• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 873 Жарлығы

Қаулы етемін:
1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., №27-28, 234-құжат; № 33, 309-құжат; 2010 ж., № 45, 402-құжат; 2011 ж., 47, 630-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; 2014 ж., №4, 29-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелерінде :
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы конкурстың ұйымдастырушылары (бұдан әрі – ұйымдастырушылар) болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Конкурс жыл сайын осы ережелердің 13-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.
Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.»;
5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
6. Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.»;
8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Конкурсты өткізу мерзімдері: