• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы) қол қою туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы) қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 804 Жарлығы

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы) қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ 
(Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жобаның екінші фазасы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ("Қарыз алушы") мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ("Банк") арасындағы 201__ жылғы келісім. Осы арқылы Қарыз алушы мен Банк мыналар туралы уағдаласты:
I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АЙҚЫНДАМАЛАР
1.01. Жалпы Шарттар (осы Келісімге Толықтыруда айқындалған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын, бас әріптерден басталатын терминдер Жалпы Шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда оларға берілген мәнге ие болады.
II БАП - ҚАРЫЗ
2.01. Банк Қарыз алушыға сипаттамасы осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген жобаны ("Жоба") қаржыландыруға жәрдем көрсету мақсатында осы Келісімде жазылған мерзімге және шарттарда осы Келісімнің 2.07-бөлімінің ережелеріне сәйкес валюта айырбастау арқылы кезең-кезеңімен айырбастауға болатын бір жүз екі миллион тоғыз жүз екі мың төрт жүз қырық (102 902 440) АҚШ долларына тең соманы ("Қарыз") беруге келісті.
2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшаның IV бөліміне сәйкес алуға құқылы.
2.03. Қарыз алушы төлеуге тиіс біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды. Қарыз алушы комиссияны Қарыз туралы келісім күшіне енген күннен кейін 60 күннен кешіктірмей төлейді.
2.04. Қарыз алушы әрбір пайыздық кезең үшін төлеуге тиіс пайыздар Қарыз валютасы үшін референттік мөлшерлемеге ауыспалы спрэдті қосқанға тең мөлшерлеме бойынша есептелетін болады; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін конверсиялау кезінде осы сома бойынша конверсиялау кезеңі уақытында Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері Жалпы Шарттардың IV бабының ережелеріне сәйкес айқындалуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, егер Қарыздың алынған өтелмеген қалдығы бөліктерінің кез келгені уақтылы төленбей қалса және отыз (30) күн ішінде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге тиіс сыйақы мөлшері, мұндай жағдайда Жалпы Шарттардың 3.02 (е) бөлімінің ережелеріне сәйкес есептеледі.
2.05. Әр жылдың 15 маусымы және 15 желтоқсаны төлем күндері болып табылады.
2.06. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімге 3-қосымшада келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтеледі.
2.07. (а) Қарыз алушы кез келген уақытта борыштың ұтымды басқарылуын қамтамасыз ету үшін Қарыз шарттарының мынадай конверсияларының кез келгенін жүргізуді сұрата алады: (і) алынған да, алынбаған да Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негізгі сомасының кез келген бөлігін мақұлданған валютаға өзгерту; (іі) Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын пайыздық мөлшерлеме базисін өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге және керісінше немесе өзгермелі спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеден тіркелген спрэдке негізделген өзгермелі мөлшерлемеге өзгерту; және (ііі) өзгермелі мөлшерлеме үшін пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегін немесе пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе ішінара бөлігіне қолданылатын өзгермелі мөлшерлеменің шектерін айқындау.
(b) Осы Бөлімнің (а) тармақшасына сәйкес сұратылған және Банк мақұлдаған кез келген өзгеріс Жалпы Шарттарда айқындалғандай, "Конверсия" болып саналады және Жалпы Шарттардың IV бабының және Конверсия жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес күшіне енеді.
III БАП - ЖОБА
3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарына қол жеткізуді ұстанатыны туралы мәлімдейді. Осы мақсатта Қарыз алушы Жобаны Жалпы Шарттардың V бабының ережелеріне сәйкес СРК арқылы іске асырады.
3.02. Осы Келісімнің 3.01-бөлімі ережелерінің талаптарына сәйкес шектеусіз және, Қарыз алушы мен Банк өзгеше келісуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес Жобаны іске асыруды қамтамасыз етеді.
IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ;
ҚОЛДАНЫЛУЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
4.01. Мыналар күшіне енудің қосымша шарттары болып табылады:
(а) Қарыз алушының Банк үшін қанағаттанарлық Жобаны басқару жөніндегі нұсқауды қабылдауы;
(b) Қарыз алушының, қаржылық басқару және қаражатты игеру жөніндегі мамандарды іріктеуін қоса алғанда, Су ресурстары комитетінің жанында Банк үшін қанағаттанарлық құрамда, ресурстары мен техникалық тапсырмалары бар ЖБТ құруы;
(с) Қарыз алушының Банк үшін қанағаттанарлық аралық аудиттелмеген қаржылық есептерді тудыра алатын, жоба бойынша толығымен автоматтандырылған қаржылық есептілік жүйесін орнату жөнінде техникалық тапсырмалары бар келісімшартқа қол қоюы;
4.02. Осы Келісім күшіне енетін соңғы мерзім осы Келісімге қол қойылған күннен кейін бір жүз сексен (180) күн өткен соң басталатын күн болып табылады.
V БАП - ӨКІЛДЕР; МЕКЕНЖАЙЛАР
5.01. Қарыз алушының өкілі Қаржы министрі болып табылады.
5.02. Қарыз алушының мекенжайы:
Қаржы министрлігі
Жеңіс даңғылы, 11
010000, Астана,
Қазақстан Республикасы
Телекс:                             Факс:
265126 (FILIN)                     (7) (7172) 717785
5.03. Банктің мекенжайы:
International Bank for Reconstruction and Development
1818 H Street, N.W.
Washington, D.C. 20433
United States of America
       Телеграф:                     Телекс:            Факс:
      INTBAFRAD                     248423(МСІ) немесе 1-202-477-6391
      Washington, D.С.              64145(МСІ)
      __________ жоғарыда көрсетілген жылы және күні КЕЛІСІЛДІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ үшін
Уәкілетті өкіл
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ
ДАМУ БАНКІ үшін
Уәкілетті өкіл