндегі басшылықпен орындау қабілеттілігі | Қолданушы жабдық дұрыстығын тексеру | Қалыптау массасын брикеттеудің технологиялық процессі |
2 - 1 | Технологиялық жабдықтың қолданылуын пайдалану | Жабдықта қолданылушы құрылғылар, пресс головкасына арналған шайбаның берілген ассортименттеріне сәйкес таңдау. Жұмыс процессінде олардың саңылауын, жылдамдығын және реттелігін реттеу | |
3 - 1 | Біліктілігі төмен брикеттеушілер бригадасына басшылық ету. | Шығарылушы өнім ассортименттері, өнім сапасына қойылатын талаптар |
«Техникалық асбестті бұйымдарының өндірі» кәсіби стандартына 5 қосымша
Ыстықтай қалыптау пресстеушісі
1 кестесі. Ағымдағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы сабақтарының Мемлекеттік классификаторы ҚР МК 01-2005 | |
Базалық топтар | 7322 - Ыстықтай қалыптау пресстеушісі |
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің біріңғай тарифті - біліктілік анықтамасы | |
БТБА шығарылым, бөлімдері | 36 шығарылым Бөлім «Асбест техникалық бұйымдарының өндірісі» (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылдың 27 ақпанындағы № 81-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген, №8362, 2013 жылдың 7 наурызы) |
БТБА бойынша мамандық | Ыстықтай қалыптау пресстеушісі (4-5 разряд) |
Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі | БТБА бойынша разрядтар |
3 | 4 |
4 | 5 |
2 кесте. Ыстықтай қалыптау пресстеушісінің еңбек шартына, білім беруге және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Мамандық бойынша жұмыстың мүмкін орындары | Техникалық асбест бұйымын өндіруші кәсіпорындар | |
Еңбектің зиянды және қауіпті шарттары | қауіптіліктің 4 классы: (МЕСТ 12.1.007-76*) Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі зиянды заттар қауіпсіздіктің жіктемелері және жалпы талаптары | |
Жұмысқа берілетін рұқсаттың ерекше шарттары | «Типтік салалық нормамен жұмысшылар мен қызметшілерге жеке басын қорғау мақсатында арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқада заттарды тегін беру» сәйкес асбестпен жұмыс істеушілер зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан жеке басын қорғау заттарымен қамсыздандырылуы қажет. ҚР ТЖМ бұйрығына сәйкес (29.12.2008 ж. № 219): - кіріспе нұсқаулығы - жұмысқа қабылдау кезінде, мамандығы бойынша басқа жұмысқа ауысу кезінде; - кезекті - технологиялық жұмыстың өзгеруі кезінде, басқа жұмыс бөліміне ауысу кезінде, жұмысты қауіпсіз орындау ережесі бұзылу кезінде - өндірістік бақылау қызметкерінің немесе Мемлекеттік инспектордың талабы бойынша; - ағымды - жарты жыл сайын. | |
СБШ деңгейі | Кәсіби білім беру және оқыту деңгейі | Талап етілген жұмыс тәжірибесі |
3 | Кәсіби дайындық | Жұмыс тәжірибесі 1 жыл |
4 | Техникалық және кәсіби білімі | 3 деңгейде 3 жылдық жұмыс тәжірибесімен |
3 кесте. Ыстықтай қалыптау пресстеушісінің еңбек функциясын анықтайтын КС бірлігінің тізімдері
Еңбек функциясының № | Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарт бірлігі) |
1 | Жұмыс орнын дайындау, қолданылушы жабдықтың жұмыс қабілетін тексеру |
2 | Сәйкесінше пресс - ормаларды таңдау. Дайындаманы пресс формаға салу, пресс форманы пресске жүктеу. Технологиялық регламентке сәйкес бұйымды вулканизациялау - бакелизациялау. Вулканизациялау - бакелизациялау режимдеріне, бу және сығылған ауа қысымына бақылап - өлшеу приборларының көрсеткіштері бойынша бақылау жүргізу. |
3 | Бұйымды сұрыптау және төсемдеу оларды кейінгі өңдеуге беру. Жабдықтың дұрыстығын тексеру. Гидропресстерді тазалау және майлау. |
4 кесте. Ыстықтай қалыптау пресстеушісінің орындайтын КС бірлігін сипаттау
Еңбек функциясының шифры | Еңбек заты | Еңбек құрылғылары | Міндеттемелер |
1 | Техникалық асбесттік бұйымдардың түрлі тоқымалы немесе қалыпталған дайындамалары | Көпшегелі, көпсатылы, алынатын немесе алынбайтын электрлі немесе булы қыздырғышы бар пресс формалы гидропресстер. Бақылап - өлшеуші приборлар. | 1. Сәйкес пресс-қалыпты қалыптау. Үлгішені пресс-қалыпқа қою, пресс-қалыпты преске салу. Технологиялық регламенттке сәйкес бұйымды вулканизациялау-бакелизациялау |
2 | Пресс-формалар | 2. Вулканизациялау - бакелизациялау режимдеріне, бу және сығылған ауа қысымына бақылап - өлшеу приборларының көрсеткіштері бойынша бақылау жүргізу | |
3 | Дайын өнім | 3. Дайын өнім сапасын тексеру |
5 кесте. СБШ бойынша 3 деңгейлі ыстықтай қалыптау пресстеушісінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Тапсырма шифры | Жеке және кәсіби құзыреттілік | Икемділігі және дағдылары | Білімі |
1 - 1 | Жұмыс нәтижесіне және дайын өнім сапасына дербестік, даралық және жауапкершіліктің белгілі дәрежесіндегі басшылықпен орындау қабілеттілігі | Өңделуші бұйым ассортименттерін ажырату. | Пресс - формаға дайындаманы салу тәсілдері, пресс - формаларды гидропресске жүктеу. Технологиялық регламентке сәйкес бұйымды вулканизациялау - бакелизациялау. |
2 - 1 | Вулканизациялау - бакелизациялау режимдерін, бу және сығылған ауа қысымына бақылап - өлшеу приборлары көрсеткіштерін басқару. Пресстен пресс формаларды шығару және ондағы дайын бұйымды алу. | Түрлі бөлшекті вулканизациялау - бакализациялаудың технологиялық режимдері мен процесстері; дайын бұйым сапасына қойылатын техникалық шарттар мен талаптар; | |
3 - 1 | Жабдықтың дұрыстығын тексеру. Гидропресстерді тазалау және майлау. | Дайын бұйым сапасына қойылатын техникалық талаптар |
6 кесте. СБШ бойынша 4 деңгейлі ыстықтай қалыптау пресстеушісінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар
Тапсырма шифры | Жеке және кәсіби құзыреттілік | Икемділігі және дағдылары | Білімі |
1 - 1 | Жұмыс нәтижесіне және дайын өнім сапасына дербестік, даралық және жауапкершіліктің белгілі дәрежесіндегі басшылықпен орындау қабілеттілігі. | Өңделуші бұйым ассортименттерін ажырату. | Көпшегелі, көпсатылы, алынатын немесе алынбайтын электрлі немесе булы қыздырғышы бар пресс формалы гидропресстерде техникалық асбесттік бұйымдардың қалыпталған дайындамасын немесе түрліше маталарды пресстеу - бакелизациялау немесе вулканизациялау |
2 - 1 | Жартылай фабрикаттарды өңдеудің белгілері мен ерекшеліктері; Плитада пресс формалары санын есептеу. | Вулканизациялау - бакелизациялау режимдерін, бу және сығылған ауа қысымына бақылап - өлшеу приборлары көрсеткіштері режимдерін реттеу. | |
3 - 1 | Бұйымды сұрыптау және төсемдеу оларды кейінгі өңдеуге беру. | Пресс - форма санын есептеу әдістемесі; ақау түрлері және ақаудың пайда болу себептері алдын алу және жою шамалары; Дайын өнімнің мемлекеттік стандарттары. |
«Техникалық асбестті бұйымдарының өндірі» кәсіби стандартына 6 қосымша
Келісу парағы
Мекеменің аталуы |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Кәсіби стандартты тіркеу және сараптау
Осы кәсіби стандарт бекітілген және тіркелген _______________________
Кәсіби стандарттар реестіріне ендірілген - тіркелу № ________________
Хат (хаттама) № __________ Мерзімі __________________________________