• Мое избранное
"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 18 шілдеде № 9598 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 11.06.2015 жылғы № 374 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9330 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 78 (2472) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Комитеттің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимыл) бірізділігін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.»;
осы регламентке қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2014 жылғы 18 маусымдағы
 № 231 бұйрығына қосымша
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы