• Мое избранное
«Отандық тыңайтқыш өндірушілер тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Отандық тыңайтқыш өндірушілер тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 1 шілдедегі № 6765 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі
2014 жылғы 11 маусымдағы
№ 19-06/01-2-2736 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ  
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Отандық тыңайтқыш өндірушілер тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнің бұйрық жобасын қарап, келесі ескертуді жолдаймыз.
  Жобаның 7-тармағына сәйкес өндірушілер (өтініш берушілер) тізімге енгізу үшін уәкілетті органға заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін тапсырады (жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі).
Сонымен бірге, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша тіркеуші орган беретін анықтама заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгенін (қайта тiркелгенін) растайтын құжат болып табылады. Осыған байланысты, Жобаның 7-тармағын Заңға сәйкес келтіру қажет.
  Жобаның 12-тармағына сәйкес Өндірушіні (өтініш берушіні) Тізімге енгізуден бас тартуын уәкілетті орган өтінім келіп түскеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде жолдайды.
   Алайда, тармақта уәкілетті орган енгізуден бас тартуын нақты қай органға жолдайтыны көрсетілмеген. Осыған орай, Жобаның 12-тармағында осыны көрсету қажет.
  3. 14-тармаққа сәйкес Тізімге енгізілген Өндірушілер күнтізбелік жылдың 15 қарашасынан бастап 15 желтоқсанға дейін Комитетке жаңартылған құжаттарды жолдайды.
   Сонымен бірге, Жобада «Комитет» деген ұғым жоқ. Осыған байланысты, Жобада құжаттар нақты қай Комитетке жолданылатынын көрсету қажет.  
  4. Бұдан басқа, Жобаны 4-бөлімде көрсетілген тізімді жаңартуға қатысты ережелермен толықтыру қажет. Атап айтқанда, жолдау мақсаттары, құжаттар қандай себептермен тізімге жолданылады.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының негізінде сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, дәлелді жауап жіберуді сұраймыз.
  Басқарма мүшесі Е. Никитинская