• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
"Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.11.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 369 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 шілдеде № 9634 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 3 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 14.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-130/2020 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 25-тармақшасына және 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізіліміне № 5906 болып енгізілді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткiзу ережесi, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М.Ахметниязова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен одан бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 369 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 6 қарашадағы
№ 660 бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленді және оны өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Аттестаттауға денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және олардың орынбасарлары (медициналық білімі бар), сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары (бұдан әрі - аттестатталатын адамдар) жатады.
3. Аттестаттауды объективті және құзыретті жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы (бұдан әрі - жергілікті мемлекеттік орган) аттестаттау комиссияларын құрады.
4. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады: тестілеу және әңгімелесу.
2. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру
5. Аттестаттауды өткізуге дайындық мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) аттестатталатын адамдарға қажетті құжаттарды дайындау;
2) аттестаттауды өткізу кестелерін әзірлеу және бекіту;
3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;
4) аттестаттауды өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;
5) аттестаттауды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей аттестатталатын адамдарды оны өткізу мерзімі туралы жазбаша хабардар ету;
6) аттестаттауға жататын адамдардың құжаттарын қабылдауды және талдауды жүзеге асыру.
6. Уәкілетті органның басшысы уәкілетті органның немесе жергілікті мемлекеттік органдардың кадр қызметі ұсынған ақпарат негізінде бұйрық шығарады, онда аттестаттауға жататын адамдардың тізімі бекітіледі, аттестаттауды өткізу мерзімі және аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі белгіленеді.
Жергілікті органының басшысы кадр қызметінің ұсынысы бойынша бұйрық шығарады, онда аттестаттауға жататын адамдардың тізімі бекітіледі, аттестаттауды өткізу мерзімі және аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс істеу кестесі белгіленеді.
7. Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының кадр қызметкері аттестаттау үшін аттестаттау комиссиясына әрбір аттестатталатын адамға қатысты мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша органның басшысы қол қойған, қызметтік мінездеме;
2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
3) өмірбаян;
4) білімі туралы дипломның көшірмесі;
5) соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру циклдарынан өткені туралы куәліктердің көшірмелері;
6) ғылыми дәрежесінің, атағының бар екендігі туралы (олар болған кезде) куәліктердің көшірмелері;
7) маман сертификатының көшірмесі;
8) еңбек кітапшасының немесе жұмыс өтілін растайтын өзге де құжаттардың көшірмесі. 
8. Аттестаттау комиссиясының хатшысы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталатын адамға аттестаттау парағын ресімдейді.
3. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары мен орынбасарларына аттестаттау өткізу тәртібі
9. Тестілеуді уәкілетті орган өткізеді.
10. Тестілеу компьютерде жүргізіледі (100 сұрақ).
11. Тестілеу кезінде аттестатталатын адам сөйлесуге және тест өткізілетін үй-жайдан шығып кете алмайды.
12. Қанағаттанарлықсыз күйдегі аттестатталатын адамдар тестілеу кезінде тест басталғанға дейін уәкілетті органның маманына ол туралы хабарлайды.
13. Тест тапсырмаларын орындауға бөлінген жалпы уақыт - 90 минут.
14. Тесті орындауға бөлінген уақыт өткеннен кейін бағдарлама автоматты түрде жабылады.
15. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын санау автоматты түрде компьютерге салынған бағдарламаның көмегімен жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері принтерде екі данада басып шығарылады, оның бірі аттестатталатын адамға беріледі. 
16. Сұрақтардың жалпы санынан кемінде 70% дұрыс жауап алған жағдайда аттестатталатын адам үшін тестілеу нәтижесі теріс деп саналады.
17. Тестілеуден өту кезінде теріс нәтиже алған аттестатталатын адам аттестаттаудың екінші кезеңіне (әңгімелесуге) жіберілмейді және қайта тестілеу осы Ережеде айқындалған тәртіппен бастапқы тестілеу өткен күннен бастап алты айдан кейін өткізіледі.
Тестілеу нәтижесі бойынша қайта тестілеуден өтетін адамдар үшін шешім, аттестаттауды өткізетін уәкілетті органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
18. Қайта тестілеуден өтпеген аттестатталатын адамдар аттестатталмаған болып танылады.
Өткізілген тестілеудің қорытындылары бойынша аттестатталатын адамдардың тестілеу нәтижелерін аттестаттау комиссиясына әңгімелесуді өткізу үшін тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей жолдайды (қағаз және электрондық жеткізгіштерде).