Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
««Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1720 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1720 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
1. «Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1720 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 281-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы».
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы»
Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жарияланады.
Премьер-Министр Республики Казахстан К. Масимов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1 Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) алкоголь өніміне (шарап материалдары мен сыраны қоспағанда) (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларын, сондай-ақ темекі өнімдеріне акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру және импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін бекіту тәртібін реттейді.
2. Есепке алу-бақылау таңбаларын (бұдан әрі - ЕБТ) алушылар:
1) алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
2) алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
3) борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде конкурстық және оңалтушы басқарушылар болып табылады.
Акциздік таңбаларды алушылар:
1) Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін өндіру және (немесе) импорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
2) борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде конкурстық және оңалтушы басқарушылар болып табылады.
3. ЕБТ немесе акциздік таңбалар облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдарында (бұдан әрі - салық органдары) беріледі.
4. Таңбаларды жасап шығаруды, оларды салық органдарына жеткізуді және беруді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетімен (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жасасқан шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес ұйым (бұдан әрі - жеткізуші) жүзеге асырады.
5. ЕБТ алушылар Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде, ЕБТ алмас бұрын беру және импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін (бұдан әрі - Міндеттеме).
6. Міндеттеме келесіні қамтиды:
ЕБТ қолдану бойынша пайдалану;
импортердың Міндеттеме орындау мақсатында салық органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізу;
импортердың ЕБТ-ны өнім шығарушылардың жапсыру үшін шығаруы;
импортталған алкоголь өнімдерінің жанама салықтарын төлеу;
импорттаушылардың Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы есебін беру;
импорттаушылардың пайдаланбаған және (немесе) ақауы бар ЕБТ берген салық органыны қайтару.
2. Темекі өнімдеріне акциз маркаларын, алкоголь өніміне (шарап матриалдары мен сыраны қоспағанда) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және Кеден одағының елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде импорттаушылардың есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін табыс ету тәртібі және осындай міндеттемені қамтамасыз ету мөлшері
7. Алушылар жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық жүйе арқылы салық органдарына салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері орналасқан жері және (немесе) тіркеу орны бойынша осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ЕБТ немесе акциздік таңбалар жасап шығаруға өтінім (бұдан әрі - өтінім) береді.
Алдағы жылға өтінімде көрсетілген алдағы жылдың төртінші тоқсанының әрбір айына (қазан, қараша, желтоқсан) ЕБТ немесе акциздік таңбалардың саны, ЕБТ немесе акциздік таңбалардың айлық орташа санының он бес пайызынан аспауы тиіс. Бұл ретте ЕБТ немесе акциздік таңбалардың айлық орташа саны мына формула бойынша есептеледі:
, мұнда
у – ЕБТ немесе акциздік таңбалардың айлық орташа саны;
– өтінімді берген айдың алдындағы өткен 12 (он екі) айдың әрқайсысында алынған ЕБТ немесе акциздік таңбалардың саны.
8. Салық органдары күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде ақпараттық жүйе арқылы алушылар табыс еткен алдағы жылға өтінімдерді келіседі.
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі табыс етілмеген жағдайда салық органы алдағы жылға өтінімді келісуден бас тартады.
9 Салық комитеті жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 25 (жиырма бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткізушіге салық органдарымен келісілген осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға жиынтық өтінімдерді қағаз түрінде жібереді.
10. Алкоголь өнімін немесе темекі өнімдерін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі өз қызметін алғаш немесе жаңадан бастаған алушылар ақпараттық жүйе арқылы салық органдарына осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ЕБТ немесе акциздік таңбаларды алу жоспарланып отырған айдың 1-і күніне дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмейтін мерзімде әрбір ай бойынша бөліп өтінімдерді табыс етеді.
Алкоголь өнімдері немесе темекі өнімдерінің өндірісі және (немесе) айналымы бойынша өз қызметін жаңадан немесе қайта бастаған алушылар үшін төртінші тоқсанның әрбір айына (қазан, қараша, желтоқсан) өтінімдердегі ЕБТ немесе акциздік таңбалардың саны, айлық орташа ЕБТ немесе акциздік таңбалар санының 15 (он бес) пайызынан аспауы тиіс. Бұл ретте ЕБТ немесе акциздік таңбалардың айлық орташа саны мына формула бойынша есептеледі:
, мұнда
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |