• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 315-құжат):
қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын»;
1-тармақ мынадай редакция жазылсын:
«Осы Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидасын (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау бойынша агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің шығындарын тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялау тәртібін айқындайды.»;
Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
« Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша»
Қағидаға 2-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
« Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша»
«Департаменттің директоры» деген сөздер «Құрылымдық бөлімшесінің басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 55, 769-құжат):
Аталған қаулымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне:
351 реттік номер жолын келесі редакцияда жазылсын:
«
  
3 3 51.

01301002

Кредиттер , сондай - ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Жеке және заңды тұлғалар

АШМ

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

«Казагромаркетинг» АҚ

тегін

Қағаз түрінде

»
«Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» және «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 150 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 315-құжат):
қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» «Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» және «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған:
1) «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау»;  
2) «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартарды бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау»» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы қаулысына қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
1-тармақ мынадай редакция жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).»;
қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
« «Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Масимов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
«Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) қабылдайды.  
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
1) қызмет алушының құжаттар пакетін тапсыру мерзімі – субсидиялау шартына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі үшін ақша аударуға өтінімді алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күн;
2) қызмет алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аудару.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің және оператордың жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қоюы және қаржы институтының мөрімен бекітілген нысан бойынша өтінім.  
2) қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген кредиттік шарттың қаржы институты растаған көшірмесі;
3) кредиттің (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын растайтын қарыз алушының тиісті құжаттарының (шарттар және/немесе келісімшарттар, және/немесе актілер) қаржы институты растаған көшірмесі;
4) кредитті алғаны туралы қарыз алушының несие шотынан үзінді көшірменің қаржы институты растаған көшірмесі (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат;
5) егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысы қол қоймаған жағдайда, басқа адамның қол қою құқығына бұйрықтың немесе сенімхаттың көшірмесі;
6) бар болса, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариалды расталған көшірмесі (бірінші өтінімді беру кезінде бір рет ұсынылады).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, оператордың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан көрсетілетін қызметті берушінің блогына шағым беру арқылы жүзеге асырылады.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошта мекенжайы, шағым берген күні көрсетіледі және көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.
Шағым берілген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасалатын лауазымды адамдардың және (немесе) қызметкерлердің лауазымы, тегі мен аты-жөні, жүгіну себептері және талаптары көрсетіледі.
Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар
12. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын адамдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) операторға жеке келу мүмкіндігі болмаған жағдайда өтінімді өкілі арқылы немесе поштамен жібере алады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында лифтіге отырғызуға арналған көшеден кіретін жеке есік және күту орындары көзделген.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында – www.minagri.gov.kz көрсетілген.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелер жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
   __________________________
«Кредиттер, сондай-ақ
технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
қосымша
Кредиттер/лизинг бойынша пайыздық сыйақы  
мөлшерлемесін субсидиялауға  
өтінім
  Қаржы институты:__________________________________________________________ 
   (қаржы институтының атауы)
  Кімнен:_________________________________________________________
  (қарыз алушының атауы)
  Кімге:__________________________________________________________
  (оператордың атауы)
Қатысушы туралы мәліметтер
 
1

Қарыз алушының атауы

2

Бірінші басшының Т.А.Ә.

3

Қарыз алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың нөмірі және күні (нөмірі, берілген жері мен күні, БСН/ЖСН)

4

ӘҚЖЖ бойынша қызметтің түрі

5

Заңды мекенжайы

6

Нақты мекенжайы

7

Б анк деректемелері

8

Байланыс телефондары

8

АӨК саласында алдыңғы алынған кредиттер бойынша субсидиялар, сондай-ақ техникалық жабдықтар және ауыл шаруашылығы техникалары бойынша лизингі туралы мәлімет (бар болса): шарт №, күні, сомасы, қаржы институтының атауы

Субсидиялауға жататын Кредит беру шарттары (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат  
  
КШ

(№ және күні )

Сомасы, теңге

Сыйақы мөлшерлемесі , %

Көрсетілген күнге негізгі қарыз бойынша борыш қалдығы

КШ қолданылу мерзімінің аяқталу күні

Кредит беру валютасы

1

2

3

4

5

6

7

2

3

4

Кредит берудің/лизингтің мақсаты*

Кредиттің/лизингтің нысанасы,

саны

Лизинг нысанасын өндіруші ел

8

9

10

1

2

3

*айналым қаражатын толықтыру/ негізгі қаражатты алу/ құрылыс/ технологиялық жабдықтарды және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу (керегін қою)
Осымен:
1) қарыз алушының кредиттік және лизингтік шарттары бойынша басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілмейтіні;
2) қаржылық берешегін және жеделдетілген сауықтыру рәсімін қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны расталады.  
  Қарыз алушының Т.А.Ә. және қолы ____________________________________
М.О.
Қаржы институтының бірінші басшысының Т.А.Ә. және қолы  
  _________________________________________________________________
М.О.
  Қаржы институтының өтінім берген күні 20___ ж. «____»_________  
  Оператордың өтінімді қабылдаған күні 20__ж. «____»___________
 
Өтінімді қабылдаған адамның Т.А.Ә. және телефон нөмірі

____________________________________________

   _______________________
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 
Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 қаңтардағы 1-бабы 14-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 қаулысымен бекітілген Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің 350 және 351-тармақтарына сәйкестендіру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары жағдайда күтілетін нәтижелердің, мерзім және болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/ немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

  1. «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 202 қаулысы;

  2. «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» және «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 150 қаулысында

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас ж емқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қ аржы және басқа да) с араптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жобасы www.minagri.gov.kz ресми сайтында «Қолдау және қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қолдау шаралары» бөлімшедегі « Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің жобалары» базасының « Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобалары » реестрында мынадай файлдың атауымен:

« Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты» 83,5 КБайт файлдың көлемімен.

Қазақстан Республикасының  
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
  
р / с

Қ ұрылымдық бөлік

Қолданыстағы редакция

Үсынылып отырған редакция

Негізгі

« Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы »

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 202 қаулысы

Қаулының атауы

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 қаңтардағы 1-бабы 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкестендіру мақсатында

1-тармақ

  1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

  1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидасын бекітілсін.

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларының тақырыбы

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидасы

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларының

1-тармақ

1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау бойынша агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің шығындарын 2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетте 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары» бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – бюджеттік бағдарлама) шеңберінде көзделген қаражат шегінде, ал келесі қаржы жылдары тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялау тәртібін айқындайды.

Осы Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидасын (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау бойынша агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің шығындарын тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялау тәртібін айқындайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 қаңтардағы 1-бабы 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкестендіру мақсатында

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларының

1-қосымша

Ауыл шаруашылығы өнімдері

өндірісін және нарығын басқару

жүйелерін субсидиялау

қағидаларына

1-қосымша

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидасына

2-қосымша

Ауыл шаруашылығы өнімдері

өндірісін және нарығын басқару

жүйелерін субсидиялау

қағидаларына

1-қосымша

«Бекітемін»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің

жауапты хатшысы

______________________________

20 жылғы «___» ________ № ____

Субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Р/с

Субси - дия

алушының

атауы

Барлық сомаға қызметтер көрсетілді (теңге)

Оның ішінде

Төленуге тиіс (теңге)

консультациялық

сертификаттық

Төленуге тиіс сома _______________________ теңге.

(цифрмен, жазбаша)

Департаменттің директоры ______________ __ ____

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидасына

1-қосымша

«Бекітемін»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің

жауапты хатшысы

______________________________

20 жылғы «___» ________ № ____

Субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Р/с

Субси - дия

алушының

атауы

Барлық сомаға қызметтер көрсетілді (теңге)

Оның ішінде

Төленуге тиіс (теңге)

консультациялық

сертификаттық

Төленуге тиіс сома _______________________ теңге.

(цифрмен, жазбаша)

Құрылымдық бөлімшесінің басшысы ______ __ ____

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 қаңтардағы 1-бабы 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкестендіру мақсатында

« Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы »

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін ің 351 реттік номер жолын

351.

01301002

Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Жеке және заңды тұлғалар

АШМ

АШМ

АШМ

Тегін

Қағаз түрінде

351.

01301002

Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Жеке және заңды тұлғалар

АШМ

АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

«Казагромаркетинг» АҚ

Тегін

Қағаз түрінде

« Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» және «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 150 қаулысында

Қаулының атауы

«Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» және «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

«Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» және «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін ің 350 және 351 тармақтарына сәйкестендіру мақсатында

1-тармақ

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау»;

2) «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартарды бекітілсін.

«Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау – тиісті қаржы жылының сәуір айының бірінші сейсенбісінде басталады.

Тиісті жылы көзделген субсидиялар толығымен бөлінбеген және (немесе) құжаттарға алдыңғы қарау жүргізу қорытындылары бойынша қаражат үнемделген жағдайда, құжаттарды қайта қарау тиісті жылдың шілде және қазан айларының бірінші сейсенбісінде басталады;

субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аудару – қаражатты республикалық бюджеттен қаржы институтының есепшотына аударуға арналған өтінімді және есепті көрсетілетін қызметті алушының қаржы институты ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аудару.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жылға арналған субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінім;

2) кредитті (лизингті) өтеу және олар бойынша пайыздарды төлеу кестесі қоса берілген қаржы институты мен көрсетілетін қызметті алушының арасында жасалған кредиттік келісімнің және (немесе) алдын ала кредиттік келісімнің қаржы институты куәландырған көшірмесі;

3) кредиттің (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын растайтын тиісті құжаттардың (шарттардың, келісімшарттардың, актілердің) қаржы институты куәландырған көшірмелері;

4) өзі өндірген ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімінің жеке меншік өндіріс көлемі туралы көрсетілетін қызметті алушының анықтамасы;

5) кредит (лизинг) алғаны туралы көрсетілетін қызметті алушының несие шотынан алынған үзінді көшірменің қаржы институты куәландырған көшірмесі немесе қарыз, лизинг мәнін алғанын растайтын құжат;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының қысқаша сипаттамасы;

7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы жобасының қысқаша сипаттамасы;

8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының әрбір кредиті (лизингі) бойынша сыйақы есебі;

9) көрсетілетін қызметті алушының салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы немесе болуы туралы тиісті салық органы белгілеген нысандағы анықтамасының көшірмесі. Анықтаманы беру күні айқындау жүргізілген күннің алдындағы үш айдан артық болмауы, оған салық органының мөрімен бірге, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар адамның қолы қойылуы тиіс;

10) комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылармен кредиттік келісімдер жасасу және көрсетілетін қызметті алушыларға кредит беру туралы қаржы институтының жазбаша міндеттемесі;

11) егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда, басқа тұлғаға қол қою құқығына сенімхаттың немесе бұйрықтың көшірмесі;

12) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаны (қаржы институтын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесі;

13) банк қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі (лизингтік компаниялардан басқа).

Осы тармақта көрсетілген құжаттар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайда орналасқан комиссия хатшысына құжаттарды қарау күні сағат 12.00-ге дейін тапсырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

2) www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан көрсетілетін қызметті берушінің блогына шағым беру арқылы жүзеге асырылады.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошта мекенжайы, шағым берген күні көрсетіледі және көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

Шағым берілген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасалатын лауазымды адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөні, жүгіну себептері және талаптары көрсетіледі.

Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар

12. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жеке келу мүмкіндігі болмаған жағдайда өтінімді өкілі арқылы немесе поштамен жібере алады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында лифтіге отырғызуға арналған көшеден кіретін жеке есік және күту орындары көзделген.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 715-кабинет, телефоны 8 (7172) 55-57-84.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелер жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған

кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы

мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

ӨТІНІМ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «___» _____ № ____ қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын қарап, _____________________________________________

(қаржы институтының толық атауы)

213 «Қайта өңдеу өндірісін дамыту» бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу» кіші бағдарламасы бойынша субсидияларды алуға қатысуға ниет білдіреді.

Осы өтінім көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдер портфелі туралы мәліметтерді қамтиды

Р/с

Көрсетілетін қызметті алушының толық атауы

Мекенжайы

Негізгі қызмет түрі

Кредиттің мақсаты

Кредит сомасы, млн. теңге

Кредиттің қолданылу мерзімі, айы

Бірінші басшы _________________________ (Т.А.Ә)

(қолы)

М.О. (күні)

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы

мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушының қысқаша сипаттамасы*

1. Толық атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны __________________________________________

2. Меншік нысаны ____________________________

3. Заңды, іс жүзіндегі және электрондық мекенжайлары, телефондары, факсы ____________________________________________

4. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (ЖСН), куәлікті немесе анықтаманы берген орган (нөмірі, күні мен берілген орны) ______________________________________________

5. Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары___________________________________

6. Негізгі қызмет түрі (ЭҚЖЖ бойынша), кәсіпорынның қуаты __________________________

7. Пайдаланылатын жабдықтардың негізгі түрлері және олардың өнімділігі (ауысымында тонна, литр, дана) ____________________________

8. 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу» кіші бағдарламасы бойынша субсидиялар алуға қаржы институты берген кредиттер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы және басқа сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламалары шеңберінде субсидияланған жоқ.

Көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы _______ (Т.А.Ә.)

(қолы)

М.О. (күні)

________________________ туралы мәліметтерді*

(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

растаймын: _________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі) (қолы)

Ескертпе:

* Әрбір көрсетілетін қызметті алушы бойынша жеке толтырылады

** Мәліметтер көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсететін қаржы институты немесе оның филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушы жобасының қысқаша сипаттамасы*

1. Көрсетілетін қызметті алушының атауы ______________________________________________

2. Кредиттің (лизингтің) сомасы, теңге/АҚШ долл./евро _________

3. Кредит (лизинг) беру мерзімі, айы ______________________________________________

4. Сыйақы мөлшерлемесі, % __________________

5. Жобаның мақсаты ___________________________________________________________________________________________

Р/с№

Сатып алынатын ауыл шаруашылығы шикізатының, материалдарының, жабдықтарының және т.б. атауы

Бағасы

Саны

Сомасы

Көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы _____________ (Т.А.Ә.)

(қолы)

М.О. (күні)

________________________туралы мәліметтерді**

( көрсетілетін қызметті алушының атауы )

растаймын : _______________________ ( лауазымы , Т . А . Ә ., мөрі ) ( қолы )

Ескертпе:

* Көрсетілетін қызметті алушының әрбір кредиті бойынша жеке толтырылады

** Мәліметтер көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсететін қаржы институты немесе оның филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады .

Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған

кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы

мөлшерлемесін өтеу бойынша субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша

Қаржы институты субсидиялауға беретін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы есептемесі _______ жылғы __________ № _______ (кредиттік келісімнің нөмірі және күні)

Айы

Кредиттің сомасы/20__ жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредит (лизинг) бойынша несие берешегінің қалдығы, теңге/АҚШ долл./евро

Кредит (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, %

Негізгі борышты өтеу сомасы, теңге/АҚШ долл./евро

Сыйақыны өтеу сомасы, теңге/АҚШ долл./евро

Бірінші

Екінші

Үшінші

Төртінші

Бесінші

Алтыншы

Жетінші

Сегізінші

Тоғызыншы

Оныншы

Он бірінші

Он екінші

Жиыны:

Қаржы институты филиалының бірінші басшысы ________________________ (қолы, Т.А.Ә.)

М.О. (күні)

Көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы _______________________ (қолы, Т.А.Ә.)

М.О. (күні)

«Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) қабылдайды.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:

1) қызмет алушының құжаттар пакетін тапсыру мерзімі – субсидиялау шартына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі үшін ақша аударуға өтінімді алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күн;

2) қызмет алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аудару.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің және оператордың жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшаға сәйкес қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қоюы және қаржы институтының мөрімен бекітілген нысан бойынша өтінім.

2) қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген кредиттік шарттың қаржы институты растаған көшірмесі;

3) кредиттің (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын растайтын қарыз алушының тиісті құжаттарының (шарттар және/немесе келісімшарттар, және/немесе актілер) қаржы институты растаған көшірмесі;

4) кредитті алғаны туралы қарыз алушының несие шотынан үзінді көшірменің қаржы институты растаған көшірмесі (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат;

5) егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысы қол қоймаған жағдайда, басқа адамның қол қою құқығына бұйрықтың немесе сенімхаттың көшірмесі;

6) бар болса, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариалды расталған көшірмесі (бірінші өтінімді беру кезінде бір рет ұсынылады).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды, оператор адамдарының және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, оператордың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;

2) www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан көрсетілетін қызметті берушінің блогына шағым беру арқылы жүзеге асырылады.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошта мекенжайы, шағым берген күні көрсетіледі және көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

Шағым берілген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасалатын лауазымды адамдардың және (немесе) қызметкерлерінің, тегі мен аты-жөні, жүгіну себептері және талаптары көрсетіледі.

Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

12. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын адамдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) операторға жеке келу мүмкіндігі болмаған жағдайда өтінімді өкілі арқылы немесе поштамен жібере алады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында лифтіге отырғызуға арналған көшеден кіретін жеке есік және күту орындары көзделген.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында – www.minagri.gov.kz көрсетілген.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелер жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

«Кредиттер, сондай-ақ

технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы

техникасының лизингі бойынша

сыйақы мөлшерлемелерін

субсидиялау» мемлекеттік

қызмет көрсету стандартына

қосымша

Кредиттер/лизинг бойынша пайыздық сыйақы

мөлшерлемесін субсидиялауға

өтінім

Қаржы институты:___________________________________

(қаржы институтының атауы)

Кімнен:_____ _______ __________________________

(қарыз алушының атауы)

Кімге:_______________________________________

(оператордың атауы)

  1. Қатысушы туралы мәліметтер

1

Қарыз алушының атауы

2

Бірінші басшының Т.А.Ә.

3

Қарыз алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың нөмірі және күні (нөмірі, берілген жері мен күні, БСН/ЖСН)

4

ӘҚЖЖ бойынша қызметтің түрі

5

Заңды мекенжайы

6

Нақты мекенжайы

7

Б анк деректемелері

8

Байланыс телефондары

8

АӨК саласында алдыңғы алынған кредиттер бойынша субсидиялар, сондай-ақ техникалық жабдықтар және ауыл шаруашылығы техникалары бойынша лизингі туралы мәлімет (бар болса): шарт №, күні, сомасы, қаржы институтының атауы

  1. Субсидиялауға жататын Кредит беру шарттары (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат

КШ

(№ және күні )

Сомасы, теңге

Сыйақы мөлшерлемесі , %

Көрсетілген күнге негізгі қарыз бойынша борыш қалдығы

КШ қолданылу мерзімінің аяқталу күні

Кредит беру валютасы

1

2

3

4

5

6

7

2

3

4

Кредит берудің/лизингтің мақсаты*

Кредиттің/лизингтің нысанасы,

саны

Лизинг нысанасын өндіруші ел

8

9

10

1

2

3

*айналым қаражатын толықтыру/ негізгі қаражатты алу/ құрылыс/ технологиялық жабдықтарды және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу (керегін қою)

Осымен:

1) қарыз алушының кредиттік және лизингтік шарттары бойынша басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілмейтіні;

2) қаржылық берешегін және жеделдетілген сауықтыру рәсімін қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны расталады.

Қарыз алушының Т.А.Ә. және қолы ____________

М.О.

Қаржы институтының бірінші басшысының Т.А.Ә. және қолы ______________________________

М.О.

Қаржы институтының өтінім берген күні 20___ ж. «____»_________

Оператордың өтінімді қабылдаған күні 20__ж. «____»___________

Өтінімді қабылдаған адамның Т.А.Ә. және телефон нөмірі

____________________________________________

«Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 қаулысына сәйкестендіру мақсатында

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының тақырыбы

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің 350 және 351 тармақтарына сәйкестендіру мақсатында

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының

1-тармақ

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің 350 және 351 тармақтарына сәйкестендіру мақсатында

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының

қосымша

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін

басқару жүйелерін субсидиялау»

емлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

«Ауыл шаруашылығы өнімін

өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін ің 350 және 351 тармақтарына сәйкестендіру мақсатында

Министр А. Мамытбеков