• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 сәуірде № 9368 тіркелді

Осы редакция 16.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:
1) «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2011 жылғы 26қыркүйектегі № 501 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7278 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 95-96 (26914-26915) санында жарияланған);
2) «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 502 бұйрығының; (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7280 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 95-96 (26914-26915) санында жарияланған);
3) «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 503 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7281 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 95-96 (26914-26915) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары тиісті қызметтер қызметкерлерінің осы бұйрықты зерделеуін ұйымдастырсын және оны мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр       полиция генерал-лейтенанты                       Қ. Қасымов 
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 192 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері, Ішкі істер министрлігініңБайқоңыр қаласындағы Өкілдігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке тұлғаларға және Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):
ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі – ТЕБ);
халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер (бұдан әрі – КҚТК) мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі – МТНБ), сондай-ақ олардың телнұсқаларын бере отырып, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу, есептен шығару мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) белгіленген құжаттар тізбесін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілген Стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
6. ТЕБ-ке жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға толтыру үшін осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тіркеу (есептен шығару) актісі (бұдан әрі – акт) беріледі, онда көрсетілетін қызметті алушы қандай мемлекеттік көрсетілетін қызметтіалу үшін құжаттар ұсынылып отырғанын көрсетеді.
7. Актіні алған кезде көрсетілетін қызметті алушы көлік құралын байқап тексеру рәсімінен өту үшін ТЕБ-тің жауапты қызметкеріне жіберіледі. Көлік құралын байқап тексеру 20 минут ішінде жүзеге асырылады.
8. ТЕБ қызметкері көрсетілетін қызметті алушы толтырылған актіні ұсынған және көлік құралын байқап тексеру рәсімінен өткені туралы белгі болған кезде құжаттардың толық ұсынылғанынжәне көрсетілетін қызметті алушы деректерінің не оның көлік құралы деректерінің, сондай-ақ көлік құралы иесі деректерінің бар екенін 15 минут ішінде ІІМ-нің ақпараттық ресурстарыбойынша тексереді.
Көрсетілген іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ қызметкері мына шешімдердің бірін қабылдайды:
көрсетілетін қызметті алушының, көлік құралының деректері іздестіру базасында болған жағдайда тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттарды ішкі істер органдарының аумақтықбөлімшесіне береді;
көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болмаған жағдайда ТЕБ қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді және құжаттарды ТЕБ операторына береді.
9. ТЕБ операторы құжаттарды алғаннан кейін «Автомобиль» автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесінің электрондық базасын қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті алушының және оның көлік құралының қажетті тіркеу деректерін енгізуді жүзеге асырады.
10. ТЕБ қызметкері «Автомобиль» автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесіне енгізілген көрсетілетін қызметті алушы мен көлік құралы деректерінің ұсынылған құжаттармен сәйкестігінтексеріп, осы мәліметтерді электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.
11. ТЕБ операторы тексергеннен және құжаттарды алғаннан кейін 25 минут ішінде КҚТК дайындауды жүзеге асырады.
ТЕБ операторы КҚТК бланкісін дайындағаннан кейін мөр мен қол қою үшін оны ТЕБ қызметкеріне береді.
Одан әрі КҚТК бланкісі КҚТК бланкісін ламинаттау жолымен түпкілікті дайындау рәсімін жүргізу үшін ТЕБ операторына қайтарылады.
12. Дайындалған КҚТК-ны ТЕБ операторы ТЕБ қызметкеріне береді, ол КҚТК мен МТНБ беру тізіліміне қол қойғызып, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде, КҚТК-ны не КҚТК-мен бірге МТНБ-ны көрсетілетін қызметті алушыға береді.
13. Осы Регламенттің 12-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет аяқталған болып есептеледі.
3. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
14. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта белгіленген құжаттар тізбесін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілген Стандарттың 4-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде ұсынылады.
16. Орталықтың жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін, баждар мен алымдар төленгені туралы мәліметтерді, көлік құралына салық төленгенін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы тексереді.
17. Мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық кезек талоны беріледі. Кезек күту уақыты 20 минут.
18. Орталықтың жауапты қызметкері 20 минут ішінде құжаттардың қажетті тізбесін қабылдайды, электрондық өтінішті қалыптастырады және өтініш бланкісін қағаз тасымалдағышқа басып шығарады.
19. Электрондық өтінішке Орталықтың жауапты қызметкерінің электрондық-цифрлық қолы қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға: