• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 мамырда № 7677 тіркелді

Осы редакция 25.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
      «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі заңының 13-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
       1. Қоса берілген Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібінің ережесі бекітілсін.
       2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
       2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
       3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
       3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министрдің м.а.                            Е. Аман
Қазақстан Республикасы         
 Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.  
 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 
 бұйрығымен бекітілген      
 Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл
 тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi
 немесе оған балама құжатты тану тәртiбi туралы ереже
Ереже жаңа редакцияда ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 19.09.2012 № 15-04/466 Бұйрығымен. (26.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
 1. Жалпы ережелер
      1. Осы Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбi туралы Ереже (бұдан әрi – Ереже) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және оларды тану тәртiбiн анықтайды.
       Импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану мына кезеңдерді қамтиды:
       1) асыл тұқымдық өнімді (материалды) импорттауға арналған асыл тұқымдық куәліктің өтінімдері мен үлгілерін қарауды;
       2) асыл тұқымдық куәліктің көшірмелерін (түпнұсқаларын) қарауды;
       3) асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану туралы шешім қабылдау немесе дәлелді бас тартуды.
       2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
       1) импорттық асыл тұқымдық өнімге (материалға) асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжат - экспорттаушы елдердің құзыреттi органдары берген құжат (асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжат);
       2) асыл тұқымдық куәліктің үлгісі – экспорттаушы елдердің құзыретті органдары қабылдаған асыл тұқымдық өнім (материал) туралы, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) ата-тегі, өнімділігі және өзге де сапаларының белгілі бірізділікпен орналасқан жалпы мәліметтерінің жиынтығы;
       3) асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы – асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелерімен асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның комитеті;
       4) асыл тұқымдық өнiм (материал) – асыл тұқымды және селекциялық мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәулiктiк балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, бал араларының асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары мен бал ара пакеттерi;
       5) импорттаушы – Қазақстан Республикасына асыл тұқымды өнiмдi (материалды) шет елдерден әкелудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
       6) Асыл тұқымдық куәлiктерді немесе оған балама құжаттарды қарау жөніндегі комиссия – оларды тануға асыл тұқымдық куәлiктердің немесе оған балама құжаттардың үлгілерін, көшірмелерін және түпнұсқаларын қарау құзыреті кіретін жыл сайын Комитет құрайтын алқалы орган (бұдан әрі - Комиссия);
       7) импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану - оларда көрсетiлген мәлiметтердiң шынайылығын анықтау, сараптамалық бағалаудан өткiзу, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына тiркеу рәсімі.
 2. Асыл тұқымдық өнiмді (материалды) импорттаушылардың
 өтінімдерін қарау тәртібі
      3. Импорттаушы асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) межелi орны бойынша Комитетінің аумақтық бөлімшесіне төмендегілерді:
       жеке тұлғалар үшiн – асыл тұқымды өнiм (материал) әкелудi жоспарлаған жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын және тұратын жерін;
       заңды тұлғалар үшiн – асыл тұқымды өнiм (материал) әкелудi жоспарлаған заңды тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын, мекен жайын және бейiнiн және оның қызмет түрін;