• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 сәуірде № 9330 тіркелді

Осы редакция 18.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Ғылым комитеті (Н.М. Ыбырайым):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
4. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 434 бұйрығының (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7994 тіркелген, 2012 жылғы 17 қарашада № 756-760 (27832) және 2012 жылғы 12 желтоқсанда № 818-823 (27894) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр  А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 4 наурыздағы
№ 69 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 45 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына сәйкес «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың (бұдан әрі – МҒТС) қорытындысы. Ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2. Комитеттің және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылын) бастау үшін негіздеме қызмет алушының МҒТС объектілерін арналған мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан екі данадан өткізуге өтінімін (бұдан әрі – өтінім) алу болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің рәсімдері (іс-қимылдар):