• Мое избранное
«Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Проект
Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
  1. Қоса Беріліп отырған Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.   
2. Осы қаулы 2014 жылғы 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға жатады.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары
  Жалпы ережелер
1. Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы Көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заныңдарына сәйкес әзірленді және рельстік көлік құралдарын пайдалануы тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар пайдаланылатын негізгі терминдер:
1) түйіспе желісі - электр энергиясының электр жылжымалы құрамның ток қабылдағыштарына берілуін қамтамасыз ететін түйіспе рельстер, кабель және жабдық;
2) габарит – заттардың, құрылыстардың, құрылғылардың шекті сыртқы геометриялық ернеуі;
3) жылжымалы құрам – метрополитеннің вагондары, локомотивтері және арнайы жылжымалы бірліктері (арнайы жылжымалы құрамы) және трамвай вогондары (жолаушы, жүк және арнайы мақсаты);
4) жылжымалы құрамның габариті- рельстік жолға қысылған жылжымалы құрам оның шегінен шыкпай орналасады шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін;
5) құрылыстардың жақындау габариті – оларды дайындау мен монтаждауға нормаланған рұқсаттарды ескере отырып, тұтас металконструкциялардың тіреулерінен басқа, станциялық ғимараттар мен құрылыс конструкцияларының ешқандай бөліктері кірмейтін, жылжымалы құрам мен жабдық ғана кіретін шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін;
6) қызметтік тежеу - жылдамдықты баяу азайту немесе поезды алдын ала көзделген жерде тоқтату үшін кез келген шамадағы сатылармен пневматикалық тежеу;
7) метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
8) аралық - темір жол желісінің шектес станциялармен, разъездермен, озу пункттерімен немесе жол посттарымен шектелген бөлігі;
9) рельстік көлік құралдарын ұйым (кәсіпорын) – ұйымдық-құқықтық құрылым, жөндеу, басқару, аналитикалық-жоспарлау өзге де қызыметтермен қамтамасыз етеді, жолаушы тасымалдау және жылжымалы құрамды пайдалану үшін қамсыздандырылады;
10) рельстік көлік құралдары – көлік кәсіпорындары, өзгеше бағытта арнайы жолдармен журуге арналған, осымен бірге өзге көлік жүйесін құрайды;
11) Метрополитен басқармасы – пайдаланымды қамтамасыздыратың метрополитен басшылық құрамы, жөндеу, басқару, аналитикалық-жоспарлау өзге де қызыметтермен қамтамасыз етеді, жолаушы тасымалдау және жылжымалы құрамды пайдалану үшін қамсыздандырылады (директоры, бас инженер, пайдалану бойынша директордын орынбасары және метрополитен поездардың қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас ревизор).
12) сигнал – шартты көрінетін немесе дыбыстық белгі, оның көмегімен белгілі бұйрық беріледі;
13) тежегіш жол – машинист краны тұтқасын, тоқтат-кранды тежеу жағдайына ауыстыру сәтінен немесе машинист бақылаушысының бас білігінің тұтқасын «Тежеу-2» (электржылжымалы құрам үшін) жағдайына толық тоқтағанға дейін поезбен (құраммен) өтетін арақашықтық.
Тежеу жолдары тежеу түріне (қызметтік, толық қызметтік, шұғыл және электр) байланысты ерекшеленеді;
14) трамвай – қала шекарасында берілген маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған қалалық рельстік көлік түрі;
15) уәкілетті мемлекеттік орган - көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) еңіс – горизантал сызыққа еңісті жолдың бойлық пішінің элементі. Төменгі нүктеден жоғарыға жылжитын поезд (құрам) үшін еңіс көтерілу, ал кері жылжитын түсу болып табылады;
17) шұғыл тежеу - магистральдық шұғыл разрядтау және барынша жоғары тежеу күшін іске асыру арқылы поезды дереу тоқтату үшін қолданылатын тежеу.
3. Метрополитен және трамвай техникалық пайдалануға байланысты терминдерді сонымен қатар поезд қозғалыс нұсқаулары және маневр жұмыстары, метрополитен және трамвай байланыс және сигналдама нұсқауларды уәкілетті орган бекітеді.
Метрополитенді техникалық пайдалану тәртібі.
1. Метрополитенді жылжымалы құрамды пайдалану тәртібі
4. Электрдепоның, электржылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету пунктерінің, жөндеу базаларының, мотовоз депосының және жылжымалы құрам шаруашылығының басқа құрылыстары мен құрылғыларының орналасуы мен техникалық жабдықталуы электрпоезд қозғалысының белгіленген мөлшерінің, жылжымалы құрамды дұрыс пайдаланудың, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді.
5. Жылжымалы құрам оның толассыз жұмысын және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жарамды күйінде пайдаланыма асады.
Жауапты тұлғалар, ақаулықтардың пайда болуының алдын алу және жылжымалы құрамның белгіленген қызмет мерзімдерін қамтамасыз ету оның уақытылы техникалық күтімі мен жөндеу жұмыстары бекітілген мерзімде асырады.
6. Пайдалануға қабылданған жылжымалы құрамның құралымына өзгерістер енгізуге тек метрополитеннің бірінші басшысының рұқсатымен жылжымалы құрамды жасаушының келісімі бойынша жол беріледі  
7. Жаңадан құрастырылған жылжымалы құрам, оны пайдалануға беруден бұрын сынақтан өтуі және Метрополитен Басшылығы бекіткен тәртіппен жеткізуші - зауыттан қабылданады және сынап біледі.
8. Жылжымалы құрамның әр бірлігінің төмендегідей анық ажырату белгілері мен жазулары: нөмірі, жасап шығарушы зауыттың тақтайшасы, ыдысының салмағы, резервуарлар мен бақылау құралдарын куәландыратын тақтайшалар мен жазулар. Жылжымалы құрамдағы басқа белгілер мен жазулар Метрополитен Басшылығы бекіткен тәртіппен енгізіледі.
9. Жылжымалы құрамның әр бірлігі үшін ең маңызды техникалық және пайдаланымдық сипаттамаларын қамтитын техникалық төлқұжат жүргізілуі тиіс. Электрпоездың әр құрамына (локомотив) Вагондардың (локомотивтің) техникалық жағдайының журналы жүргізілуі тиіс. Журнал пішіні мен оның жүргізілу тәртібін Метрополитен Басшылығы бекітеді.
10. Электрпоездар жылдамдық өлшегіштермен, АТР/АТО (RF-CBTC жүйесі кезінде поезды басқару үшін) жылжымалы құрам қауіпсіздігі және бақылау, жылжымалы құрамның диагностикасы мен жұмыс қабiлеттiлiгін тіркеушімен, поездық радиобайланыспен және жолаушыларды ақпараттандырудың техникалық құралдарымен, сонымен қатар поезд қозғалысын автоматтық басқару құрылғысымен жабдықталады.
11. Вагонның жолаушылар бөлмелерінде есіктерді қолмен ашу мүмкіндігін туғызу үшін электрлі-пневматикалық басқаруды ажырату крандарымен жабдықталады.
Вагондар жолаушыларды жоғары дауысты хабарландырғыш құрылғыларымен және «жолаушы - машинис» шұғыл байланысымен жабдықталады.
12. Вагондардың электр жабдықтарының, шамадан тыс жүктелуден, қысқа тұйықталудан және қызудан қорғайтын аппаратурасымен жабдықталады. СОБ құрылғысының және байланыстың қалыпты жұмысын бұзатын тоқтар жылжымалы құрамнан сорғыш желіге қосылмауға жол берілмейді.
13. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулықтары бар жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға және поездарда жүруге жіберілмейді.
Жылжымалы құрамның техникалық жағдайына, күтіп ұсталу тәртібіне, жөндеу түрлері мен техникалық қызмет көрсетулерге қойылатын талаптар Метрополитен басшылығы бекіткен тиісті жөндеу Ережесімен және Нұсқаулықтармен, ал жөндеу арасындағы мерзімдері мен жүрiс мөлшері жылжымалы құрамның техникалық шарттарына сәйкес белгіленеді.
14. Орындалған техникалық қызмет көрсету мен жөндеу сапасына және жылжымалы құрамның қауіпсіз қозғалуына тікелей техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмыскерлер, шеберлер қамтасыз етеді.