• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 1-3/490 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8065 тіркелді

Осы редакция 25.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар әлемі объектілерін аулауға келісу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Жерсіндіруге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марка бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Бекітілген лимит негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 28.03.2014 жылғы № 4-1/165 Бұйрығымен (02.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
11) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.05.2014 жылғы № 5-2/249 Бұйрығымен (16.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 
12) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.04.2014 жылғы № 5-2/197 Бұйрығымен (28.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
13) «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісін беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
14) «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
15) «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;
16) «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;
17) «Тұқым сапасына сараптама жүргізу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегия және корпоративтік даму департаменті (С.Н. Ыбыраев) Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаментімен (А.Б. Құсайнова), АӨК мемлекеттік инспекция (С.С. Хасенов), Ветеринариялық бақылау және қадағалау (Н.Х. Жақыпбаев), Орман және аңшылық шаруашылығы (Е.Н. Нысанбаев) және Балық шаруашылығы (К.Ғ. Тейлянов) комитеттерімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 2 қазандағы
№ 1-3/490 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік іс жүргізу туралы» Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сай әзірленген.
2. «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – заңды және жеке тұлғаларға рұқсат беру қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру.
3. Мемлекеттік қызметті Әкімшілік орган көрсетеді.
Әкімшілік орган:
1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі мен өсімдіктерді қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті);
2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Балық шаруашылығы комитеті) болып табылады.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» (бұдан әрі – Конвенция) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі Заңының;
2) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасының; 
3) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қағаз тасығышта беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет осы Регламенттің 3-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс күндері сағат 9.00–ден 18.30–ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін көрсетіледі, демалыс күндерінен басқа: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз, кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің – www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінен алуға болады.
9. Мемлекеттік қызмет стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылады.
10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден стандарттың 16-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын Комитеттің жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күндері бір маманмен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісіндегі әрекет (бірлесіп әрекет қылу) тәртібінің сипаттамасы
13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын Комитеттің кеңсе маманы қабылдайды және тіркейді;