• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
2014 жылы көрнекті мәдениет, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына дайындық және оларды өткізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

2014 жылы көрнекті мәдениет, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына дайындық және оларды өткізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 815 қаулысы

«Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ақын, әнші-композитор, атақты палуан Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
2) көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым, педагог Санжар Асфендияровтың туғанына 125 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) жазушы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына  125 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
4) көрнекті актер, режиссер, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
5) көрнекті театр және кино актрисасы, КСРО халық әртісі Сәбира Майқанованың туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
6) көрнекті жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.