• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 18.12.2015 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 шілдеде № 9565 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 18.12.2015 жылғы № 975 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1887 қаулысымен бекітілген Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережесінің 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380 тіркелген, 2010 жылы 19 тамыздағы № 219 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (Қ.Қ. Ермекбаев):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 5 маусымдағы
№ 302 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 3 шілдедегі № 492
бұйрығымен бекітілген
Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) стационарлық көмекті алу үшін жоспарлы тәртіпте науқастарды емдеуге жатқызуды ұйымдастыруға қойылатын бірыңғай талаптарды регламенттейді.
2. Осы Нұсқаулықта жазылған талаптар жоспарлы емдеуге жатқызу үшін стационарды еркін таңдауды, қолжетімділікті, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде емдеуге жатқызу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету бөлігінде, сондай-ақ жоспарлы емдеуге жатқызу үдерісіне қатысушылардың арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында пациенттердің құқықтарын қорғауға бағытталған.
3. Емдеуге жатқызуды ұйымдастыру үдерісіне қатысушылар:
меншік нысандарына және медициналық қызмет көрсету деңгейіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - РЭДСО);
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - денсаулық сақтау басқармалары) болып табылады.
4. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Денсаулық сақтау басқармасының жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі - ЖММК) комиссиясы - республикалық медициналық ұйымға емдеуге жатқызу мәселесін шешу үшін құрылған комиссия;
2) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі - Портал) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттердің стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
3) Емдеу-профилактикалық кеңес - пациенттерді стационарларға емдеуге жатқызуды ұйымдастыру, емдеуге жатқызу құрылымын басқару, медициналық көмек көрсетудің деңгейлері бойынша жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызудың динамикасы, жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған жолдамалардың негізділігі, медициналық көмектің қолжетімділігі, пациенттің құқықтарын қорғау мәселелерін қарау мақсатында денсаулық сақтау басқармасының жанынан құрылған тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші және консультациялық-кеңестік орган;
4) жоспарлы емдеуге жатқызу - медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (бұдан әрі - МСАК), медициналық ұйым мамандарының жолдамасы бойынша немесе пациенттің дербес жүгінуі кезінде өміріне қауіп тудырмайтын жай-күйдегі және шұғыл дәрігерлік араласуды талап етпейтін созылмалы аурулар кезінде медициналық айғақтар болған жағдайда науқасты стационарға емдеуге жіберу;
5) Жоспарлы емдеуге жатқызу коды - мынадай қағидат бойынша Порталда жолдаманы тіркеу кезінде автоматты генерацияланған Пациенттің коды: алғашқы екі белгі - облыстың коды (қайдан жіберілген); келесі төртеуі - медициналық ұйымның коды (қайда жіберілген); келесі үшеуі - төсек бейінінің коды (қайда жіберілген), соңғы сандар - пациенттің реттік нөмірі;
6) Жоспарлы емдеуге жатқызу талоны - жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамасының Порталда тіркелуі фактісін растайтын құжат;
7) жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күні - жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған жолдаманы тіркегеннен кейін Порталда айқындалатын емдеуге жатқызу күні.
Жоспарлы емдеуге жатқызу күнін стационардың маманы айқындайды немесе Порталда автоматты түрде айқындалады;
8) жоспарлы емдеуге жатқызудың соңғы күні - стационарға пациентті нақты емдеуге жатқызу күнінде Порталда стационардың маманы айқындаған емдеуге жатқызу күні;
9) Күту парағы - жоспарланған және соңғы емдеуге жатқызу күндерін айқындаумен жоспарлы емдеуге жатқызуға науқастарды жіберуді, емдеуге жатқызудан бас тартқан жағдайда жолдамаларды алып тастаудың себептерін көрсету мен негіздемесін тіркеудің электрондық нысаны;
10) Науқастарды қабылдау мен емдеуге жатқызудан бас тартуды есепке алу журналы - емдеуге жатқызуға пациенттер мен емдеуге жатқызудан бас тартуды есепке алу үшін электрондық пішімде Порталда іске асырылған денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттамасы («Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарының бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 001/е нысаны (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген);
11) шұғыл емдеуге жатқызу - жолдаманың бар-жоғына қарамастан денсаулығына келтірілетін елеулі зиянның алдын алу үшін немесе өміріне төнетін қауіпті жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күйлер туындаған жағдайда науқасты стационарға емдеуге жіберу;
12) штаттан тыс жағдай - емдеуге жатқызу үдерісінің белгілі бір кезеңі рұқсат етілген шектен шыққандағы стандартты емес жағдай.
5. Жоспарлы емдеуге жатқызуға айғақтар болған жағдайда МСАК маманы пациентке қажетті клиникалық-диагностикалық, зертханалық, аспаптық және рентгенологиялық зерттеулерді, бейінді мамандардың консультацияларын жүргізеді.
6. Пациент стационарды, оның ішінде республикалық деңгейдегі медициналық ұйымды (бұдан әрі - республикалық клиника) таңдаған кезде МСАК маманы пациентке тиісті бейін бойынша бос төсектің бар-жоғы туралы ақпарат ұсынады.
Пациент таңдаған стационарда тиісті бейін бойынша бос төсектер болмаған немесе бастапқы таңдалған стационардан бас тартқан жағдайда пациентке емдеуге жатқызу күнін таңдау мүмкіндігімен таңдалған стационардың баламасы ұсынылады.
МСАК маманы пациентті таңдалған стационарға емдеуге жатқызылу күні және белгіленген емдеуге жатқызу күнінде міндетті түрде келу қажеттігі туралы хабардар етеді.
Пациенттің дәлелді себептер бойынша (ауа райы жағдайы, емдеуге жатқызу күнімен теміржол, авто- және авиа көлік кестенің үйлеспеу, жол жүру билеттердің болмауы, отбасылық жағдай (жерлеу, жақын туысының ауруы) белгіленген жоспарлы емдеуге жатқызу күніне келу мүмкіндігі болмаған жағдайда пациент бұл туралы МСАК ұйымын, медициналық ұйымды немесе стационарды хабардар етеді. Стационар емдеуге жатқызу күнін бір тәуліктен аспайтын мерзімге ауыстырады.
7. Республикалық клиникаға емдеуге жатқызу үшін айғақтар болған жағдайда, барлық әдістер қолданылғанда немесе жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарда медициналық көрсету мүмкіндіктері болмағанда пациент ЖММК комиссиясының шешімі арқылы емдеуге жатқызылады.
8. Пациент жоспарлы емдеуге жатқызуды күткен кезеңде МСАК ұйымдары жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберілген сәттен бастап оны стационарға емдеуге жатқызғанға дейінгі мерзімде пациенттердің медициналық бақылануы мен емдеуге жатқызылуына қадағалау жүргізіледі.
9. Жолдаманы Порталда тіркеумен жоспарлы емдеуге жатқызу жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланып отырған күнін:
МСАК немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша стационар маманының белгілеуімен;
МСАК немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша автоматты түрде белгіленумен;
пациенттер өз бетімен қаралған кезінде және стационар басшысы пациентті осы стационарға емдеуге жатқызу туралы шешім қабылдаған жағдайда стационардың қабылдау бөлмесі маманының белгілеуімен жүзеге асырылады.
10. Шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациентті Порталда тіркеуді стационардың қабылдау бөлмесінің мамандары жүзеге асырады.
11. Негізделген шұғыл емдеуге жатқызу санының күтпеген жерде артуы орын алса, стационар ТМККК көрсету бойынша өнім берушіні таңдайтын мемлекеттік органдарды хабардар етеді.
12. Стационардың қабылдау бөлмесіне жүгінген пациенттер туралы деректерді Порталда тіркеу Науқастарды қабылдау мен емдеуге жатқызудан бас тартуды есепке алу журналында жүзеге асырылады.
Емдеуге жатқызылмаған пациенттерге медициналық қызметтер көрсету мен дәрілік заттарды пайдалану жағдайында деректер осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуліктік стационардың қабылдау бөлмесіне жүгінген, бірақ нәтижесінде емдеуге жатқызылмаған пациенттерге көрсетілген қызметтер мен пайдаланылған дәрілік заттардың тізбесіне енгізіледі.
2. МСАК-тың немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша пациентті стационар маманының жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін айқындаумен жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу