• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің м.а. 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 384/НҚ бұйрығы

Осы редакция 26.06.2014 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
 «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
 1. Қоса беріліп отырған:
 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
 2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды;
 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
 Министрдің міндетін атқарушы  С. Нокин 
 Қазақстан Республикасы
 Өңірлік даму министрінің
 2013 жылғы 20 желтоқсандағы
 № 384/НҚ бұйрығына
 1-қосымша
  «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті 
1. Жалпы ережелер 
 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған).
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі порталда көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында іздестіру қызметіне лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру немесе электрондық түрде өтініш берген жағдайда электрондық құжат нысанында не өтінішті қағазда берген жағдайда қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен расталады.
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 қаулысымен бекітілген «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 4-тармағымен белгіленген.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті   берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл   тәртібінің сипаттамасы 
 5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сауалы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
 1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушылардан тікелей портал немесе «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі (ақпараттық жүйе) орталықтары арқылы түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған сұрауды (бұдан әрі - сауал) түскен күні тіркеуі;
 Өтініш қағаз жеткізгіште түскен жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері қағаз жеткізгіште ұсынылған материалдардың сканерден өткізілген көшірмелерімен бірге өтінішті ақпараттық жүйеде тіркейді;
 2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің (қызметкерлерінің) ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексеруі, ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда сұрауды одан әрі қараудан бас тартуы;
 3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің (қызметкерлерінің) ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, қолда бар лицензияның шеңберінде лицензия немесе лицензияға қосымша берген кезде лицензиялық бақылауды бес жұмыс күнінің ішінде жүзеге асыруы;
 4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің осы регламетке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылған лицензиялық бақылаудың нәтижелері бойынша қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) дайындауы және оны бір жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімше басшысының қол қоюына жіберуі;
 5) құрылымдық бөлімше басшысының қорытындыға келіп түскен күні оған қол қоюы;
 6) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің лицензиялық бақылау жүзеге асырылған, қорытындының сканерден өткізілген көшірмесі қоса берілген сұрауды бір жұмыс күнінің ішінде өңдеуі және одан әрі қарау үшін өңделген сұрауды көрсетілетін қызметті алушыға жіберуі;
 7) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне жіберілген сұрауды бір жұмыс күнінің ішінде тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын таңдауы;
 8) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінен түскен сұрауды лицензиялық комиссияның отырысына бір жұмыс күнінің ішінде дайындауы;
 9) лицензиялық комиссияның сұрауға қоса берілген материалдардың біліктілік талаптарына және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қорытындысына сәйкес келуін бір жұмыс күнінің ішінде қарауы;
 10) сұраудың біліктілік талаптарына сәйкестігін қараудың қорытындылары бойынша лицензиялық комиссиясы отырысының хаттамасын бір жұмыс күнінің ішінде бекіту;
 11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының оң нәтижелері бар сұрауды не дәлелді бас тартуы бар сұрауды көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюына бір жұмыс күнінің ішінде жіберуі;
 12) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының сұрауға түскен күні қол қоюы.
 Басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылармен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттамасы осы Регламенттің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген.
  7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
 1) кіріс нөмірі бар тіркелген сауал;
 2) ұсынылған құжаттардың толықтығы;
 3) лицензиялық бақылау жүргізуді растайтын құжаттың болуы;
 4) қорытынды;
 5) оң нәтиже болған кезде барлық қажетті деректемелер көрсетілген қорытынды тіркелген сауал не теріс нәтиже болған кезде қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту көрсетілген және қорытынды тіркелген сауал;
 6) кіріс нөмірі бар тіркелген сауал;