• Мое избранное
Шығыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жекелеген жер учаскелерін босалқы жерлерге ауыстыру туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Шығыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жекелеген жер учаскелерін босалқы жерлерге ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 807 қаулысы

Редакция 04.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 804,2 гектар, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданындағы 52,5 гектар және Семей қаласындағы 751,7 гектар жерлері Бұлақ ГЭС-ін салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыруға байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне бере отырып, алқаптарды тазалау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысымен (21.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.09.2015 жылы № 180 (28658) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 807 қаулысына
қосымша
«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жерлері санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылатын жерлерінің экспликациясы
 

Р/с



Жер пайдаланушының

атауы

Жалпы алаңы, гектар

оның ішінде:

орман көмкенген жерлер

алаңқай лар

сирек ормандар

жайлымдар

жолдар

1

құмдар және басқа алқаптар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі

804,2

566,6

82,8

23,8

41,4

1,5

88,1

2

Жиыны

804,2

566,6

82,8

23,8

41,4

1,5

88,1