• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2014 жылғы 1 қазанға тағайындау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2014 жылғы 1 қазанға тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 871 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2008 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев