• Мое избранное
"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 748 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң бағалау объектілерінің нарықтық немесе өзгеше құнын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Мемлекеттік мүлікті бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері, мүлік мемлекеттік мүліктің құрамына түскен, мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың пайдалануына берген, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарған кездегі мүлікті бағалау жағдайлары мен ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-тарауында белгіленеді.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - осы Заңда көзделген Біліктілік комиссиясының құқықтылығын уәкілетті органның ресми мойындауы;
2) бағалау - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын айқындау;
3) бағалау амалы - бағалаудың бір немесе бірнеше әдістерін пайдалана отырып, бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын айқындау тәсілі;
4) бағалау әдісі - бағалау объектісінің нарықтық және өзге құнын белгілеу үшін пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы іс-қимылдар жиынтығы;
5) бағалау күні - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құны айқындалатын күн немесе уақыт кезеңі;
6) бағалау қызметі - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бағалау объектілеріне қатысты бағалау ұйымдары жүзеге асыратын белгілі бір күнге нарықтық немесе өзге құнды белгілеуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет;
7) бағалау стандарты - бағалау қызметі саласындағы қағидалар, қағидаттар мен сипаттамалар жалпыға бірдей және бірнеше рет пайдалану үшін белгіленетін нормативтік құжат;
8) бағалау туралы есеп - Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес жасалған, объектіні бағалау бойынша жұмыстың қорытындысы қамтылған жазбаша құжат;
9) бағалау ұйымы - бағалау қызметін жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым;
10) бағалаушы — Біліктілік комиссиясы берген «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәлігін алған, өз қызметін бір бағалау ұйымының құрамында бағалаушы ретінде тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға;
11) «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәлік - тұлғаның осы Заңда, Қазақстан Республикасының стандарттарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген бағалаушыға кандидаттың даярлығы, кәсіптік білімі мен дағдылары деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;
12) бағалаушылар палатасы - бағалаушылардың, бағалаушы ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылған өзін-өзі реттеуші ұйым;
13) бағалаушының көмекшісі - бағалау ұйымында еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін адам;
14) Біліктілік комиссиясы - бағалаушыларға кандидаттардың біліктілігін растау және аумақтық бағалаушылар палаталарының, Республикалық бағалаушылар палатасының сарапшыларынан біліктілік емтиханын алу үшін құрылған, уәкілетті орган аккредиттеген Республикалық бағалаушылар палатасының органы
15) дұрыс емес бағалау - жоқ объектіге немесе бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, бағалау стандарттарының талаптарын бұза отырып, бағалау туралы есепте бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын бұрмалауға әкеп соғатын дұрыс емес деректерді пайдалана отырып жүзеге асырылған бағалау;
16) есепке сараптама жүргізу - аумақтық бағалаушылар палатасы, Республикалық бағалаушылар палатасы сарапшысының немесе сарапшыларының объекті есебінің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарына, соның ішінде осы Заңның, бағалау қызметі стандарттарының талаптарына сәйкестігін тексеру, есепте айқындалған бағалау объектісінің құнын растау мақсатындағы іс-қимылы;
17) кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесін немесе оны жалдау құқығын сатқан кезде қолданатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы статистикалық ресми ақпаратқа және оған түзету коэффициенттеріне сәйкес жер учаскесінің кезең-кезеңмен нақтыланып тұратын базалық мөлшерлемелері негізінде айқындалған жер учаскелері үшін төлемнің есептік құны;
18) қайталап бағалау - бағалау ұйымдары, тапсырыс берушілер және үшінші тұлғалар арасында бағалау нәтижелері бойынша туындайтын даулардың салдарынан объектінің нарықтық немесе өзге құнын айқындау;
19) мүдделер қақтығысы - бағалау ұйымының мүдделілігі бағаланатын мүліктің бағалау есбінің дұрыстығы туралы оның пікіріне ықпал етуі мүмкін болатын кездегі оқиға;
20) нарықтық құн — мәміле жасасушы тараптар бағалау объектісі туралы қолжетімді барлық ақпаратты иелене отырып әрекет ететін, бәсекелестік жағдайындағы мәміленің негізінде сол объектіні иеліктен шығаруға болатын, ал:
мәміле жасасушы тараптардың бірі бағалау объектісін иеліктен шығаруға, ал екінші тарап сатып алуға міндетті болмайтын;
мәміле жасасушы тараптар мәміленің нысанасы туралы жақсы хабардар болып, өз мүдделеріне әрекет етететін;
мәміленің бағасы бағалау объектісі үшін ақшалай сыйақының баламасы болып табылатын және мәміле жасасушы тараптарға қатысты қандай да бір тараптан мәміле жасасуға мәжбүрлеу болмаған кезде қандай да бір төтенше жағдайлар мәміленің бағасына әсер етпейтін ақшалай есеп айырысу сомасы;
21) өзге құн — бағалау объектісінің нарықтық құнынан басқа, түрлері бағалау стандарттарымен белгіленетін өзге құны;
22) сарапшы - Біліктілік комиссиясы берген «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәлігі бар, аумақтық бағалаушылар палатасы, Республикалық бағалаушылар палатасы сарапшылық кеңесінің мүшесі;
23) «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәлік - бағалаушының Республикалық бағалаушылар палатасы белгілеген кәсіби білімінің деңгейіне қойылатын талаптарға сарапшының сәйкестігін растайтын құжат;
24) тапсырыс беруші - жеке немесе заңды тұлға, бағалау ұйымының қызметтерін тұтынушы;
25) тапсырыс берушінің үлестес тұлғасы - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын айқындау жөніндегі шешімін тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірі) қабылдайтын осындай шешіміне, оның ішінде жасасқан мәмілелерге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға (өз құзыреттері шегінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдарды қоспағанда);
26) уәкілетті орган - бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
27) үшінші тұлғалар - бағалаушылардың, бағалау ұйымдарының және тапсырыс берушілердің қатарына кірмейтін, бағаланатын мүлікке, бағалау ұйымының бағалау қызметіне және тапсырыс берушінің тапсырысына белгілі бір қатысы бар тұлғалар;
28) халықаралық бағалау стандарттары - Халықаралық бағалау стандарттары жөніндегі комитет шығарған бағалау стандарттары.
3-бап. Бағалау қызметінің негізгі қағидаттары
Бағалау қызметінің негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) дұрыстық;