• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 Жарлығы

Осы редакция 28.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында жариялануға тиіс
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атауларды қолдану құқығы берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына
өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат; № 37, 438-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 58, 793-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары бекітілсін.»;
2) «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 42, 551-құжат; № 58, 793-құжат):
1-тармақ алып тасталсын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 7 наурыздағы
№ 523 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Мемлекеттік саяси лауазымдар
Бөлім өзгертілді ҚР Президентінің 17.06.2014 жылғы № 837 Жарлығымен (07.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және мүшелері
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы мен мүшелері
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның орынбасарлары
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері
Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының директоры, оның орынбасарлары
«Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры, оның орынбасарлары
«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары және олардың орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары
Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері