Дәрілік заттарды қайта бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 11 шілдедегі № 390 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 қаулысымен бекітілген Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесінің 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен қабылдау-беру актісі бойынша дәрілік заттарды «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі берсін, «Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы» және «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемелері қабылдасын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен қабылдау-беру актісі бойынша дәрілік препаратты «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі берсін, «Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қабылдасын.
3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен қабылдау-беру актісі бойынша дәрілік препаратты «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі берсін «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінін төрайымы Л.М. Ахметниязоваға жүктелсін.
Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Б. Төкежанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 11 шілдедегі
№ 390 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 11 шілдедегі
№ 390 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 11 шілдедегі
№ 390 бұйрығына 3-қосымша