• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
"Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 17 шілдеде № 9583 тіркелді

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9368 болып тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 25 мамырдағы № 101 (28325) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент):
мынадай мазмұндағы 28-тармақпен толықтырылсын:
«28. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov. kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент):
мынадай мазмұндағы 34-тармақпен толықтырылсын:
«34. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov. kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.»;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде ТЕБ қызметкері құжаттардың толық ұсынылғанына тексеріс жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушыға осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.»;
мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
«22. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің mvd.gov. kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және әкімшілік полиция бөліністерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.»;
осы Регламентке қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
      «                    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                            министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді
                            қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат
                            бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»