• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
"2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 836 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер Министрі К. Мәсімов
Жоба
2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялау туралы
Елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын өткізу тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2014 жылғы « »
 № Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ЕРЕЖЕ 
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып табылады. Мемлекеттік комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері
4. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын дайындау және ұйымдастыру болып табылады.
5. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеп, Мемлекет басшысының қарауына енгізу;
2) Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуына мониторинг жүргізу бойынша Мемлекет басшысына ұсыныстар енгізу;
3) мемлекеттік органдарға Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
3. Мемлекеттік комиссияның өкілеттіктері
6. Мемлекеттік комиссия өз құзыры шегінде:
1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) Мемлекеттік комиссия отырыстарында комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
3) Мемлекеттік комиссия құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында жұмыс топтарын құруға;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
4. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
8. Мемлекеттік комиссияның отырыстары Мемлекеттік комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады.
9. Мемлекеттік комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
10. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссия мүшесі болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
11. Мемлекеттік комиссияның төрағасы:
1) Мемлекеттік комиссияның қызметін басқарады және оның отырыстарына төрағалық етеді;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне Мемлекеттік комиссия атқарған жұмыс туралы ақпарат береді;
3) күн тәртібін айқындайды және Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамасына қол қояды.
12. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төраға белгілеген орынбасар атқарады.
13. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:
1) Мемлекеттік комиссияның мүшелеріне отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды;
2) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
3) Мемлекеттік комиссия отырыстарының хаттамасын ресімдейді;
4) Мемлекеттік комиссия төрағасына қабылданған шешімдерді орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті ұсынады;
5) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.
14. Мемлекеттік комиссиясының хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.