• Мое избранное
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. «Электрондық құжат айналым ережелерін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысының күші жойылды деп танылсын.  
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов  
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және 7-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда (бұдан әрі – ұйымдар) басқарушылық қызметтегі құжаттама жасауды ұйымдастырудың, қағаз жеткізгіштегі және электрондық құжат түріндегі құпия емес сипаттағы құжаттармен жұмысты ұйымдастырудың тәртібін белгілейді.  
2. Үлгілік қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) іс жүргізу, басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету, құжаттау және құжаттаманы басқару–құжаттауды және құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша заңды тұлғалардың әрекет ету аясы;  
2) құжат - ақпараттың дәлме-дәлдігін растайтын материалдық жеткізгіште жазылған ақпарат және  
3) қағаз жеткізгіштегі құжат – ақпараттың дәлме-дәлдігін растайтын материалдық жеткізгіште жазылған ақпарат;  
4) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
5) құжаттың реквизиті – құжаттың ақпарттық деректемеілері;  
6) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы - кілттерді криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, көбейтуді, қалыптастыруды, бөлуді және басқаруды іске асыратын құрал;
7) кілтті жеткізгіш - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілтін қамтитын ақпаратты жеткізгіш;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық (бұдан әрі - МО КО) - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы - «электрондық үкіметтің», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
10) құжаттың электрондық көшірмесі - өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзі жеке қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;  
11) мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен тиісті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары арасындағы электрондық құжат алмасуға арналған электрондық құжат айналымы жүйесі;
12) нормативтік-анықтамалық ақпарат - нормативтік құжаттарға негізделген және құжаттың әртүрлі сипаттарын анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат (жіктеуіштер, анықтамалықтар, тізбелер және басқалары);
13) ЭҚАБЖ орталығы - электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушыларды тіркеуді, нормативтік-анықтамалық ақпаратты үйлестіруді және электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылар арасындағы электрондық құжаттар алмасуды қамтамасыз ететін ЭҚАБЖ ішкі жүйесі;
14) электрондық құжат айналымы жүйесі - оған қатысушылар арасындағы қатынастар «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік  құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
15) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы - электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздестіру және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;
16) электрондық ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелерде қамтылатын, электрондық түрде сақталатын ақпарат (ақпараттық дерекқор);
17) электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесі - ақпаратты (деректемелердің мәліметтерін) электрондық түпнұсқадан толық шығару арқылы алынған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілтін пайдалана отырып құрылған, түпнұсқа электрондық құжатты толық бейнелейтін ақпараты бар және барлық деректемелері мен олардың бір бөлігі осы құжатты растауға өкілеттігі бар адам растаған қағаз жеткізгіштегі құжат;
18) электрондық құжаттың түпнұсқасы - электрондық цифрлық қолтаңбаның, жабық (құпия) кілті пайдаланыла отырып құрылған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған (қол қойылған), бастапқыда электрондық құжат форматында қалыптастырылған және қағаздағы шығыс түпнұсқасы жоқ құжат;
19) электрондық құжаттың форматы - оның негізінде электрондық, құжат қалыптасқан электрондық хабарламаның мазмұнды бөлігінің құрылымы;
20) электрондық тіркеу бақылау карточкасы - электрондық құжат деректемелерін тіркейтін, белгіленген нысан бойынша құжат туралы есептік деректер бар электрондық құжат;
21) электрондық, цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
22) тіркеу куәлігінің иесі - өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
23) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін тарату, түсіру (және/немесе түрлендіру), жою немесе оқшаулау жөніндегі заңсыз әрекеттерді қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді сақтауға, оларға заңсыз енудің қолжетімділігін (оның ішінде ақпаратқа заңсыз енуді) болдырмауға бағытталған іс-шаралардың құқықтық, ұйымдық  және техникалық кешені.
3. Құжаттың электрондық көшірмесін жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тиісті түпнұсқа қағаз құжат деректемелерінің деректерін қамтитын ақпарат толық қалпына келтіріледі.
4. ЭҚАБЖ-ны басқа ақпараттық, ақпараттық-коммуникациялық жүйелермен және электрондық құжат айналымы жүйелерімен түйіндестіру тәртібін ЭҚАБЖ-мен ықпалдастыру жөніндегі талаптарға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау) жөніндегі талаптарды орындай отырып, электрондық цифрлық қолтаңба қалыптастыру тәртібіне сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
5. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарымен ЭҚАБЖ-нің өзара іс-қимыл тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
6. Басқарушылық қызметте қолданылатын құжаттардың құрамы ұйымның құзыреті мен функцияларымен, мәселелерді шешу тәртібімен (жеке-дара өкiм жүргiзу тәртібімен немесе алқалық тәртіппен), басқа ұйымдармен байланыс жасаудың көлемімен және сипатымен анықталады.  
7. Үлгілік қағидалардың негізінде Ұлттық мұрағат қорының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында орналасқан толықтыру көздері-ұйымдар құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидаларын әзірлейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекітеді.  
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаттарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері-ұйымдар осындай қағидаларды олармен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді.  
8. Бірыңғай техникалық саясат негізінде басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды, жүргізуді және жетілдіруді, құжаттармен жұмыс істеуде қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолдануды, ұйымдағы құжаттармен жұмыс істеуге әдістемелік басшылық жасау мен белгіленген тәртіптің сақталуын бақылауды басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – БҚҚ қызметі) жөніндегі функциялар жүктелген құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.  
Штат кестесінде басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше көзделмеген ұйымда бұл міндеттер жауапты лауазымды тұлғаға жүктеледі.  
9. БҚҚ қызметінің басшысы ауысқан кезде құжаттар мен істер, сондай-ақ олардың тіркеу-бақылау нысандары (бұдан әрі – ТБН) жаңадан тағайындалған басшыға немесе жауапты лауазымды тұлғаға еркін түрде құрастырылатын қабылдау-беру актісімен тапсырылады.  
10. Осы Үлгілік қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қамтитын құжаттарға, «Қбпү» белгісі бар қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу тәртібіне қолданылмайды.