Toggle Dropdown
1
"Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту және "Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 3-2/320 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 шілдеде № 9606 тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 27.05.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7677 тіркелген, «Егеменді Қазақстан» газетіне 2012 жылғы 8 тамызда № 256-257 (27075-27076) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Toggle Dropdown
Осы бұйрықпен бекітілген экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағида осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес баяндалсын.
Toggle Dropdown
3. «Ауыл шаруашылығы саласында мемлкеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы 1-3/490 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 8065 тіркелген, «Егеменді Қазақстан» газетіне 2013 жылғы 28 желтоқсанда № 346 (27620) жарияланған) 1-тармағы 15) тармақшасының күші жойылды деп табылсын.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы А.Қ. Евниевке жүктелсін.
Toggle Dropdown
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр А. Мамытбеков
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 3-2/320 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асылтұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 3-2/320 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асылтұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағида
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбi туралы Осы Қағида (бұдан әрi – Қағида), Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдарымен берілген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжаттың тану тәртiбiн анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Комитет) – асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, аумақтық бөлімшелерімен бірге асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның комитеті;
Toggle Dropdown
2) импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісі (бұдан әрі – Үлгі) – экспорттаушы елдердің құзыретті органдарымен қабылданған асыл тұқымдық өнім (материал) туралы жалпы мәліметтердің жиынтығы;
Toggle Dropdown
3) импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану – осы Қағидамен бекітілген тәртіпте келісілген Үлгіге, импортталған асыл тұқымды өнiмнің (материалдың) асыл тұқымдық куәлiгінің немесе оған балама құжатының сәйкестігін растау рәсімі;
Toggle Dropdown
4) импорттаушы – Қазақстан Республикасына асыл тұқымды өнiмдi (материалды) әкелімдi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
5) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісін қарастыратын Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) – келісуді жүзеге асыру үшін, импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжат үлгісін қарастыру құзыреті кіретін, жыл сайын Комитет немесе ірі қара малдың тұқымдары бойынша Республикалық палата (бұдан әрі - Палата) құратын алқалы орган;
Toggle Dropdown
3. Шетелден асыл тұқымды өнімді (материалды) алғаш әкелген кезде асыл тұқымды малдың осы түріне және тұқымына Үлгіні келісу рәсімі осы елден алғаш әкелінгенде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану мынадай сатыларды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) өтінімдерді қарастыру және асыл тұқымдық куәліктің көшірмелерін (түпнұсқасын) қарастыру және келісілген Үлгімен салыстыру;
Toggle Dropdown
2) асыл тұқымдық куәлікті тану туралы шешім қабылдау.
Toggle Dropdown
2. Үлгіні келістіру үшін асыл тұқымдық өнiмді (материалды) импорттаушылардың өтінімдерін қарастыру тәртібі
Toggle Dropdown
5. Импорттаушы, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) белгіленген орынға әкелінуіне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша:
Toggle Dropdown
ірі қара малдың асыл тұқымдық өнiмiн (материалын) импорттаған жағдайда – Палатаға;
Toggle Dropdown
басқа жануарлардың асыл тұқымдық өнiмiн (материалын) импорттаған жағдайда – асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) белгіленген орны бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесіне (Комитеттің аумақтық бөлімшесі) өтініш береді;
Toggle Dropdown
Импорттаушы өтiнiшке Үлгіні қоса бередi.
Toggle Dropdown
6. Ұсынылған Үлгіде мынадай мәлiметтер көрсетiлуі тиіс:
Toggle Dropdown
1) асыл тұқымдық куәлiкті немесе оған балама құжатты берген құзыреттi органның атауы;
Toggle Dropdown
2) импортер туралы мәлімет (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
Toggle Dropdown
3) малдың туған жылы;
Toggle Dropdown
4) малдың лақап аты (бар болса);
Toggle Dropdown
5) сәйкестендіру номері (татуировка, сырға, чип, таңба – көрсетілгеннің ішінен біреуі немесе бірнешеуі);
Toggle Dropdown
6) малдың тұқымы (құжаттарда мәлімет болған жағдайда);
Toggle Dropdown
7) малдың жынысы (малды әкелген жағдайда);
Toggle Dropdown
8) асыл тұқымдық кiтап бойынша тiркеу нөмiрi немесе өкiлеттi органның тiркелiмi (олар жүргiзiлген жағдайда);
Toggle Dropdown
9) малды генетикалық бағалау нәтижесi (өткізілген жағдайда);
Toggle Dropdown
10) шежіресі (экспорттаушы елдердің талаптарына сәйкес беріледі);
Toggle Dropdown
11) асыл тұқымдық куәлiкті немесе оған балама құжатты берген күнi (бар болса);
Toggle Dropdown
12) малдың түсі және ерекше белгілері (бар болса).
Toggle Dropdown
13) экспорттаушы елдерде қабылданған әдіс бойынша бағалау көрсеткішінің бар болуы немесе жануардың немесе экспорттаушы елде қабылданған әдіс бойынша тектерінің біреуінің өнімділігінің абсолюттік көрсеткіші. Мал шаруашылығында жануардың өзінің немесе экспорттаушы елдің құзыретті органымен ғаламтор-қорында жарияланған құжатпен тектерінің біреуінің өнімділігі туралы мәліметті ұсыну рұқсат етіледі. Асыл тұқымдық куәлікке немесе оған балама құжатқа қосымша түрінде, жеткізіп берушімен расталған, фермаішілік есептегі құжат бойынша жануардың тұқымы мен өнімділігі туралы мәліметті ұсынуға болады
Toggle Dropdown
7. Өтініш тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Үлгі:
Toggle Dropdown
Комитет құрған Комиссияда қарастыру үшін, Комитеттің аумақтық бөлімшесімен Комитетке;
Toggle Dropdown
Палатамен, Палата құрған Комиссияда қарастыру үшін жолданады.
Toggle Dropdown
8. Комитет құрған Комиссия Комитеттің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің салалық құрылымдық бөлімшесінің, салалық ғылыми ұйымның, қоғамдық бірлестіктің өкілдерінен құралады, ал төрағасы – Комитеттің төрағасы болып табылады.
Toggle Dropdown
Палата құрған Комиссия, Палатаның және салалық ғылыми ұйымдардың өкілдерінен құралады, ал төрағасы – Палатаның басшысы болып табылады.
Toggle Dropdown
9. Комитет немесе Палата, отырысты өткізуге дейін 5 (бес) жұмыс күн бұрын өкілдері Комиссия құрамына кіретін ұйымдарды олардың Комиссия жұмысына қатысуын қаматамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы үшін жазбаша түрде хабарландырады.
Toggle Dropdown
10. Комиссияның Үлгіні қарастыру мерзімі Комитетте немесе Палатада тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнді құрайды.
Toggle Dropdown
11. Комиссияның шешімі, Комиссия Төрағасымен және оның мүшелерімен қол қойылатын, еркін үлгідегі Акт түрінде қабылданады.
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелерінің Актпен келіспеген жағдайда, Актқа келіспеу себептері көрсетілген қосымша дайындалып, Комиссияның келіспеген мүшелерінің қолдары қойылады.
Toggle Dropdown
12. Өтінілген Үлгіде немесе құзыретті органның ғаламтор-қорында орналастырылған құжаттарда Осы Қағиданың 6-тармағындағы мәліметтер көрсетілген жағдайда, Комиссия Үлгіні келісу туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
Өтінілген Үлгіде немесе құзыретті органның ғаламтор-қорында орналастырылған құжаттарда осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген мәліметтердің болмауы немесе сәйкес келемеуі, Үлгіні келістіруден бас тарту үшін себеп болып табылады.
Toggle Dropdown
13. Келісілген Үлгі:
Toggle Dropdown
1) импортталған ірі қара малға берілген асыл тұқымды куәліктің немесе оған балама құжаттың Үлгісі келісілген жағдайда – Палат сайтында;
Toggle Dropdown
2) басқа малдарға берілген асыл тұқымды куәліктің немесе оған балама құжаттың Үлгісі келісілген жағдайда – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ғаламтор-порталында орналастырылады;
Toggle Dropdown
14. Комитет немесе Палата өтінілген Үлгінің келісілгені немесе келісуден бас тартылғаны туралы шешім көрсетілген Комиссия ұсынған Актыны алғаннан кейін өтініш берушіге бір жұмыс күні ішінде жолдайды.
Toggle Dropdown
15. Үлгіні экспорттаушы елдің құзыретті органы өзгерткен жағдайда Үлгі қайта келісуге жатады.
Toggle Dropdown
3. Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбi
Toggle Dropdown
16. Малдарды белгіленген орынға әкелгеннен және карантин аяқталғаннан кейін, импорттаушы әр малдың немесе асыл тұқымды өнімнің (материалдың) партиясының асыл тұқымдық куәліктің көшірмесіне (түпнұсқасына) сәйкестігін растау рәсімін өткізу мақсатында ірі қара малдың асыл тұқымды өнімін (материалын) импорттаған жағдайда – Палатаға немесе басқа малдардың асыл тұқымды өнімін (материалын) импорттаған жағдайда – Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне:
Toggle Dropdown
малдарды көзбен шолып тексеру үшін;
Toggle Dropdown
татуировкадағы, таңбадағы, тавродағы, биркадағы және басқа бірдейлендіру номерлерін бірге немесе жекеден қолда бар шет ел сертификаттарының түп нұсқаларымен немесе оған балама құжаттармен салыстыру үшін өтініш бере алады.
Toggle Dropdown
17. Экспорттаушы елдің құзыретті органы асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлігін немесе оған балама құжатты тану үшін, импорттаушы:
Toggle Dropdown
1) ірі қара малдың асыл тұқымды өнімін (материалын) импорттаған жағдайда – Палатаға;
Toggle Dropdown
2) басқа малдардың асыл тұқымды өнімін (материалын) импорттаған жағдайда – Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне еркін нұсқадағы экспорттаушы елдің құзыретті органымен асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлігін немесе оған балама құжатты тану туралы өтініш береді.
Toggle Dropdown
Өтініште:
Toggle Dropdown
жеке тұлғалар үшiн – асыл тұқымды өнiм (материал) әкелудi жоспарлаған жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын және тұратын жерін;
Toggle Dropdown
заңды тұлғалар үшiн – асыл тұқымды өнiм (материал) әкелудi жоспарлаған заңды тұлғаның атауын, мекенжайын және қызмет түрін;
Toggle Dropdown
экспорттаушы елдiң атауын, малдың санын, түрiн және тұқымын, ұрықтың немесе эмбриондардың саны, олардың қай түрге және тұқымға жататыны көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Импорттаушы өтінішке экспорттаушы елдің құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктердің немесе оған балама құжаттардың көшірмелерін және мiндеттi қайтарым шартымен олардың беттестiруге арналған түпнұсқаларын қоса бередi.
Toggle Dropdown
18. Ірі қара мал бойынша малдың өзінің өнімділігі немесе тегінің біреуінің өнімділігі туралы мәліметтерді экспорттаушы елдің құзыретті органының ғаламтор-қорында орналастырылған құжаттардан ұсынуға болады.
Toggle Dropdown
19. Буаз малды импорттаған жағдайда экспорттаушы елдің тааптарына сәйкес болашақ тұқымның әкесі туралы мәлімет қосымша ұсынылады (тұқымы, тіркеу номері, екі жақтағы үш ата-тегінің шежіресі, ұрықтану немесе шағылысу кезеңі бойынша мәлімет).
Toggle Dropdown
Асыл тұқымды куәлікке немесе оған балама құжатқа қосымша түрінде жеткізіп берушімен расталған, ішкі фермерлік есептегі құжат бойынша болашақ тұқымның әкесінің шығу тегі мен өнімділігі туралы мәліметті ұсынуға болады.
Toggle Dropdown
Таза қанды мiнiс жылқылары үшін иесiнiң өзгергенi туралы мәлiметтерді көрсете отырып, экспорттаушы мемлекеттердiң жокей клубтары берген халықаралық үлгiдегi паспорт – асыл тұқымдық куәлікке балама құжат болып табылады.
Toggle Dropdown
20. Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) асыл тұқымды куәлігінің немесе оған балама құжаттының дұрыстығы экспорттаушы елдің құзыретті органымен расталады (басшының қолымен куәландырылып, мөрмен расталады).
Toggle Dropdown
21. Комитеттің аумақтық бөлімшесінің инспекторы немесе Палата маманы асыл тұқымды куәліктің немесе оған балама құжаттың көшірмесінде немесе түпнұсқасында көрсетілген барлық мәліметтерді Үлгімен салыстыруды жүргізеді және осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген өтініш түскеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде импорттаушыға осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану туралы қорытынды беріледі.
Toggle Dropdown
Экспорттаушы елдердің құзыретті
органдары импортталған асыл
тұқымды өнімге (материалға) берген
асыл тұқымдық куәлікті немесе
оған балама құжатты тану тәртібі
туралы қағидаға
1-қосымша
Toggle Dropdown
Кімге _______________________________________________________________
Toggle Dropdown
(Асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның
Toggle Dropdown
аумақтық бөлімшесіне немесе Ірі қара малдың тұқымдары бойынша
Toggle Dropdown
Республикалық палатаға)
Toggle Dropdown
кімнен_____________________________________________________________
Toggle Dropdown
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты, ЖСН
Toggle Dropdown
немесе заңды тұлғаның толық аты, БСН)
Toggle Dropdown
Экспорттаушы ел ___________________________ құзыретті органдары
Toggle Dropdown
импортталған асыл (экспорттаушы ел атауы)
Toggle Dropdown
тұқымды ________________________ өнімге (материалға) берген асыл
Toggle Dropdown
тұқымдық (асыл тұқым өнімінің (материалдың) түрі)
Toggle Dropdown
куәліктің/оған балама құжаттың Үлгісін тануларыңызды сұраймын.
Toggle Dropdown
Импорттаушының мекен-жайы: __________________________________________
Toggle Dropdown
телефон № ___________________________________
Toggle Dropdown
Өзім ұсынып отырған құжаттардың дұрыстығын растаймын.
Toggle Dropdown
Мен, _______________________, асыл тұқым куәліктерінің келесі
Toggle Dropdown
түпнұсқаларындаға мәліметтер берілген үлгіге _______ сәйкес болатының
Toggle Dropdown
растаймын.
Toggle Dropdown
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________
Toggle Dropdown
Күні ________________ __________________
Toggle Dropdown
М.О. (бар болса) (қолы)
Toggle Dropdown
Экспорттаушы елдердің құзыретті
органдары импортталған асыл
тұқымды өнімге (материалға)
берген асыл тұқымдық куәлікті
немесе оған балама құжатты тану
тәртібі туралы қағидаға
2-қосымша
Toggle Dropdown
Асыл тұқым куәлігін немесе оған балама құжатты тану туралы қорытынды
Toggle Dropdown
1. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген танылған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың тізімі
Toggle Dropdown
| № | Асыл тұқымды мал туралы жалпы мәлімет | Асыл тұқымды малдың сәйкестендіру нөмірі** | Асыл тұқым куәлігінің немесе сертификаттың тіркеу нөмірі | Малдың асыл тұқымдық құндылығы туралы мәлімет |
| түрі | жынысы | Тұқымы | Лақап аты және белгілері | Туған күні | Тірі салмағы, кг* | Құлақ сырғасы | электроннды чип | татуировка | таңба |
| Бағалау бойынша сыныбы | Бағалау көрсеткіші*** |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
2. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген танылмаған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың тізімі
Toggle Dropdown
| № | Асыл тұқымды мал туралы жалпы мәлімет | Асыл тұқымды малдың сәйкестендіру нөмірі** | Асыл тұқым куәлігінің немесе сертификаттың тіркеу нөмірі | Малдың асыл тұқымдық құндылығы туралы мәлімет | Асыл тұқым куәлігін немесе оған балама құжатты танымаудың себебі |
| түрі | жынысы | Тұқымы | Лақап аты және белгілері | Туған күні | Тірі салмағы, кг* | Құлақ сырғасы | электроннды чип | татуировка | таңба |
| Бағалау бойынша сыныбы | Бағалау көрсеткіші*** |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
*- өнімділік бағыттағы етті ірі қара малдар, қойлар, шошқалар, жылқылар және түйелер үшін
Toggle Dropdown
**- тізілгендердің ішінен біреуі немесе бірнешеуі көрсетіледі
Toggle Dropdown
***- бағалау көрсеткіші бар болуы туралы белгі қойылады
Toggle Dropdown
Асыл тұқым куәлігін немесе оған балама құжатты тану туралы қорытындыны берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Күні ________________ ____________________
Toggle Dropdown
М.О. (қолы)