• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 773 Жарлығы

Осы редакция 25.07.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 13.03.2012 жылғы № 281 (өте құпия) Жарлығымен 22.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі туралы ереже; 
2) өте құпия; 
3) өте құпия бекітілсін.
2. Өте құпия. 
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Президенті                                     Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2009 жылғы 26 наурыздағы
 N 773 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі туралы
ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2011 жылғы № 126 Жарлығымен (26.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 03.05.2013 жылғы № 559 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі - «Сырбар» қызметі) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті мен Үкіметін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында барлау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының, арнаулы мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Сырбар» қызметі өз іс-қимылын Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Сырбар» қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған өзінің атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Сырбар» қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға жеке өз атынан қатысады.
5. «Сырбар» қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Сырбар» қызметі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырбар» қызметі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Сырбар» қызметінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. «Сырбар» қызметінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
9. «Сырбар» қызметінің толық атауы - «Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Сырбар» қызметінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Сырбар» қызметінің іс-қимылын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. «Сырбар» қызметіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сырбар» қызметінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуін тыйым салынады.
Егер «Сырбар» қызметіне кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңнамалық актілерде берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. «Сырбар» қызметінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. «Сырбар» қызметінің миссиясы:
барлау ақпаратына қол жеткізу, өңдеу және пайдалану жөнінде барлау қызметін жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделеріне орай мемлекет жүзеге асыратын шараларды іске асыруға жәрдемдесу.
14. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін, Үкіметін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын және ұйымдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) елдің экономикалық дамуына және ғылыми-техникалық прогресіне және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін әскери-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
4) барлау ақпаратына қол жеткізу және шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдары, террористік және экстремистік ұйымдар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар), сондай-ақ жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне нақты және ықтимал нұқсан келтіруді болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру;
5) Қазақстан Республикасы заңдарында және Президентінің актілерінде айқындалған өзге де міндеттер болып табылады.
15. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде барлау қызметін жүзеге асыру;
2) барлау ақпаратына қол жеткізу, оны жинақтау, талдау, жүйелеу және қорыту, оның негізінде ұсыныстар, бағалау мен болжамдар дайындау;
3) Қазақстан Республикасының, Президентіне, Парламенті мен Үкіметіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және ұйымдарына барлау ақпаратын беру;
4) өз күштерін, құралдары мен ақпараттарын заңға қайшы іс-әрекеттер мен қатерлерден қорғау жөніндегі шараларды іске асыру;
5) жүзеге асырылатын барлау қызметінің стратегиясын және тактикасын әзірлеу;
6) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттарды дайындауға, заң жобалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
7) Қазақстан Республикасының халықаралық, оның ішінде сыртқы барлау саласындағы міндеттемелерін орындау;
8) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, үкіметтік және арнайы байланыс органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен байланыстар орнату, сақтау және дамыту;
9) радиотехникалық және радиоэлектрондық барлауды жүзеге асыру;
10) сыртқы барлау субъектілеріне жасырын көмек көрсететін адамдарды, оның бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайларының және көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін шифрлау жөніндегі шараларды іске асыру;
11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өз объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, физикалық және инженерлік-техникалық қорғалуын жүзеге асыру, сондай-ақ оларда жөндеу, құрылыс және өзге де жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуді келісу;
12) өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;
13) қызметке немесе жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеу, арнайы тексеруден өткізу, кадрға есепке алынған қызметкерлер мен жұмыскерлерге мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратқа рұқсат беруді ресімдеу (қайта ресімдеу), Қазақстан Республикасының оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде, сондай-ақ басқа мемлекеттердің оқу орындарында, оның ішінде арнаулы оқу орындарында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;