• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулысы

Осы редакция 28.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 80 қаулысымен
бекітілген
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген  денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,  мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау  шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер 
1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметтi ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдар (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
39 (отыз тоғыз) күнтізбелік күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;
32 (отыз екi) күнтiзбелiк күн iшiнде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады;
Келiсiм жасалғаннан кейiн 30 (отыз) жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит ұсынылады;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызметі алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
4) азаматтарды тіркеу кітабының немесе тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын мекенжай анықтамасы;
5) бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
6) жылжымайтын мүлікті бағалау актісі (бюджеттік кредит алу үшін);
7) тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтініш берген күні көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық  мемлекеттік органдардың, аудандардың, облыстық маңызы бар  қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ  көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың  лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)  шағымдану тәртібі 
10. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жоғары тұрған уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым кабинетінің нөмірі уәкілетті органның стендінде көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда ресімделеді. Шағымда шағым берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), почта мекенжайы, телефоны, шағым берген күні мен қолы көрсетіледі.
Қолма-қол және почтамен түскен шағымды қабылдауды растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі, тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшін шағымның көшірмесіне кіріс нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, тиісті кеңсенің байланыс телефоны көрсетілген мөртабан қойылады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жабаша түрде хабарланады.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Орталық мемлекеттік органның, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де  талаптар 
12. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы Министрліктің www.minregion.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсында, «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен стандарттар» кіші бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар