• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығы

"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 20-бабына сәйкес Қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 05.01.2006. № 1695 жарлығымен. (03.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 22.03.2013 жылғы № 525 Жарлығымен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.03.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 330 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 61-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат; 2003 ж., N 15, 149-құжат).
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2003 жылғы 4 желтоқсандағы
N 1243 Жарлығымен бекітілген
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 05.01.2006. № 1695 жарлығымен. (03.08.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 27.11.2007. № 446 Жарлығымен. (06.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 22.03.2013 жылғы № 525 Жарлығымен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.03.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы осы ереже мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін регламенттейдi.
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві (бұдан әрі – «А» корпусының кадр резерві) – «А» корпусының бос мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі.
«А» корпусының кадр резервін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервіне алу үшін Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) ұсыным берген азаматтар қатарынан қалыптастырады.
2. Лауазымынан босатылған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі босатылған күнінен бастап бір жылға Ұлттық комиссияның шешімі бойынша кадр резервіне алынады. Лауазымынан терiс себептермен босатылған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі кадр резервіне алынбайды.
3. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Лауазымдары «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына өзгертілген мемлекеттік қызметшілер «А» корпусының кадр резервіне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде айқындалатын тәртіппен, Ұлттық комиссияның шешімі бойынша алынады.
1) «А» корпусының кадр резервіне алынған адамның өтініш беруі;
1-1) «А» корпусының кадр резервінен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуы;
5-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) осы Ереженің 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, «А» корпусының кадр резервіне алынған күнінен бастап екі жыл өтуі;
3) «А» корпусының резервшiсінiң көрiнеу жалған мәлімет бергенiн және құжаттарды бұрмалағанын айғақтайтын фактiлердің анықталуы;
4) «А» корпусының кадр резервiне алу туралы шешiм қабылдау сәтiнде беймәлiм болған немесе орын алмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекеттiк қызметте болуын шектейтiн негiздердің туындауы;
5) мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын лауазымынан теріс себептер бойынша босатылған;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оның ішінде тәртіптік істерді, мемлекеттік органдар өткізген бағалау материалдарын қарау нәтижелері бойынша Ұлттық комиссияның ұсынымдары негіз болып табылады.
5-1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервінен резервшілерді шығару үшін жартыжылдық негізде мәліметтердің мониторингін, оның ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органға сұрату жолдау арқылы жүргізеді.
Ереже 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мониторинг қорытындылары бойынша ақпарат есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне Ұлттық комиссияның жұмыс органына енгізіледі.
2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві
6. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві (бұдан әрі – «Б» корпусының кадр резерві) – «Б» корпусының бос мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі.
7. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары «Б» корпусының кадр резервiне алу туралы шешiм қабылдаған сәттен бастап, резервке алу туралы өтiнiш берген азамат «Б» корпусының кадр резервiнде тұратын адам (бұдан әрi – резервшi) мәртебесiне ие болады. Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервiнде тұру бiр жылдан ұзаққа созылмайды.
Резервшiлерді «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметі лауазымдарының тиiстi немесе төменгi санаты лауазымына тағайындау лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде жүзеге асырылады.
Резервшілерді тағайындау «Б» корпусының кадр резервіне алынған күнінен бастап бiр жыл iшiнде өздерiнiң келiсiмiмен және біліктілік талаптарына сай болғанда жүзеге асырылады.
8. «Б» корпусының кадр резервiн мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары:
1) конкурстық iрiктеуге қатысқан және мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы кадр резервiне алу үшін ұсыным берген;
1-1) «А» корпусының кадр резервіне алынған;
8-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша оқудан өткен;
3) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия айқындайтын басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын аяқтаған;
4) мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтардың қатарынан қалыптастырады.
8-1. «А» корпусының кадр резервiне алынған азаматтар «Б» корпусының кадр резервiне «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының тиісті санатына қойылатын үлгiлік бiлiктiлiк талаптарына сай болған жағдайда тестілеуден өтпей алынуы мүмкін.
Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
«Б» корпусының кадр резервіне көрсетілген азаматтарды алу мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша олар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға тиісті өтініш берген соң жүзеге асырылады.
«А» корпусының кадр резервінде болу кезеңінде азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне тестілеусіз бір реттен артық алынбайды. Азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Ережеде көзделген өзге жағдайларда «Б» корпусының кадр резервіне алыну құқығы сақталады.
9. «Б» корпусының кадр резервi Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiне сәйкес «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарының әрбiр санаты үшiн қалыптастырылады.
10. «Б» корпусының кадр резервiне алу азаматтардың өзінің ерікті қалауы негiзiнде, осы Ережеде белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық органдарының шешiмiмен жүзеге асырылады.
11. Резервшi жөнiндегi деректердi мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүйеленген тiзiмге енгiзедi және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен тиiстi тiркеу нысандарын толтырады.
12. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша «Б» корпусының кадр резервiне алынған резервші конкурстық комиссиясы оны алуға ұсынған мемлекеттік органға ғана «Б» корпусының кадр резервiнен конкурстан тыс тәртіпте тағайындалады.
Резервшiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен «Б» корпусының мемлекеттiк әкімшiлiк қызметінiң бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу құқығы сақталады.
13. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының резервшi бiлiктiлiк талаптарына сай болған жағдайда өз өтiнiшi бойынша оны лауазымдар санатының бiр тобы шегiнде төменгi санаттағы лауазымдарға орналасу үшін «Б» корпусының кадр резервiне ауыстыруға құқығы бар.
14. «Б» корпусының кадр резервiмен жұмысты ұйымдастыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға және оның аумақтық органдарына жүктеледі.