• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
"Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту және "Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 02.06.2016 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту және "Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 3-2/320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 шілдеде № 9606 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 2 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.12.2015 жылғы № 3-2/1078 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.05.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.05.2015 жылғы № 3-2/482 Бұйрығымен (25.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18-02/212 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7677 тіркелген, «Егеменді Қазақстан» газетіне 2012 жылғы 8 тамызда № 256-257 (27075-27076) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағида осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес баяндалсын.
3. «Ауыл шаруашылығы саласында мемлкеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы 1-3/490 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 8065 тіркелген, «Егеменді Қазақстан» газетіне 2013 жылғы 28 желтоқсанда № 346 (27620) жарияланған) 1-тармағы 15) тармақшасының күші жойылды деп табылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы А.Қ. Евниевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы 25 маусымдағы
 № 3-2/320 бұйрығына
 1-қосымша
«Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асылтұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті
Регламент күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.05.2015 жылғы № 3-2/482 Бұйрығымен (25.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрінің
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 3-2/320 бұйрығына
 2-қосымша
Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асылтұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы қағида
1. Жалпы ережелер
1. Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбi туралы Осы Қағида (бұдан әрi – Қағида), Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңының 13-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдарымен берілген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжаттың тану тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Комитет) – асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын, аумақтық бөлімшелерімен бірге асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның комитеті;
2) импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісі (бұдан әрі – Үлгі) – экспорттаушы елдердің құзыретті органдарымен қабылданған асыл тұқымдық өнім (материал) туралы жалпы мәліметтердің жиынтығы;
3) импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану – осы Қағидамен бекітілген тәртіпте келісілген Үлгіге, импортталған асыл тұқымды өнiмнің (материалдың) асыл тұқымдық куәлiгінің немесе оған балама құжатының сәйкестігін растау рәсімі;
4) импорттаушы – Қазақстан Республикасына асыл тұқымды өнiмдi (материалды) әкелімдi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктің немесе оған балама құжаттың үлгісін қарастыратын Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) – келісуді жүзеге асыру үшін, импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжат үлгісін қарастыру құзыреті кіретін, жыл сайын Комитет немесе ірі қара малдың тұқымдары бойынша Республикалық палата (бұдан әрі - Палата) құратын алқалы орган;
3. Шетелден асыл тұқымды өнімді (материалды) алғаш әкелген кезде асыл тұқымды малдың осы түріне және тұқымына Үлгіні келісу рәсімі осы елден алғаш әкелінгенде жүргізіледі.
4. Импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжатты тану мынадай сатыларды қамтиды:
1) өтінімдерді қарастыру және асыл тұқымдық куәліктің көшірмелерін (түпнұсқасын) қарастыру және келісілген Үлгімен салыстыру;
2) асыл тұқымдық куәлікті тану туралы шешім қабылдау.
2. Үлгіні келістіру үшін асыл тұқымдық өнiмді (материалды) импорттаушылардың өтінімдерін қарастыру тәртібі
5. Импорттаушы, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) белгіленген орынға әкелінуіне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша:
ірі қара малдың асыл тұқымдық өнiмiн (материалын) импорттаған жағдайда – Палатаға;
басқа жануарлардың асыл тұқымдық өнiмiн (материалын) импорттаған жағдайда – асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) белгіленген орны бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесіне (Комитеттің аумақтық бөлімшесі) өтініш береді;
Импорттаушы өтiнiшке Үлгіні қоса бередi.
6. Ұсынылған Үлгіде мынадай мәлiметтер көрсетiлуі тиіс:
1) асыл тұқымдық куәлiкті немесе оған балама құжатты берген құзыреттi органның атауы;
2) импортер туралы мәлімет (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
3) малдың туған жылы;
4) малдың лақап аты (бар болса);
5) сәйкестендіру номері (татуировка, сырға, чип, таңба – көрсетілгеннің ішінен біреуі немесе бірнешеуі);
6) малдың тұқымы (құжаттарда мәлімет болған жағдайда);
7) малдың жынысы (малды әкелген жағдайда);
8) асыл тұқымдық кiтап бойынша тiркеу нөмiрi немесе өкiлеттi органның тiркелiмi (олар жүргiзiлген жағдайда);
9) малды генетикалық бағалау нәтижесi (өткізілген жағдайда);
10) шежіресі (экспорттаушы елдердің талаптарына сәйкес беріледі);
11) асыл тұқымдық куәлiкті немесе оған балама құжатты берген күнi (бар болса);
12) малдың түсі және ерекше белгілері (бар болса).
13) экспорттаушы елдерде қабылданған әдіс бойынша бағалау көрсеткішінің бар болуы немесе жануардың немесе экспорттаушы елде қабылданған әдіс бойынша тектерінің біреуінің өнімділігінің абсолюттік көрсеткіші. Мал шаруашылығында жануардың өзінің немесе экспорттаушы елдің құзыретті органымен ғаламтор-қорында жарияланған құжатпен тектерінің біреуінің өнімділігі туралы мәліметті ұсыну рұқсат етіледі. Асыл тұқымдық куәлікке немесе оған балама құжатқа қосымша түрінде, жеткізіп берушімен расталған, фермаішілік есептегі құжат бойынша жануардың тұқымы мен өнімділігі туралы мәліметті ұсынуға болады
7. Өтініш тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Үлгі:
Комитет құрған Комиссияда қарастыру үшін, Комитеттің аумақтық бөлімшесімен Комитетке;
Палатамен, Палата құрған Комиссияда қарастыру үшін жолданады.
8. Комитет құрған Комиссия Комитеттің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің салалық құрылымдық бөлімшесінің, салалық ғылыми ұйымның, қоғамдық бірлестіктің өкілдерінен құралады, ал төрағасы – Комитеттің төрағасы болып табылады.