• Мое избранное

Отправить по почте

«Көмір өнеркәсібі» саласындағы біліктіліктердің салалық шеңберін бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Жоба
«Көмір өнеркәсібі» саласындағы біліктіліктердің салалық шеңберін бекіту туралы
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 138-4-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Көмір өнеркәсібі» саласындағы біліктіліктердің салалық шеңбері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде осы тармақтағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды орындау туралы ақпараттарды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 20___ жылғы
«__» __________№_____
бұйрығымен бекітілген
«Көмір өнеркәсібі» саласындағы салалық біліктілік шеңбері
Жалпы ережелер
1. «Көмір өнеркәсібі» саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) сегіз біліктілік деңгейін қамтиды, бұл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне (бұдан әрі – ҰБШ) сәйкес келеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8022 болып тіркелді, «Юридическая газета» 2012 жылғы 16 қарашадағы № 174 (2356) және «Казахстанская правда» газеттерінде 2012 жылғы 24 қарашада № 408-409 (27227-27228) жарияланған).
2. СБШ кәсіби стандарттарды әзірлеу үшін біліктілік деңгейлерінің, жалпы кәсіби өкілеттіктің бірыңғай шәкілін айқындайды. СБШ біліктіліктің салыстырмалылығын және құзыреттілігін қамтамасыз етеді, көмір өнеркәсібі саласындағы мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады.
3. СБШ-да нәтижелердің жиынтық сипаттамасы келтіріледі, нақтылау салалық біліктілік шеңберінде, кәсіби стандарттарда жүзеге асырылады.
4. СБШ пайдаланушылардың әртүрлі топтарына (азаматтарға, жұмыс берушілерге, білім беру органдарына) арналған және:
1) бірыңғай әдістемелік негізде кәсіби және білім беру стандарттарын әзірлеуге;
2) мамандардың және оқу орындарын бітірушілердің біліктілігіне және құзыреттеріне қойылатын талаптардың бірыңғай ұстанымын сипаттауға;
3) сәйкестікті растау және көмір саласындағы мамандар мен кәсіби білім берудің барлық деңгейлеріндегі бітірушілердің біліктілігін бағалау материалдары мен айқындау рәсімін әзірлеуге мүмкіндік береді.
5. Осы СБШ-да қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) біліктілік – қызметкердің нақты жұмыс түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыс күрделілігін, дербестілігі мен жауапкершілігін білдіретін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;
3) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;
4) дағды – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану);
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының жиынтығынан құралған және оларды орындауға қажетті құзыреттердің кәсіби қызмет саласының бөлігі;
6) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі бар және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттерінің ұқсас жиынтығын қамтамасыз ететін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
7) еңбек функциясы – бизнес процесс айқындайтын еңбек іс-әрекеттерінің интеграцияланған және салыстырмалы түрде автономды жиынтықты білдіретін және оларды орындау үшін қажетті құзыреттіліктің болуын қамтамасыз ететін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
8) кәсіби міндет – еңбек функциясын іске асырумен және кәсіби қызметтің белгілі бір саласында қажетті нәтижеге қол жеткізумен байланысты әрекеттер туралы нормативтік түсінік;
9) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
10) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білімі туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;
11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметінде білімін, біліктілігі мен дағдысын қолдану қабілеті;
12) ҰБШ – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
13) СБШ – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
14) функционалдық карта – кәсіби қызметтің осы немесе өзге саласының шеңберінде қызметкер орындайтын белгілі бір қызмет түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
6. СБШ осы СБШ-ның 1-қосымшасына сәйкес Ұлттық біліктілік шеңберінің құрылымы бойынша ресімделген шеңберлік құрылымды білдіреді.
7. СБШ-ны әзірлеу кезінде үздіксіздік және сабақтастық қағидаттары, қызметкерлердің құзыреттеріне, білігіне, дағдылары мен біліміне (бірінші деңгейден сегізінші біліктілік деңгейіне дейін) қойылатын талаптарды жүйелі арттыру пайдаланылды.
8. Қызметкердің білігі мен білімі орындалатын қызмет сапасының деңгейін және нәтижелерін айқындайды.
Қызметкерлер кәсіби қызмет жүйесіндегі орнына байланысты өкілеттік пен жауапкершіліктің әртүрлі ауқымын иеленеді. Қызметкерлердің қызметі жетекшілікте, өз бетінше (атқарушылық қызмет) жүзеге асырылады немесе басқа қызметкерлердің қызметін басқаруды болжайды.
Дағдылары мен білімі кәсіби қызметтегі өзара іс-қимылдың белгілі бір жағдайларында қызметкердің осы немесе өзге де нақтылайтын құзыреттерінің жеке сипаттамаларына жатады.
Әрбір біліктілік деңгейінің құзыреттері мынадай негізгі критерийлер: дербестік, жауапкершілік және орындалатын жұмыстың күрделілігінің дәрежелері бойынша бағаланады.
Кәсіби қызметтің негізін жаңа құзыреттерді қалыптастыру немесе барын жаңартуды қамтамасыз етуді, қоғамда және еңбек нарығындағы өзгеріп тұратын ахуалға оның бейімделуін қамтамасыз ететін қызметкердің кәсіби құзыреттері құрайды. Қызметкерлердің бойында нарықтық қатынастары жағдайында өздігінше байқау, бақылау, тәртіп, түзету, бағалау, ұйымдастыру, басқару, қамтамасыз ету сияқты жалпы кәсіби құзыреттер болуы тиіс.
9. Біліктілік пен құзыреттер адамның белгілі бір білім бағдарламасын игеруі және/немесе кәсіби практикалық тәжірибе алуы болып табылады. Біліктілікті арттыру немесе оның қызметінің бейінін (кәсібін) өзгерту үшін қызметкерлер қосымша білім бағдарламалары бойынша әртүрлі оқу орындарында оқуға мүмкіндіктері бар. Оқу орындарын, қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру курстарын бітіргеннен кейін қызметкерлер біліктілікті растау және оны беретін тәуелсіз орталықтарда өзінің кәсіби деңгейін тәжірибелік тексеру рәсімдерінен өтеді.
Оқу, білім алу, жұмыстың практикалық тәжірибесімен байланысты біліктілік деңгейлеріне қол жеткізу жолдарының нұсқалары осы СБШ-ға 2-қосымшада ұсынылған.
«Көмір өнеркәсібі» саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне
1-қосымша
«Көмір өнеркәсібі» саласындағы салалық біліктілік шеңберінің құрылымы
 
Ұлттық біліктілік шеңберінің (ҰБШ) деңгейі

Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) деңгейі

Кәсіби қызмет саласы:

1. Көмір кен орындарын ашық әдіспен өндіру

Еңбек функцияларына қойылатын талаптар

Біліктеріне қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

1

1

Біліктілігі анағұрлым жоғары деңгейдегi маманның (тәлімгердің) жетекшілігімен нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық іс-қимылы

Қарапайым тәжірибелік тапсырмаларды тыңдайды, түсінеді және орындайды, тәлімгердің жұмысын бақылайды, тәлімгерге қосымша жұмыс көрсетеді

Еңбек мәні, оны қайта құру процесі және тиісті атқарушылық іс-қимылдар циклы туралы базалық білімі

2

2

Шектелген жауапкершілiк пен дербестiктің белгiлi дәрежесін болжайтын жетекшілікте нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызметі

Жұмыс тәсілін жұмыстық карта және нұсқаулық негізінде таңдайды, күрделі емес үлгілік тәжірибелік тапсырмаларды және жұмыстарды орындайды

Еңбек мәні, қарапайым үлгілік міндеттерді орындау кезінде нәтижеге қол жеткізу құралдары мен тәсілдері туралы, атқарушылық қызметтің рефлексиясы туралы базалық білімі

3

3

Бағынысты қызметкерлердің міндеттерін өз бетінше белгілеуін, нормаларды іске асыруды ұйымдастыру мен бақылауды көздейтін жетекшілікте нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық-басқарушылық қызметі, нәтижеге жауаптылығы

Алынған тапсырмаларды нақтылайды, бағыныстыларға міндеттерін белгілейді, олардың қызметтерінің нәтижелерін бағалайды, жетіспейтін білімі мен білігін айқындайды, бағынысты қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға ынталандырады

Кәсіби міндеттерді қою және шешу амалдары, қағидалары және тәсілдері туралы, қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, ойлау және қызмет рефлексиялары, еңбек уәждемесінің және еңбекті ынталандыру тәсілдері туралы білімі

4

5

5

Кәсіпорын қызметінің технологиялық процесс учаскесі және стратегиясы шеңберіндегі соңғы нәтижеге қол жеткізуге жауапкершілікті көздейтін атқарушылық қызметі

Жағдайды дербес талдайды, шешімдер қабылдайды және олардың іске асырылуына жағдай жасайды, басқарушылық және орындаушылық кәсіби шеберлікті арттыратын командалық жұмыс контекстінде қызметті бақылайды және түзетеді

Кәсіби жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері туралы, ұжымдық және команда құру туралы білімі

6

6

Жұмысты басқа учаскелермен келісуді көздейтін кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберінде басқарушылық қызмет, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға және нәтижеге қол жеткізуге жауаптылығы

Еңбек қызметінің күрделі жағдайларында шешімдер қабылдайды, өзін-өзі басқару мәдениетін сақтайды, коммуникабельділігін және көзқарастар келісушілігін ұйымдастырады, нәтижелерді ресімдеу және таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдаланады

Күрделі әлеуметтік және кәсіби жағдайларды бірлесіп талдау, жобалау және шешімдер қабылдау әдіснамасы, коммуникабельділікті және көзқарастарды келісу, талдамалық және жобалау құжаттамасын ресімдеу және таныстыру тәсілдері туралы білімі

7

7

Өңірлік және салалық ауқымдағы құрылымдардың жұмыс істеу және даму стратегияларын құруды, оны іске асыру жағдайларын ұйымдастыруды көздейтін басқарушылық қызметі, нәтижеге қол жеткізуге жауаптылығы

Инновациялық тәсілдерді, тұжырымдамалар құрылымы әдістерін және қызмет стратегиясын қолдана отырып міндеттер мен проблемаларды шешуге жауапкершілікті алады және қабылдайды

Тұжырымдамалар құрылымы әдіснамасы, стратегиясы, қызметтің функционалдық моделі және жұмысшылардың өзара іс-қимылы, акмеологикалық тәсілдерді қолданумен міндеттер және проблемеларды жүйелік шешу және қоюдың әдістері туралы білімі

8

8

Мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдардың дамуы және құрылымы стратегияларын құруды, оны іске асыру жағдайларын ұйымдастыруды көздейтін басқарушылық қызметі, нәтижеге қол жеткізуге жауаптылығы

Логикалық әдістемелерді, кәсіби қызмет және өзара іс-қимыл модельдерінің жүргізілуін және құрылуын қолданумен келісілген шешімдерді қабылдауға жауапкершілікті өзіне алады және қабылдайды

Қызмет пен өзара іс-қимылдардың кооперативтік жүйесін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді модельдеу, басқару және әдіснамасы туралы білімі

Ұлттық біліктілік шеңберінің (ҰБШ) деңгейі

Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) деңгейі

Кәсіби қызмет саласы:

2. Көмір кен орындарын жерасты қазу

3.
Шахталық құрылыс, тау-кен машиналары және жабдықтар

«Көмір өнеркәсібі» саласындағы салалық біліктілік шеңберіне
 2-қосымша
Біліктілік деңгейіне қол жеткізу жолдарының нұсқалары
 
Бiлiктiлiк деңгейi

Тиiстi деңгейдегi бiлiктiлiкке қол жеткiзу жолдары

1

Н егізгі орта білім н і ң, бірақ б астауыш білімнен төмен емес және/немесе жұмыс орнында қысқа мерзімді оқыту дың (нұсқау) және/немесе қысқа мерзімді курстар дың бар болуы.

2

Негізгі орта білімнен төмен емес жалпы орта білімі болған кезде практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби даярлау (білім беру ұйымы базасында қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту).

3

Практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби даярлау (білім беру ұйымының базасында бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорында оқыту).

Жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің базасында техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде.

4

Негізгі орта білімнің базасында техникалық және кәсіби білім болған кезде және практикалық тәжірибенің үш жылдан кем емес болуы

Жоғары деңгейдегі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық немесе ортадан кейінгі білім) практикалық тәжірибе сіз .

5

Техникалық және кәсіби білім (немесе ортадан кейінгі білім) практикалық тәжірибе немесе жоғары білім, практикалық тәжірибесіз қосымша кәсіби білім беретін бағдарламалар.

6

Жоғары білім. Бакалавриат, резидентура, практикалық тәжірибе.

7

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистратура (бакалавриат бағдарламасын игеру негізінде), практикалық тәжірибе. Бакалавриат және қосымша кәсіби білім, практикалық тәжірибе.

8

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (тиісті мамандығы бойынша магистрдің академиялық дәрежесін алуға арналған бағдарламалар, (PhD) философия докторлары және бейіні жөніндегі докторлар және/немесе практикалық тәжірибе). Магистрді немесе маманды дайындаудың игерілген бағдарламасы, қосымша кәсіби білім, практикалық тәжірибе және салалық, салааралық, халықаралық деңгейде қоғамдық кәсіби танылу. PhD докторантурасы, PhD докторының ғылыми дәрежесі, ғылым дар кандидаты, ғылым дар докторы, практикалық тәжірибе.