• Мое избранное
«Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидаларын, жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары мен оның нысанын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидаларын, жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары мен оның нысанын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 31 шілдедегі № 8049 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрлігі
2014 жылғы 24 шілдедегі
№ 01-2-18-2/2332-И хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидаларын, жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары мен оның нысанын және комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, келесіні хабарлайды.
Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидаларының жобасы (бұдан әрі – Қағидалар жобасы) бойынша: түсініксіздіктерді жою және құжаттар тапсыру кезінде сыбайлас жемқорлық факторларына жол бермеу мақсатында Қағидалар жобасының 4-тармағы 1), 3) тармақшаларында, 5-тармағы 1), 2) тармақшаларында, 6-тармағы 1) тармақшасында жария ету субъектілері тапсыратын құжаттарды қай елдің органдары растауы тиіс екендігін көрсету қажет.
Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы Ереже жобасы (бұдан әрі – Ереже жобасы) бойынша: Ереже жобасының 12-тармағында комиссияның дауыс беру жолымен жария ету немесе жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдауы көзделген. Заңнамада мүлікті жария ету немесе жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдау жағдайлары нақты белгіленгендіктен, осы рәсімге жол беруге болмайды деп есептейміз. Осыған орай, комиссия тапсырылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестілігіне тексеруді жүзеге асыруы және бірауызды шешім қабылдауы тиіс.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева